Home » Баяндамалар » ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДЕ ОҚУШЫЛАРДЫ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ ҚАРАЙ ОҚЫТУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДЕ ОҚУШЫЛАРДЫ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ ҚАРАЙ ОҚЫТУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ

Бүгінгі таңда еліміздегі мемлекеттік саясаттың маңызды басымдықтарының бірі білім беру жүйесінің дамуы болып табылады. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптеріне сапалы білім алуға барлығының құқықтарының теңдігі, әр адамның интеллектуалды дамуын, психофизиологиялық және жеке-дара ерекшеліктерін ескере отырып, халықтың барлық деңгейі үшін білімге қолжетімділігі жатады. Сапалы білімнің барлығы үшін қолжетімді болу шартын қалыптастыруға бағытталған білім беру жүйесін түрлендіру процестерінің бірі инклюзивті білім беру болып табылады. Мектептегі білім мазмұнын заманауи қазақстандық қоғамның серпін сұраныстарына келтіру, функционалдық сауаттылығын дамыту, біліктілік пен дағдыларды қалыптастыру, вариативтілікті және оқыту формалары мен әдістерін таңдау еркіндігін қамтамасыз ету орта білімнің заманауи артықшылықтары болып табылады. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу барысында білім беру процесі оқушылардың психофизикалық ерекшеліктерін және танымдық мүмкіндіктерін ескере отырып бастауыш, негізгі орта, жылпы орта білімнің жалпы білім беру оқу бағдарламаларының негізінде әзірленген арнайы білім беру оқу бағдарламаларын қолдану арқылы іске асырылады. Жалпы білім беру оқу бағдарламалары тұлғаның жалпы мәдениетін, қоғамдық өмірге тұлғаның бейімделуін қалыптастыру міндеттерін шешуге, саналы таңдау және кәсібі мен мамандығын меңгеру үшін негіз құруға бағытталған.  Бүгінгі таңда мүмкіндіктері шектеулі оқушылардың жетістіктерін бағалаудың жаңа жүйесін ендіру қажеттілігі жетті, яғни бағаға жүктелетін қызметтер ресми түрде хабарланып қана қоймай, сонымен бірге практикада жүзеге асырылуда. Оқушылардың дайындық деңгейі туралы ақиқат және анық ақпараттар алу мүмкіншілігі оқыту мүмкіндігі және жеке оқу қорытындылары болу мүмкіндігін ұсыну бойынша сынып оқушылары құрамының біртексіздігін ескеретін критерилерді қолданумен іске асырылады.

Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың оқып-үйренудегі қиындықтарын дер кезінде анықтап, оларға коррекциялық-педагогикалық қолдау көрсету үшін, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептегі білім игеруге байланысты қол жеткізілген деңгей туралы оқушылар мен ата-аналарды хабардар етіп отыру үшін тұрақты түрде психологиялық-педагогикалық мониторинг өткізіліп тұруы тиіс. Бұл интеграциялық оқыту сыныбы мұғалімінің арнаулы (коррекциялық) сынып мұғалімімен, пән мұғалімдерімен, психологпен, арнаулы және әлеуметтік педагогтармен тығыз ынтымақтастықта бірлесіп жұмыс жүргізу нәтижесінде іске асады. Осымен қатар арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдаудың бақылануын және орындалуын мектеп психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиумы жүзеге асыруы тиіс. Инклюзивті білім берудің отбасылар үшін  пайдалы әсері бар. Мәселен қалыпты дамып жатқан балаларға да, ерекше білімді қажет ететін балаларға да ата-ана болу – үлкен міндет болып табылады. Даму мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеу кезінде ата-аналарда ерекше қиындықтар туа бастайды. Егер баланы инклюзивті балабақшаға немесе мектепке белгілеу мүмкіндігі болса – бұл ата-анаға деген үлкен көмек. Егер олар өз балалары баратын балабақша тобының немесе мектеп өміріне белсенді қосылса, онда олардың уайымдары азаймақ.  Инклюзивті балабақшаға немесе мектепке баратын бала күннен-күнге жағымды жаққа қарай өзгереді, басқаша бола бастайды және ата-ана, қоршаған ортадан тыс болу сезімін азырақ сезінеді, сонымен қатар, тәрбие жұмысының тиімділігі жоғарылайды және баланың табысқа жетуіне көмектеседі. Бағалау жүйесі оқудағы негізгі мәселелерді анықтаудың және кері байланысты жүзеге асырудың негізгі құралы болып, сонымен қатар тұтас алғанда білім беру процесінің негізіне салынған қағидаттарды анағұрлым анық бейнелейді.

Білім берудің жаңа стандарттары әзірлеу ісі білім алушылардың жетістіктерін бағалау жүйесімен де байланысты ғылыми және әдіснамалық мәселелерді анықтады.

