Инновация – кез келген жаңалық немесе жаңалықты енгізу ғана емес, бұл бүгінгі қолданыстағы білім жүйесінің тиімділігін арттыратын үдеріс. Инновациялық іс-әрекет – білім берудің кез келген деңгейінде инновациялық үдеріспен қамтамасыз ететін шаралар кешені және үдерістің өзі.
Педагогикалық инновация білім беру жүйесін қайта құру, жетілдіру, модификациялау, өзгертуге байланысты немесе оның белгілі жақтарын, қасиеттерін және аспектілерін (жаңа заңнамалық акттерді, құрылымдарды, тұжырымдамаларды және интеграциялық байланыстарды және т.б.) жасақтау. Инновациялық үдеріс ұйымның мақсаты, құрылымы, міндеттері, технологиясы және адам ресурстарын қамтиды.
Инновациялық іс-әрекеттің негізгі функцияларына педагогикалық үдерістің компоненттерінің өзгерістерін енгізеді: мақсаттары, білім беру мазмұны, оқытудың формасы, әдістері, тәсілдері, технологиялары, басқару жүйесі және т.б. Сонымен бірге барлық зерттеушілер инновацияны инновациялық стихиялы ізденіс ретінде қарастырмау керек деген пікірге келеді, себебі инновация – мақсатты бағытталған, саналы өзгеріс.
Бүгінде инновациялық өзгерістер әртүрлі бағыттарда жүруде, білім берудің жаңа мазмұнын қалыптастыру; оқытудың жаңа технологияларын өңдеу мен жүзеге асыруда; жаңа бағдарламаны меңгерудің әдістері мен тәсілдерін қолдану; оқыту үдерісінде оқушылардың өзіндік анықталуына жағдай туғызу; мұғалім мен оқушының ойлау стилінде, өзара қарым-қатынастарында өзгеріс, білім беру мекемелерінде шығармашылық инновациялық ұжымды жасау және дамыту.
Жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі – бұл педагогқа оқу үрдісін өзгертуге, оқытудағы пәнаралық байланысты күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы.
Балалардың ой-қиялын дамытып, эстетикалық сезімдерін ұштай түсетін шығармашылық жұмыстың бірі – аппликация, яғни қол өнері. Қол өнер жұмыстары балалардың дүниетанымын, қол моторикасын дамытады. Балаларға желімді қалай желімдеу, қағазды қалай қию, бүктеу жұмыстарын ұйымдастырылған оқу қызметінде, ұйымдастырылған оқу қызметінен тыс уақытта жүргіземін. Қазіргі заман күн сайын қарыштап дамыған заманы. Осы заман ағымынан қалмай балаларды жан-жақты дамыту біздің яғни, педагогтардың міндеті. Мен өз іс тәжірибемнен «Шалғайдағы ауылдарға ток көзін жеткізу» тақырыбында жасаған жұмысымды ұсынып отырмын. Бұл жұмыс шалғай жатқан ауылдарда ток көзінің жетіспеуінен талай бүлдіршіндеріміздің өздеріне қажетті мәліметті дер кезінде ала-алмай отырғаны, келешекте ауылдағы балаларды осындай ток көздерімен қамтамасыз ету және балалардың қол өнеріне деген қызығушылықтарын ояту мақсатында туындады. Балалар бұл жұмысқа өте қызығушылықпен қатысты.
Әрбір педагог балалардың қызығушылығын дер кезінде оятып, олармен ерінбей жұмыс жасаса, келешекте елімізді гүлдендіретін ұрпақ тәрбиеленіп шығатыны сөзсіз деп ойлаймын.
Сейфульгазина Гульнур Оралканкызы
Қарағанды облысы, Абай ауданы, Топар кенті,
«Ақерке бөбекжай» КМҚК тәрбиешісі