Home » Ашық сабақтар » ДЕНЕЛЕР, ЗАТТАР, ТАБИҒАТТАҒЫ  ҚҰБЫЛЫСТАР

ДЕНЕЛЕР, ЗАТТАР, ТАБИҒАТТАҒЫ  ҚҰБЫЛЫСТАР

Көкшетау қаласындағы
№ 14 орта мектебінің
ІІ санатты бастауыш сынып мұғалімі
Малиева Камиля Макумбетқызы

 

Сабақтың тақырыбы: Денелер, заттар, табиғаттағы құбылыстар.

Сабақтың мақсаты: Табиғи және жасанды денелер жайлы түсінік беру.

Заттарды бір-бірінен қасиеті жағынан айыра білуге үйрету.

Табиғат  құбылыстары туралы түсінік беру.

2)  Есте сақтау, ойлау, қабілеттерін дамыту.

3) Табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, тапсырмалар, тірек-сызба, заттар.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, топпен жұмыс.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ, саяхат түрінде өту.

Пән аралық байланыс: математика, әдебиеттік оқу, бейнелеу өнері.

Сабақтың барысы:

  • Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың   дайындықтарын  тексеру.

      Психалогиялық ахуал.

Үлкенге де «сіз»

Кішіге де «сіз»

Құрметпенен сіздерге

Сәлем бердік біз.

Оқушылардың  назарын сабаққа аудару. Құрал-жабдықтарын тексеру.

2)  Топқа бөлу:

  1. Әр қағазға 3 ай аттары жазылған. Жыл мезгілдерін тауып, топтың атын шығарып алу.

 1-топ  көктем (наурыз, сәуір, мамыр)

2-топ  жаз (маусым, шілде, тамыз)

3-топ  күз (қыркүйек, қазан, қараша)

4-топ қыс (желтоқсан, қаңтар, ақпан)

  1. Топ басшысын сайлау.
  2. Бағалау парағын тарату.

Бүгін біз жыл мезгілдеріне саяхатқа шығамыз.

Біздің міндетіміз топпен біріге отырып әр жыл мезгілінің тапсырмасын қатесіз орындау.

  • Көктем мезгілінің тапсырмасы. Үй жұмысын тексеру.

Әр топқа қағазда  жазылған тапсырмаларды беру.

Сұрақтарға жауап беріп, әр топ қорғау.

1-топ. Уақыт өлшем бірліктерін жаз.

(секунд, минут, сағат)

1 минут — 60 секунд

1сағат — 60 минут

60 секунд -1 минут

60 минут -1 сағат

2-топ. Тәулік, жұма, ай, жылды анықтама.

1 тәулік — 24 сағат

1жұмада — 7  күн

1 айда — 4 апта

1 жылда — 12 ай

3-топ. Масса өлшем бірліктерін жаз. (грамм, кг, ц, тонна)

1000 грамм = 1 кг

1 тонна=1000 кг

100кг= 1 ц

4 топ.  Ұзындық өлшем бірліктерін жазу. (мм, см, м, км)

1 см = 10 мм

10 см= 1 дм

1 м= 10 дм

1 см=100 см

Барлық топқа сұрақ.

  1. Ертеде адамдар қандай табиғи  белгілермен уақытты айырды.

(Күннің шығуы мен батуына қарай  уақытты анықтады, гүлдің ашылуы мен жабылуын бақылап, уақытты  айыруға тырысты)

  1. Заттарды пайдалана  отырып, қандай  құралдар  мен  өлшеу  аспаптары екенін атап айту.

Уақытты өлшейтін  құрал (секундамер)

(сызғыш) Ұзындықты өлшейтін құрал.

(таразы) Заттың салмағын өлшейтін құрал.

(градусник) Адамның дене қызуын тексеретін құрал

(микраскоп) Ұсақ заттарды үлкейтіп көрсететін құрал.

2)  Жаз мезгілінің тапсырмасы

1 . Сабақтың тақырыбы мен  мақсатын таныстыру.

Денелер , заттар. Табиғаттағы  құбылыстар.

2 . Оқулықпен жұмыс

Әр топқа бөліктерге бөліп беру. Әр топ оқушылары өз ойларын  постерге түсіріп қорғау.

  1. Сергіту сәті

Далада жел тұрды

Жаңбыр жауды

Далада  жел қатты, қатты тұрды.

Жаңбыр қатты, қатты жауды.

Найзағай шарт етті .

Күн ашылды.

Қимылмен балалар көрсету.

Денелер, заттар. Құбылыстар туралы түсінік беру.

  1. Мысалдар келтіру

Сөре, дене, шыны-зат,  кітап-дене, қағаз-зат,  парта-дене, ағаш-зат.

Денелер қатты, сұйық, газ тәріздес болады.

5) Тәжірибе көрсету. Мынау тас қатты дене, стақандағы су-сұйық, шардағы  ауа-газ.

Табиғаттағы өзгерістердің барлығы  табиғат құбылыстары  деп аталады.

  1. Күз мезгілінің тапсырмасы
  2. Постермен жұмыс

Табиғат құбылыстарын жазу. Әр топ тақтаға ілу.

  1. Дәптермен жұмыс

Табиғат  құбылыстарын  жазу. Жаңбыр, боран, бұршақ, жел, қар, күн күркіреу, найзағай. ( 1 минут уақыт беру).

  1. Қыс мезгілінің тапсырмасы

Топтастыру (керрол диограммасы)

Табиғи  дене                                             Жасанды  дене

құс, аң, күн,                                   парта, ұшақ

ай, жұлдыз                                               үй, доп, кітап

бұлт, тас                                          машина, қалам

5) Сабақты бекіту.

Кім тапқыр ойыны                                                                       

Оқушыларға суреттер тарату. Сол сурет бойынша табиғи дене және жасанды денелер болып екіге бөлініп тұра қалу.

Иә жоқ жауабы арқылы оқушылардың алған білімдерін пысықтау.

  1. Күн, ауа, су, тас, құм, саз тірі табиғатқа жатады? (жоқ)
  2. Тірі табиғатқа ауа  керек, жылу, жарық қажет   (иә)
  3. Тірі табиғат қоректенеді, өседі, өнеді, өшеді. (иә)
  4. Күн, ауа, су, құм, тау адам қолымен жасалған заттар (жоқ)
  5. Жаңбыр, қар, бұршақ, найзағай табиғи құбылыстарға жатады  (иә)
  6. Қоршаған ортадағы барлық нәрселер құбылыстар деп аталады. (жоқ)
  7. Адам қолымен жасалған денелер-жасанды дене деп аталады. (иә)
  8. Кітап-дене, қағаз-зат, сөре-дене, ағаш-зат, доп-дене, резина-зат (иә)
  9. Жылдың бес мезгілі бар (жоқ)
  10. Денелер қатты, сұйық, газ тәріздес болады. (иә)

Орындап болған соң тақтадағы дұрыс жауабын тексеру.

Бағалау критерийі арқылы өздерін бағалау.

9-10 – «5»

7- 8 — «4»

5-6 – «3»

6)  Рефлексия:

  1. Күн сәулесінің суреті: түсінікті болды, өте ұнады.
  2. Жаңбырдың суреті: толық түсінбедім, қызықты болды.
  3. Бұлттың суреті: түсінбедім, білгім келеді.

Үйге тапсырма: 45-48 беттер. Мазмұндау.

Бағалау:  Топ басшылары өз топтарын бағалау парағы арқылы бағалайды.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.