Білім алушылар жетістіктерін бағалауда ең маңызды құрал бола тұра, бағалау жүйесі білім беру процесін жетілдіруді жалғастыру үшін объективті және тиімді болуы тиіс. Білім берудің қазіргі жүйесінде білім алушылардың білімділік жетістіктерінің сапасын бағалаудың критериалды-бағдарлы көзқарасы негізіндегі қадағалау және бағалау өзекті болып отыр. Критериалды-бағдарлы көзқарастың қолданылуы білімділік жетістіктерін бағалаудың объективтілік және сенімділік деңгейін айтарлықтай арттырады.

Мүмкіндіктері шектеулі балалардың білімділік жетістіктерін бағалауда бағалау жүйесі осындай балалардың оқудағы жетістіктерін ғана объективті көрсетіп қоймай, мүмкіндіктері шектеулі балаларды білім беру процесінде қолдау бойынша келесі әрекеттердің жоспарын құру үшін негіз болуы тиіс. Бағалау жүйесі білім беру процесінің сапасын нықтауға, оқудағы стратегия және тактика бойынша түбегейлі шешімдері қабылдауға, білім беру мазмұнын да, күтілетін нәтижелерді бағалау нұсқаларын да жетілдіруге мүмкіндік беретін оқу жетістіктерін өлшеу және оқу қиындықтарын диагностикалаудың негізгі құралы болып табылады. Мүмкіндіктері шектеулі балалардың білімділік жетістіктерін бағалауда алған нәтижелердің және ерекше білімділік қажеттіліктері бар балаларды оқытудағы жоспарланған мақсаттардың ара-қатынасы мәнді болады.

Мүмкіндіктері шектеулі балалардың ерекшелігін ескеріп, бағалау жүйесін көп функционалды етіп, оны жетілдіру керек. Бағалау жүйесінің бірнеше функциясын атауға болады:

Нормативтік функция білім алушылардың бекітілген мемлекеттік стандартқа қатысты тіркеп, жеке оқушылардың мектеп сыныптарының үлгерімін, мұғалімнің дайындық деңгейі мен жұмыс сапасын қадағалайды.

Ақпараттық-диагностикалық функция білім беру процесінің барлық  қатысушылары арасында баланысты, білім алушылардың, соның ішінде ерекше қажеттіліктері бар балалардың да, мазмұндық және эмоционалдық рефлексиясын қамтамасыз етеді. Бағалау жүйесі білім беру процесінде, нақты сыныпта, нақты бала үшін барлығы дұрыс жүргеніне көз жеткізуге мүмкіндік береді. Бағалау жүйесі қайсыбір оқу материалының қаншалықты сәтті меңгерілгенін, білім алушылардың қайсыбір дағдыларының қаншалықты қалыптасқанын анықтауға мүмкіндік беруі тиіс. Оқу нәтижелеріне бақылау өлшемдерінің, талаптарының белгілі минимумында білім алушылардың жеткен деңгейін салыстыруға берілген осындай мүмкіндік мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін өте маңызды.

Бұл кезде есепті бастау табалдырығы ретінде осындай балалар үшін нақты анықталуға жататын дәл осы міндетті минимумды алу анағұрлым ұтымды көрінуде.

Мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім жетістіктерін бағалау білім алушылар дайындығының жалпы деңгейіндегі өзгерістерді де, оқудағы жетістіктерінің және білім беру процесінде мүмкіндіктері шектеулі балаларда орын алатын қиындықтарының шынайы сипаттамасын алуға мүмкіндік беретін оның танымдық қызметінің түрлі салаларындағы табыстарының (ақпаратты меңгеруі, ақпаратты өңдеуі, шығармашылық және жобалық қызмет, ойын жеткізу және т.б.) динамикасын да тіркеуі тиіс.

Бағалау жүйесі мұғалім, оқушы, оның ата-анасы, сынып жетекшісі, сонымен бірге әкімшілік пен білім беру ұйымының педагогикалық ұжымы арасындағы тұрақты байланысты қамтамасыз етуі тиіс, бұл білім беру процесін қалыптастыруға жүйелі көзқарасты қалыптастырып, онысымен оның тұтастығын қамтамасыз етеді.

Одан басқа, мүмкіндіктері шектеулі балалардың оқу жетістіктерін бағалауда білім алушылардың психикасына мейлінше ұқыптылықпен қарап, оларды зақымдайтын жағдайларға жол бермей, мүмкіндіктері шектеулі балалардың психологиялық даму ерекшеліктерін ескеру қажет.

Бағалауға деген жоғарыда аталған көзқарастар білім беру процесінің барлық қатысушыларымен бағалау жүйесіне білімді сәтті алу, кері байланысты орнату, бірақ одан артық емесіндей қажетті құрал ретіндегі қатынасын түсінуін қамтамасыз етуі керек.

