Home » Баяндамалар » ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ  МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ  МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі ММ
«Балауса» балабақшасының тәрбиешісі А.М.Кубекова

 

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев кезекті жолдауында «ХХІ  ғасыр бәсеке ғасыры, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу, әрбір білікті, білімді педагогтардың міндетті» деп айқындап айтып берді.

Қазіргі кезде  толғандыратын өзекті мәселелердің ең негізгісі – еліміздің болашағы. Еліміз өркен жайып, кеңге сермеуі үшін басты мәселе жас ұрпақтың білімді де тәрбиелі болып жетілу екені белгілі.

Қазіргі кезде біздің қоғамда болып жатқан ауқымды өзгерістер білім саласында да біраз өзгерістердің туындауына себепші болып отыр. Білім жүйесіндегі инновациялық өзгерістерге  Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі екені баршамызға мәлім. Сондықтан мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің негізгі мақсаты баланың жеке тұлғасының қалыптасуы мен дамуы болып отыр. Мектепке дейінгі мекемелердегі білім беру жүйесінде оқыту, тәрбие беру үрдісін технологияландыру – басты мәселенің бірі. Білім беру жүйесінде жаңа технологияны қолдану арқылы келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау әрбір педагогтың міндеті. Қазіргі таңда білімді ұрпақ келешек кепілі демекші, міне, жаңа технологияның тиімділігі  баланың жан-жақты құзіреттілігін дамытып, жан-жақты біліммен қаруланған  ұрпақ тәрбиелейді.  Әрбір технологияның өзіндік ерекшелігі бар. Бала толыққанды жетіліп, ата-анамен байланыс күшейеді. Жаңа технологиялар бала бойына білімге әуестік, білім құмарлыққа баулуы тиіс. Білім беру үрдсіндегі алға қойылған басты мақсат баланың білім беру мазмұнын толықтырып, жаңаша көзқараста, жаңа технология бағытында жұмыс жүргізіп, баланың өмірін жаңаша ортада,  жаңа бағытпен ұйымдастыру. Бала құзіреттілігінің белсенді дамуы балабақшадан бастау алады. Бұл бастаманың негізгі міндеті балаларды заман талабына сай, әлемді шынайы қабылдауға дайындау.

Болашақта балалар өз жолында кездескен қиыншылықтарды жеңуге, шешім қабылдауы. Білім берудің алғашқы деңгейлері балабақшадан басталады. Мақсаты – мектепке дейінгі білім балалардың білім алуына бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету. Кез келген оқыту технологиясы тәрбиешіден терең теориялық, психологиялық, педагогикалық әдістемелік білімді, педагогикалық шеберлікті, балалардың жан дүниесіне терең үңіліп оны ұғына білуді талап етеді. «Инновациялық технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің: оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан жаңа міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында баланың дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды». Қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне өтуі білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістер енгізуді талап етіп отыр. Қазіргі кезеңде білім ғылым саласында инновациялық педагогикалық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық технологиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Сондықтан мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің негізгі мақсаты – баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болып отыр. Жаңа заман баласы ертеңгі еліміздің болашағы. Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет. Әрине, ол үшін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуында педагогтардың педагогикалық технологияларды қолдана білу сауаттылығына да байланысты. Яғни, инновациялық технологияны қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау қазіргі таңдағы әрбір педагогтың міндеті. Қоғамдағы қазіргі даму кезеңінде мектепке дейінгі мекемелердегі білім беру жүйесінде оқыту, тәрбие беру үрдісін технологияландыру – басты мәселенің бірі. Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде қолданылатын педагогикалық технологиялардың бірнеше түріне тоқталайық.

Ойын арқылы оқыту технологиясының мақсаты дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Ойын технологиясының ерекшелігі ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді. Ойын – балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. Сонымен қатар, ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, олардың ұйымдастырушылық қабілеттерін де қалыптастырады.

Бала бойында еркіндік, мақстакерлік, ар-намыс, мақтаныш сезім, дербестік, адамгершілік, еңбексүйгіштік, белсенділік т.б. қасиеттерді дамыту.

Сонымен қатар, мектепке дейінгі мекемелерде инновациялық білім беру құралдарын қолданудың да маңызы зор. Оқытуда балалардың түрлі психикалық функцияларын дамытуға араналған пайдаланатын компьютерлік құралдар бар: олар қөру, есту арқылы қабылдау, зейін, есте сақтау, логикалық ойлау, т.б. Оқытуда пайдаланатын интерактивті құралдар: тақта, компьютерлер балаларды диагностикалауда жақсы көмекші болып келеді: Зейінің дамытуда

Есте сақтау қабілетін дамытуда

Ойлау қабілетін дамытуда

Тілін

Жеке тұлғасың  дамытуда

Қазіргі таңда мектепке дейінгі орындарда инновациялық технологияны ендіруге көптеп күш жұмсалады. Сол себепті мектепке дейінгі ұйымдарда педагогтардың негізгі міндеті: әдіс тәсілдерді дұрыс таңдау, жаңаша педагогикалық технологияларды дұрыс қолдана білу, жеке тұлғаның дұрыс дамып қалыптасуы үшін ыңғайлы жағдай жасау. Мектепке дейінгі білім беру орындарында, педагогикалық технологиялар мектепке дейінгі білім беру стандартын жүзеге асыруға бағытталған.

Педагогикалық технологияда ең маңызды жағы білім беру мен тәрбие жүйесінде ересектер мен балалардың қарым-қатынасы болып табылады. Қарым-қатынас жасауда үлкендер жағынан балаға мынадай жағдай туғызу қажет:

«Бала біздің болашағымыз, қоғамыздың азаматы»

Оның мақсаты: Баланы жеке тұлға етіп қалыптастыру.

Қазіргі таңдағы білім беру технологиясының қатарына мыналар кіреді:

— Денсаулық сақтау технологиясы

— Жобалы-іс шығармашылығы

— Ізденіс-шығармашылық технологиясы

— Қатынастық-ақпараттық технология

— Жеке тұлғаға бағыттау технологиясы

— Бала мен тәрбиеші портфолио технологиясы

— Ойын технологиясы

— Триз технологиясы және т.б

Денсаулық сақтау технологиясына сенсорлық дамыту ортасын ендіру.

Жобалау шығармашылық технологиясы

Ізденіс-шығармашылық технологиясы

Ақпараттық-қатынастық технологиясы

Қорытындылай келетін болсақ, аталған педагогикалық технологиялар мен инновациялық құралдар балабақшада балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп, әр сатыға балалардың қабылдау мүмкіндіктеріне сай пайдалануға болады. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілеті әлсіз, қабылдау процестері тұрақсыз келеді. Сондықтан олар затты қолмен ұстап, көзімен көргенді ұнатады. Осыған сәйкес, мектепке дейінгі балалардың оқу іс-әрекеттеріне көрнекілік, ойын технологиясын кеңінен қолданған жөн. Тәрбиеші – бала бойына білім нәрін себетін басты тұлға. Жаңашыл тәрбиеші даярлауға қойылатын талаптар студенттерді оқытудың жаңа түрлерімен қаруландыра отырып, қазіргі уақыттағы кәсіптік дағдыларын игеруге бағытталған оқытудың жаңа жолдарын енгізуді көздейді. Сондықтан жаңашыл тәрбиеші даярлауға қойылатын талаптар студенттерді, ертеңгі мұғалімдердер мен тәрбиешілерді оқытудың жаңа түрлерімен қаруландыра отырып, қазіргі уақыттағы кәсіптік дағдыларды игеруге бағытталған оқытудың жаңа жолдарын енгізуді көздейді.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.