Ата-аналарға психологиялық кеңес
Құрметті ата – аналар!
Сіздерге біздің көзқарасымыз бойынша өз балаңызбен қалай қарым-қатынас жасау жөніндегі ұсынысымыз:
• Балаңыздың жасаған қылықтарына өте сабырлықпен, ұстамды түрде қараңыз;
• Баланың жас ерекшелігін ескеріңіз (сіздің қызыңыз немесе ұлыңыз жасөспірімдік кезеңді бастан өткереді);
• Балаға өз бетінше шешім қабылдауға рұқсат беріңіз. Өз дегеніңізді жасауға мәжбүр етпеңіз, оған кеңес беріңіз;
• Іс-әрекетін бақылаңыз, ойын жүзеге асыруға қолдау көрсетіңіз. Есею сезімі ол үшін қазіргі уақытта ең маңызды болып табылады;
• Өз балаңызды жақсы көріңіз!
Ата-аналарға ұсыныстар:
1. Ешқашан баланы ренішті көңіл-күймен тәрбиелемеңіз.
2. Балаға нақты түсіндіріп айтыңыз, сізге не қажет екенін, осы жағдай туралы не ойлайтынын біліңіз.
3. Өз бетінше шешім қабылдауға үйретіңіз, тәрбиелеңіз, бірақ әр басқан қадамын қадағаламаңыз. Тәрбиені қамқорлықпен шатастырмаңыз.
4. Дайын шешім туралы айтпаңыз, әр нәрсенің шешімін табуға бағыт көрсетіңіз. Мақсатқа жету жолында ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін түсіндіріңіз.
5. Мақсатқа қол жеткізудің бірінші кезеңін өткізіп алмаңыз.
6. Уақытында ескерту жасаңыз, жасаған іс-әрекетін бағалаңыз, өз бетінше ойлануға уақыт беріңіз.
7. Ең бастысы, әрекетін бағалау емес, жеке басын бағалау.
8. Өз қатесін түсінуге мүмкіндік беріңіз, асығыстық жасамай, сенімділік танытыңыз.
9. Тәрбиеде қатал және мейірімді болыңыз!
Баланың ата-анаға кеңесі:
• Сіздер мені еркелетіп бұзбаңыздар. Мен өте жақсы білемін, ол міндеттердің бәрі маған айтылған. Мен тек қана сіздерді тексеремін.
• Менен қатты қорықпаңыз. Дәл осы тәсіл маған ұнайды. Бұл маған өз орнымды анықтауға көмектеседі.
• Қолыңыздан келмесе, уәде бармеңіз. Бұл менің сізге деген сенімімді жоғалтады.
• Бөтен адамдардың алдында мені түзетуге тырыспаңыз. Егер сіз маған бәрін тыныш, оңаша, жай ғана түсіндірсеңіз, сіздің ескертуіңізде көп көңіл бөлемін.
• Қақтығыс қызған кезде менің мінез-құлқымды талқылауға тырыспаңыз. Бұл уақытта менің сіздермен ынтымақтасуға, ескертуді тыңдауға деген қабілетім өте аз. Жақсы әңгіме кейінірек.
• Әрі қарай маған тәрбиелеп, натация оқуға тырыспаңыз. Ненің жақсы, ненің жаман екенін білетінімді естіген кезде сіз таң қалмаңыз.
• Бір нәрсені қазбалап айқайламаңыз. Өзімді қорғау үшін ескертулерге мән бермеймін.
• Менің адалдығыма аса көп күмән келтірмеңіз. Қорыққаннан менің өтірікшіге айналуым оңай.
• Ашық сұрақ қойған кезде менен алыстамаңыз. Әйтпесе, мен сұрақ қоюдан бас тартамын, оның жауаптарын көшеден іздеуге мәжбүр боламын.
• Сіз маған өз достарыңызға қарағандай қараңыз. Сол кезде мен де сіздің досыңызға айналамын.
• «Мен сізді жек көремін» тым қатты айтсам, қапа болмаңыз. Менің бұл сөзді айтқым келмеді, мені ренжіткеніңізді түсініп, мені аясын дегенім.
• Мен үшін ештеңе жасамаңыз, бір нәрсе жасау өз қолымнан да келеді.
Каримова Алмагүл Айтанқызы,
Екібастұз қаласы
Абай Құнанбаев атындағы №2
жалпы орта білім беретін мектебінің
педагог-психологы.