Халықаралық интернетсіз күнге арналған
«Мен OFFLINE (оффлайн)» республикалық кең ауқымды балалар акциясы
2019 жылғы 27 қаңтар
Бүгінгі таңда балалардың смартфоннан немесе планшеттен алшақтауына келісім бермеуі әр ата-анаға таныс жағдай. «Тағы да 5 минут және болды», «Мен жаңа ғана алдым ғой» сияқты сөздер күнделікті шындыққа айналды. Дүниежүзілік статистика бойынша, халықтың шамамен 50%-ы қандай да бір әлеуметтік желіде, ал кейбіреулері тіпті бірден барлық әлеуметтік желілерге тіркелген.
Интернетке тәуелділіктің алдын алу, кәмелетке толмағандардың Интернет белсенділігін бақылауға қатысты ересек интернет-қызметтерді пайдаланушылардың жауапкершілігін Интернет-пайдалану мәдениетін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2019 жылғы 27 қаңтарда Халықаралық интернетсіз күніне арналған «Мен OFFLINE (оффлайн)» республикалық кең ауқымды балалар акциясын бастамасымен өткізуде.
Аталған іс-шара оқушыларды смартфондардан, компьютерлерден және жаһандық желіден алшақтату, бұл күнді тек қана шынайы әлемде өмір сүруге, жақын адамдармен қарым-қатынас жасауға немесе оны сүйікті хоббиіне арнауға көмектеседі.
Акциямен республикадағы барлық 1-11 сынып оқушыларын қамту жоспарлануда. Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары 1-4 сыныптарға арналған «Интернетсіз күнді қалай өткіздім» атты сурет байқауын, 5-11 сынып оқушыларына арналған «Мен OFFLINE (оффлайн)» эссэ жазуды ұйымдастырады.
Жұмыстар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің «Facebook» әлеуметтік желісінің ресми парақшасында орналастырылады.
ҚР БҒМ баспасөз қызметі.