Home » Ашық сабақтар » Каримова Зарина. Ана- біздің күніміз!

Каримова Зарина. Ана- біздің күніміз!

       Каримова Зарина Атамовна,
                                  Алматы облысы, Еңбекші қазақ ауданы,
Есік қаласы,
                             «Айжан» балабақшасының тәрбиешісі

 

Безендірілген залға ұлдар қолдарына гүл ұстап, залға кіреді. Ұлдар әдемі сөздерімен тобымыздың қыздарын ортаға шақырады.

Қыздарға гүлдерін сыйлап орындарына барады.

Жүргізуші: Ана десем сезім билер тым ыстық,

Жарасады адамдарға туыстық.

Бар адамға берсе аналық мейірімін.

Орнар еді бар әлемде тыныштық, -дей келе

Құрметті қонақтар, аяулы әжелер, аналар, қызғалдақ қыздар!

Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып 8- наурыз аналар мерекесі де келіп жетті. Осындай мерекенің орны қай кезде де бөлек. Ана- әр отбасының алтын діңгегі. Бүгінгі «Жалын» ортаңғы тобының «Ана- біздің күніміз!» атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады.

Балалардың орындауында  әнімізді қабыл алыңыздар.

Ән: «Алтын аналар»

Жүргізуші: Бүгін Наурыздың сегізі.

Сұлулықтың егізі,

Әдемі сөз адамның,

Анаға айтар лебізі,-

дей келе балаларымыздың тақпақтарын қарсы алаыңыздар.

Дархан: Мәпелеп мені өсірген.

Ризамын мен өзіңе,

Ана деген керемет,

Сыйлап өтем өмірде.

Мөлдір: Менің әжем бұл әже,

Айтқан сөзім дәл әжем.

Аман болса көреді,

Қызығымды әлі әже.

Амина: Бәрімізге анасың,

Біз үшін күн боп жанасың.

Құтты болсын мейрамың.

Құттықтаймын анашым.

Бекболат: Аспандағы айымсың,

Бақытыма балаған.

Құтты болсын мерекең,

Айналайын жан анам.

Жүргізуші:  Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Көктем мезгілінде аспанда не жарқырап тұрады? Бізге жылулығын беретін не?  Ендеше қонаққа жарқыраған күнімізді шақырайық!

(Көңілді әуенмен залға Күн  кіріп келеді).

Күн:  Таңмен көзімді ашып,
Әлемге нұрымды шашамын.
Мен шуақты алтын Күн
Жарқыраймын көк аспанның төрінде.

Көңіл күйлерің қалай? Қандай мерекені тойлап жатсыңдар?

Жүргізуші: Қош келдің, Күн! Сізге арналған балаларымыздың тақпағын қарсы алыңыз.

Бақыт: Отпустили холода

К нам пришла весна красна,

И на даром мамин праздник,

Из весенних самый раний.

Айсана:  Ақ сүт берген балаңа,

Күш- жігерін жұмсаған.

Бұл өмірде жан ана

Тең келеді кім саған.

Амир:  Құтты болсын ақ анам,

Сегізінші наурызың,

Қасымда бол әрқашан,

Жансын жарық жұлдызың.

Тілейді бақыт бір саған

Әлпештеген ұл- қызың.

Мейірлан: Көктем болды алақай,

Қуанар барлық балақай,

Көктемде жаңбыр болады.

Бақшаға гүлдер толады.

Күн:  Жарайсыңдар балалар! Балалар мен құр қол келген жоқпын, өз жылулығымды сендерге бергелі келдім. (Балалар күнмен бірге түрлі- түсті ленталарды ұстап шеңбер бойымен айналады.)

Күн:  Көктем келді! Көктем келді! (Көңілді әуенмен Көктем ханшайымы кіріп келеді)

Көктем ханшайымы:  Сәлеметсіздерме қонақтар,

Сәлеметсіңдерме балалар.

Асыр салып қуанып,

Көптен күткен көктеммін,

Сіздер айтқан өлеңмен,

Мен тербеліп жеткенмін.

Жүргізуші:   Қош келдің, Көктем ханшайымы!  Біздің балаларымыздың сізге дайындаған «Көктем» әнін қарсы алыңыз.

Жүргізуші: Балаларымыздың орындауындағы тақпақтарды қарсы алыңыздар!

Нұрахмет: Мен анамды сүйемін,

Сөзін ойға түйемін,

Анашымды ардақтап,

Басымды оған иемін.

