Home » Оқу-әдістемелік материалдар » Калыкова Карлыгаш Малатаевна

Калыкова Карлыгаш Малатаевна

 Калыкова Карлыгаш Малатаевна,
Екібастұз қаласы,
Абай Құнанбаев атындағы №2
жалпы орта білім беретін мектебі
оқу ісінің меңгерушісі

Заман талабы – табысты оқыту
(коучинг )

             Мектебімізде оқытудың сапалы және табысты болуына қол жеткізу жолдарын қарастыру мақсатында «Заман талабы – табысты оқыту» тақырыбында коучинг өткізілді.
Коучинг басында «Сәлемдесу» психологиялық тренингі өткізіліп, әр елдің сәлемдесу түрі арқылы мұғалімдер бір-бірімен сәлемдескеннен кейін, «Таңдап ал» әдісі арқылы гүлдерді таңдап, түрлеріне байланысты топтарға бөлінді.
«Ой қозғау» әдісі бойынша «бас, қол, жүрек» суреті ұсынылып, әр топ өз ойын ортаға сала отырып тақырыпты ашты. Презентация арқылы Шульманның «Мұғалімнің үш көмекшісі» ілімімен таныстырылым жүргізілді.
Әр топқа «Миға шабуыл» тәсілі арқылы берілген ресурстармен танысып, талдау жасай отырып, «Табысты оқытуға жаңа әдіс – тәсілдер арқылы қалай қол жеткізуге болады?» тақырыбында постерге салу және төмендегі тапсырма түрлері ұсынылды: 1топ – Постерге түсіру, 2 топ – Ертегі құрастырып, сахналау, 3 топ – Өлең шығару, әнімен орындау, 4 топ – Рэп түрінде көрсету.
Топтық жұмысқа 20 минут уақыт беріліп, топ мүшелері өздеріне берілген тапсырма бойынша жұмыс істеді, постерді қорғап, тапсырма бойынша құрастырған ән, рэп, ертегілерін сахналап көрсетті. Мұғалімдер өте жоғары белсенділікпен қатысып тақырыпты аша білді, ұтымды ойлар қозғалып, сұрақтарға жауап алынып, пікірталас туды.
Топтар бір-бірінің жұмысына «Бармақ» әдісі бойынша баға беріп, сындарлы сын айта білді.
Сергіту, көңіл күйлерін көтеру, ұйымшылдықпен іс-әрекет етуге дағдыларын қалыптастыру мақсатында сергіту сәті «Қара жорға» биі өткізілді. Презентация арқылы «Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері» — табысты оқытуға қол жеткізу жолдары екендігін дәлелдей отырып, түрлі тәсілдер көрсетілді. «Не білдім? Нені түсіндім? Нені білгім келеді?» Тақтадағы кесте толтырылып, қорытынды жасалды.
Рефлексия барысында «Барлығымыз бірге күштіміз» бейнежазба көрсетіліп, мектептің оқу сапасын жақсарту өз қолымызда, табысқа қол жеткізу үшін, жаңа түрлі әдіс – тәсілдерді қолдана отырып сабақтарымызды түрлендіріп өткізу туралы ұсыныстар айтылды.
«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы стикерлерге жазба түрінде кері байланыс берілді.
Кері байланыс барысында қатысушылар коучингтің тиімді, қызықты өткендігі, тақырып бойынша құнды ойлар айтылғаны, сабақ барысында жаңа әдіс-тәсілдерді қолданатындығын, табысты оқытуға қол жеткізуге болатындығын айтып өтті.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.