Home » Оқу-әдістемелік материалдар » Инклюзивті білім беру

Инклюзивті білім беру

Инклюзив сөзі латын тілінен аударғанда «өзімді қосқанда» ал, ағылшын тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді.

Инклюзивті білім берудің мақсаты: Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни адамның жынысына, дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады.

Жуырда Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп -интернаты ұстаздарына арналған «Мектепте оқыту стандарттарын іске асыру контексінде инклюзивті білім берудің мазмұны мен дамуы» тақырыбында әріптесім Садықбаева Мөлдір Берікқызы екеуіміз семинар өткіздік.

Оқыту үдерісінде педагогтерге арналған нұсқаулық пен бағдарлама ұсынылып, ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмыс жүргізудің жаңа әдіс-тәсілдері кеңінен таныстырылды. Білім беру жүйесіндегі жаңа талаптар, соның ішінде Қазақстанда жүріп жатқан инклюзивтік білім беру бағдарламасындағы  өзгешеліктер мен өзекті мәселелер туралы жан-жақты ақпарат берілді. Семинар барысында ерекше білім беруде  оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін меңгерумен қоса, топтық, ұжымдық және дербес  жұмыстар ұйымдастырылды.

Қатысқан ұстаздар инклюзивті оқыту жайлы көп мағлұмат алды деп ойлаймын.

 

Оралбаева Айнұр,
Бастауыш сынып мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.