Айғаным: Еркелеттің асырадың,

Мойыныңа асыламын.

Аман болшы, ардақты анам.

Мен әрқашан қасыңдамын.

Нұрали: Әлпештеген аялаған,

Ақ сүт берген апатайым,

Өлең айтып бүгін саған,

Мейрамыңмен құттықтаймын.

Айшабибі:  Менің әжем гүл әжем,

Алтын әжем күн әжем,

Анам үшін мен үшін

Нағыз ана тілі әжем.

Ильяс: Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз,
Аналардан тарайды
Біздің ана тіліміз.

Көктем ханшайымы: Балалар менімен ойын ойнағыларың келе ме? Ендеше ойынымыздың аты  «Кім тез гүл тереді»

Шарты: Балалар шашылып жатқан гүлді екі топқа бөлініп, тез жинау керек.

Жүргізуші:  Жарайсыңдар балалар! Ал енді балалардың тақпақтарын қарсы алыңыздар!

Рамазан:   Ақ жаулықты әжемді,

Ай жүзіне теңедім.

Мейірімің таусылмас,

Күн нұрына теңедім.

Арлан: В добрый день, восьмое марта,

Мамам нашим шлем привет,

«Мама» слова дорогое

В слове этом жизнь и свет.

Қуаныш:  Анамыздың мерекесі,

Келіп калды жақындап.

Көңілін қалай тапсам деп

Ойлап жүрмін күні- түні

Асылбек:  Ана- пана,

Ана- дана,

Өмірге әкелетін

Ана ғана.

Нұрдина: Бал бөбегін баптаған,

Анам үшін мақтанам,

Аялайтын біздерді

Көп жасасын ақ мамам.

Жүргізуші:   Көктем келсе табиғат құлпырады,

Жүректерге ғажайып сыр тұнады,

Гүлге толып айнала күн жарқырап,

Жанарларда қуаныш нұр тұрады, – дей келе қыздарымыздың орындауында  биді қарсы алыңыздар!

Би: «Көктемгі гүлдер»

Жүргізуші:   Ақ қар еріп су көбейіп,

Сай салады ағады,

Бүршік шашып, жапырақ ашып,

Гүл бейшешек басады.

(Музыка әуенімен Бәйшешек кіріп келеді)

Бәйшешек: Армысыңдар балақайлар!

Мол шуақты ала келдім,

Қуаныңдар балақайлар.

Мен құлпырған бәйшешекпін,

Келіп жеттім көктемменен.

Жүргізуші:  Қош келдің, Бәйшешек!

Бәйшешек: Балалар қазір мен сендермен және сендердің аналарыңмен ойын ойнаймыз. Ойын:«Ана мен бала»

Шарты:   Аналарының көздері байланады, сипау сезіну арқылы өз балаларын табу керек.

Жүргізуші: Бар  мейірімділік анада

Ана деген бір жанды,

Мейрімділік ананың

Болмас ешбір адамда,-

дей келе балалардың орындауында « Mothers day» ағылшын әні.

Тақпақтар:

Айсұлтан:  Аялаған анашым,

Мәпелеген анашым,

Менің саған тілегім,

Қартаймашы анашым.

Айлин:  Әр сөзімді жаттаған,

Жүрегімде сақтаған,

Анашым деп мақтанам,

Айналайын ақ анам.

Адина: Жарқын жүзді анашым,

Сендей болсын бар адам,

Сендей болса бар адам,

Шаттық кетпес баладан.

Игорь: Знаешь мама, день обычный

Без тебя нам не прожить!

Слово мама так привычно,

С первых дней нам говорить!

Жүргізуші:  Жарайсыңдар балалар!

Баға жетпес ақылдың сынығысың

Мөлдір таза бұлақтың тұнығысың,

Күндей ашық айдай көңіліңді,

Жүрегімді нұрға бөлер жыр ұғынсын,- дей келе балалардың орындауында  «Апатайым анашым» әні:

 Көктем ханшайымы:  Мен аналарға арнап өз сыйлығымды ала келдім. Бақшамның әдемі гүлдерін.
(Гүл сыйлау)
Жүргізуші:  Құрметті қонақтар, ата-аналар!
Осымен бүгінгі ертеңгілімізді аяқтауға рұқсат етіңіздер.
Қош сау болыңыздар!

 

 

                                          

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.