Home » Балабақша » Инновациялық технологияларды енгізу тәжірибелері: жинақтау және жалпылау

Инновациялық технологияларды енгізу тәжірибелері: жинақтау және жалпылау

          Сәуірдің 26-ыншы жұлдызында Қызылорда облыстық білім басқармасының оқу орталығы мен қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Бегім Ана» балабақшасында «Мәңгілік ел» идеясы аясында «Инновациялық технологияларды енгізу тәжірибелері: жинақтау және жалпылау облыстық семинары өтті. Республикалық деңгейде эксприменттік 77 балабақша болса, соның ішінде Қызылорда облысына қарасты «Бегім Ана», «Ер Тарғын», «Ер Төстік», «Алпамыс», «Балапан» секілді эсприменттік балабақшалар тәрбиешілерінің   тәжірибелік сынамалары ұйымдастырылды. Семинар «Инновациялық идеялар» атты экспримент алаңдары педагогтарының шығармашылық көрмесімен ашылып, «Ақпарат айнасы» тақырыптық газеттер көрмесімен жалғасты. Облыстық оқу орталығы директорының орынбасары Г.Б.Дихамбаева семинарды салтанатты түрде ашып берген соң, «Мәңгілік ел идеясының құндылқтары – қазақстандық патриотизм негізі» тақырыбында «Бегім Ана» балабақшасының дайындаған музыкалық прологымен жалғасты. Ары қарай «Ашық ұйымдастырылған оқу қызметтерінің шеруі» эксприменттік балабақшалардың тәжірибелі тәрбиешілері арасында шеберлік сынамалары бастау алды. Атап айтқанда «Ер Тарғын» балабақшасының тәрбиешісі Э.Сыздықова «Еңбексүйгіш жәндіктер» тақырыбында бүлдіршіндерге қызықты сабағын өткізсе, «Ер Төстік» балабақшасының тәрбиешісі «Гүлдерді күтіп, баптау» тәсілдерімен бүлшіндермен бөлісіп, ал «Алпамыс» балабақшасының тәрбиешісі Г.Махмутова «Көктем» туралы балалардың түсінігін түрлі ойындармен жетілдірді. «Балапан» балабақшасының тәрбиешісі Л.Куренова «Жыл басына таласқан хайауанаттар» ертегісін бүлдіршіндермен сахналаса, ал «Бегім Ана» балабақшасының тәрбиешісі Б.Ілияс балалармен «Мақта қыз бен мысық» ертегісі желісі бойынша қойылым қойылды. Семинар соңы «Бегім Ана» балабақшасының «Ең үздік» балалары медальмен марапатталып, «Мәңгілік ел ұландарымыз» балалар дайындаған мюзиклмен аяқталды.


«Бегім Ана» балабақшасы «Ақпарат айнасы» тақырыптық газеттер көрмесі


«Ақпарат айнасы»  тақырыптық газеті

«Ақпарат айнасы»  тақырыптық газеті

«Ақпарат айнасы»  тақырыптық газеті

«Инновациялық идеялар» көрмесі

«Инновациялық идеялар» көрмесі

«Инновациялық идеялар» көрмесі

«Инновациялық идеялар» көрмесі

Сауат ашу қызметі «Балапан» балабақшасының тәрбиешісі

«Мақта қыз бен мысық» ертегісі Бегім Ана» балабақшасы

«Күшік досын қалай тапты» қойылымы «Ер Тарғын» балабақшасы

«Батырлар роботтар әлемінде» ағылшын тіліндегі қойылым «Алпамыс» балабақшасы

«Гүлдерді күтіп, баптау» оқу қызметі «Ер Төстік» балабақшасы

Балабақша меңгрушілері

«Ең үздік» аспазшы 4 жасар қыз

«Ең үздік» жол полициясы

«Ең үздік» велосипедші әрі биші қыз



«Мәңгілік елдің ұландары»

«Мәңгілік елдің ұландары» тәрбиешілері

                                                                                                                                                                             Білім айнасы
Әлібек ҚУАНЫШ

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.