Тулесинова Сымбат Бағытқызы
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің
біліктілігін арттыру институтының
«Ақпараттық технология» бөлімінің бас маманы,
информатика мамандығы бойынша жаратылыс ғылымдарының магистрі
Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық ойлау-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастыру және оқушы әлеуметінің ақпараттық сауатты болып өсуі мен ғасыр ағымына бейімделе білуге тәрбиелеу, яғни ақпараттық қоғамға бейімдеу.
Ақпараттық-коммуникативтік технология жағдайындағы жалпы оқыту үрдісінің функциялары: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық болжамдау және шығармашылық қабілеттерін дамытумен анықталады.
Оқытудың ақпараттық-коммуникативтік және инновациялық технологиялардың бағыттары:
а) электронды оқулықтар;
ә) телекоммуникациялық технологиялар;
б) мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар;
в) қашықтықтан оқыту (басқару) Интернет;
г) робототехника;
ғ)смарт технологиялар.
Ақпараттық-коммуникативтік технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізуде мұғалім алдына жаңа бағыттағы мақсаттар қойылады:
- Өз пәні бойынша оқу-әдістемелік электронды кешендер құру, әдістемелік пәндік Web-сайттар ашу;
- Жалпы компьютерлік желілерді пайдалану;
- Бағдарламалау ортасында инновациялық әдістерді пайдаланып, бағдарламалық сайттар, құралдар жасау (мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар).
- Қашықтықтан оқыту (Internet желісі) барысында өздігінен қосымша білім алуды қамтамасыз ету.
Интерактивтік оқыту технологиясы – бұл коллективтік, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу процесіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту процесін ұйымдастыру.
Интерактивтік оқыту – бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады. Сабақтағы интерактивтік әрекет өзара түсіністікке, өзара әрекетке, қатысушының әрқайсысына қажет есепті бірлесіп шешуге алып келетін — ұйымдастыру және сұқбаттасып қарым-қатынас жасауды дамытуды ұсынады.
Оқытудың ақпараттық-коммуникациялық және интерактивтік технологияларын пайдалану – педагогикалық іс-әрекеттердің мазмұны мен формасын толықтыру негізінде оқыту үрдісін жетілдірудің бірден бір жолы. Компьютерлік желілерді, интернет жүйесін, электрондық оқулықтарды, мультимедиалық технологияларды, қашықтан оқыту технологиясын пайдалану оқу орындарында ақпаратты-коммуникациялық технологиялар кеңістігін құруға жағдай жасайды.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда.
Робототехника роботтардан бөлік автоматтандырылған техникалық жүйелер сонымен қатар өндірістік тауарлардың ең сапалы техникалық жиынтықталуын дайындау және пайдалану қадамдарын қарастыратын ғылымның саласы болып табылады.
Автоматтандырылған роботтар, былайша айтқанда роботтар, адам баласының жанында қауіпті мекендерде, я болмаса фабрикалардағы жинақтау үдерістерінде қызметін атқаруға мүмкіндік туады. Роботтар сыртқы келбеті бойынша, жүріс-тырысы мен танымы бойынша адамдарға өте ұқсас болуы әбден мүмкін. Қазіргі таңда ғалымдар гуманоид роботтарды барынша адамдарға ұқсас қылуға тырысып жатыр.
SMART технология – жаңа заманның құралы. Ол шығармашылыққа көп мүмкіндік береді.
SMART тақтаның ерекшелігі:
- екі қолданушы бір уақытта қолдана алады, яғни, тақтада бір уақытта жазып, сурет салуға және жасалған жұмысты файлда сақтауға мүмкіндік береді;
- интерактивті тақтаның жұмыс жасау кеңістігі үлкейтілген;
Интерактивті тақтамен жұмыс жасаудың артықшылықтары:
- Барлық жастағы оқушыларға тиімді;
- Оқытушыға веб-сайттар және басқа да ресурстармен жұмыс жасай отырып, материалды оқушыыларға жеткізуді күшейтеді;
- Сыныпта талқылау мен араласуға кең мүмкіндік береді;
- Көптеген түрлі және динамикалық материалдарды қолдану арқасында оқушы мен оқытушыға сабақты қызықты етіп өткізуге көмектеседі;
- Оқытушыға жаңа материалды сынып центрінен түсіндіруге мүмкіндік береді;
SMART құрылғылар не үшін қажет?
- Смарт телефон, планшет сияқты соңғы технологияны қолданып жүрген оқушыларға бұл тақта түсінікті, әрі сабаққа деген қызығушылығын арттырады;
- Бұл сенсорлы экран тез жұмыс жасаумен қатар, бір уақытта бірнеше оқушының жұмыс жасауына көмектеседі;
- Технология жаңартылған сайын ол кешендендіріліп, сабаққа керекті материалдар да толықтырыла түседі;
- Сабақтың центрден есте сақтау қабілетіне үлкен экраннан көрсетілуіне, сол уақытта оқушылар өздері тапсырманы жасап, немесе сол бағытта басқа бір тапсырманы жасай алуларына болады;
- Сабаққа қажетті құралдарды ресурстар сайтынан алуларына немесе интернетпен жұмыс жасауға болады;
- 3D объектілерді түсіндіруге көп көмегі тиеді;
- Оқушылардың сабаққа қызықты, әрі белсенді қатысуына ықпал етеді;
- Оқушылардың бір уақытта бірнеше оқушы жұмыс жасай алуына байланысты, топпен жұмыс жасауды да ыңғайлы;
- Егер сабаққа керек материалдар әзір болса, сабақ темпінің де жақсы өтуіне септігі тиеді;
- Смарт экранда объектілер мен жазбаларды қозғауға, суреттер мен диаграммаларға комментариилер қосуға мүмкіндік береді;
SMART құрылғылардың оқушыларға қажеттілігі:
- Сабақты қызықты етіп, оқушылардың қызығушылығын арттырады;
- Оқушылардың жеке және әлеуметтік қабілеттерін арттыра отырып, топпен жұмыс жасауға көмектеседі;
- Сақтау және баспаға басу мүмкіндіктері арқасында жазудан құтқарады;
- Материалды түсінікті, көрнекі әрі эффектілі етіп беру арқасында оқушылардың қиын материалдарды да түсінуін жеңілдетеді;
- Оқушылардың өздеріне деген сенімі артып, шығармашылық жұмыс жасаулары артады;
- Оқушылардың сабақтан тыс та көп қызықты жұмыстар жасауына да көмектеседі;
Осылайша жас ұрпақты оқытуда инновацияны пайдаланудың – шығармашылық жетістіктің негізгі көзі.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- «Информатика негіздері» журналы №4-2008 жыл – Ж. Садыбекова «Оқу – тәрбие үрдісінде ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану қажеттілігі»
2. Мұхамбетжанова С.Т., Мелдебекова М.Т. Педагогтардың ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша құзырлылықтарын қалыптастыру әдістемесі. Алматы: ЖШС «Дайыр Баспа», 2010 ж.
3.Бидайбеков Е.Ы., Мұхамбетжанова С.Т «Тұрақты даму үшін білім беру: Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сапалы білім берудің шарты ретінде оқу үдерісіне енгізудің әдіснамалық негіздері» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдар жинағы, 27-28 шілде, 2010ж., Алматы қ.
4.Халықова К.З. Информатиканы оқыту әдістемесі. Алматы, 2000.Нургалиева Г.К.Цифровые интерактивные мультимедийные образовательные ресурсы. -Алматы, 2007.-23 с.