Home » Жас қалам » Ит – адамның досы

Ит – адамның досы

Адамзаттың жабайы аңдардың ішінде ең бірінші қолға үйреткен жануары – ит. Адам өз тамағымен итпен бөлісті, ал ол аң аулауда адамға көмектесті. Содан бері ит адамның досы. Қазақтар жеті қазынаның бірі деп итті ерекше бағалайды. Иттердің естукөруиіс сезу мүшелері өте жақсы жетілген. Егесі итке жақсы қараса, иттер егесі үшін өз өмірін құрбан етуге дайын. Өмірде ондай оқиғалар көп, мысалы Хатико деген иттің адалдығы туралы фильм түсірілген. Жақында мен әлеуметтік желіде темір жол бойында, мас болып құлап жатқан егесін, ит өлімнен аман алып қалғанын көрдім. Соңғы кезде адамдар итке немқұрайлы қарайтын болды. Кез келген уақытта итті өлтіріп немесе көшеге тастай салады. Мүмкін иттер адамдардың опасыздықтарына ренжіп, кейде олар да адамдарға шабуыл жасайды.

Ал мен болсам иттерді өте қатты жақсы көремін. Туылған күніме ата-анам маған ит сыйласа екен деп армандаймын. Иттердің түрі көп, соның ішінде маған мопс иттері ұнайды. Өйткені олар өздері сүйкімді әрі кішкентай болғанымен, егесіне өте адал болып келеді. Оларды қолға үйрету жеңіл. Мен оған Рекс деп ат қояр едім. Ол мені мектептен келгенде қуанып қарсы алып, мойныма асылар еді. Екеуміз бірге жүгіріп ойнар едік. Ол мені әрдайым қорғап жүрер еді. Мен оның тамағын өзім дайындап берер едім, оны жуындырып тұрар едім, ал егер ауырып қалса ветеринарға көрсетер едім. Иттерді мен ақылды болғаны үшін жақсы көремін. Өз итім болмағандықтан мен иттер туралы көп оқимын. Жақында Джек Лондонның «Тектік сарын» деген шығармасын оқып шықтым. Маған шығарма өте қатты ұнады.

Әшірбек Нұркен
 Жамбыл атындағы
№5 мектеп-гимназиясының
5 «в» сынып оқушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.