Критериалдық бағалау жүйесі келесі элементтерді құрайды:

  1. Тақырыпты (сабақты) меңгеру критерийлері дәл анықталады, бұл нақты оқу нәтижелерінің тізімінде мәнін табады (білім беру бағдарламасының шеңберінде меңгеру деңгейлерін анықтаумен алынған оқу мақсаттары).
  2. Тексеру жұмыстары әзірленеді – тестер, олардың негізгі тағайындауы ретінде негізгі тағайындалуы түзетуші оқу ресімдерінің қажеттілігін анықтау шығады.
  3. Оқу материалы жеке үзінділерге (оқу бірліктеріне) бөлінеді, зерделеу барысында қол жеткізуге жататын нәтижелер (критерийлер) анықталады, ағымды тексеру жұмыстары құрастырылады, олар әрбір оқу бірлігін зерделеу мақсаттарына қол жеткізілгеніне көз жеткізуге мүмкіндік береді.

4.Сәйкес оқу әдістері таңдалады, білімділік тапсырмалар құрастырылады.

  1. Әр тест сұрағы бойынша балама түзету материалы әзірленеді.

Критериалды бағалау критерийлерге сүйенеді, яғни баға оқушылардың олардың оқу-танымдық құзыреттілігінің дамуындағы түрлі бағыттар бойынша жетістіктерін бейнелейтін құрамдастардан (критерийлерден) қалыптасады.

Критериалды бағалау – шеңберінде бағалаудың және өз бетінше бағалаудың түрлері, нұсқалары мен әдістері қолданылатын көзқарас.

Критериймен бағалауда:

 оқушы өз оқуында шынайы субъект болады;

 оқушының мектептегі алаңдаушылық деңгейі төмендейді;

 мұғалім «соңғы инстанциядағы сот» рөлінен кеңес беруші, маман, тьютор рөліне ауысады.

Осылайша, критериймен бағалау өз құрамында оқушылардың және мұғалімдердің денсаулығын сақтау әлеуетін алып жүреді.

Критериймен бағалау мұғалімге арналған түбегейлі мақсат тұтатын ережелердің бір қатарын қарастырады:

  1. Баға көмегімен оқушының жеке тұлғасы емес, тек оның жұмысының ғана бағалануын.
  2. Оқушының жұмысы өзге оқушылардың жұмыстарымен тікелей салыстырумен емес, эталонмен (үздік орындалған жұмыстың үлгісімен) салыстырылуын.
  3. Нақты тапсырмалардың түрлі формаларының қолданысын және мұратты орындалған тапсырмалардың нақты және анық сипаттамаларының болуын.
  4. Эталонның оқушыларға алдын-ала белгілі болуын.
  5. Оқушы өз бетінше өзінің жеткен деңгейін және өз бағасын анықтай алатын бағаны шығарудың нақты алгоритмінің әзірленуін. Өз бетінше бағалау, сонымен қатар, оқушылардың өз жұмысына рефлексиясын да қарастырады. Рефлексия білім алушы жеке тұлғасының дамуындағы міндетті шарт, оның оқушы ретінде дамуының қажетті құрамдас болып табылады.
  6. Оқушылардың өз бетінше бағалауға өтуге бет алып, бағалау үрісіне қосылуын.
  7. Бағалауға тек оқытып-үйретіп отырғанды ғана салуға болады, сондықтан бағалау критерийлері – бұл оқу мақсаттарының нақты мән табуы.
  8. Пән бойынша жалпы оқу мақсаттары оқушылардың нақты осы пән бойынша жетістіктерін бағалауда критерий болып табылып, оқушының жеке жұмыстарымен айқындалған нәтижелерді жинақтауға мүмкіндік береді.

Осылайша, критериалды бағалау білім алушының оқу жетістіктерін нақты анықталған, ұжымдасып әзірленген, оқу процесінің барлық қатысушыларына алдын-ала белгілі критерийлермен салыстыруға негізделген, білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес келетін. Білім алушылардың оқу-танымдық құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал ететін процесс ретінде дәріптеледі. Инклюзивті білім беру дене бітіміне, психикалық, интеллектуалдық, мәдени, этникалық, тілдік және өзге ерекшеліктеріне қарамастан ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды жалпы білім беру кеңістігіне енгізуді, олардың сапалы білім беруде кедергілерді жоюды және әлеуметтік ортада бейімделуін және ықпалдасуын көздейді. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар; мигранттар мен оралмандар отбасыларының, аз ұлттар балалары; қоғамға әлеуметтік бейімделуде қиындықтары бар балалар жатады.

Кеңейтілген мағынада инклюзивті білім беру дегеніміз кедергілерді жою мен ерекше білім беруге қажеттілігі бар адамдарды оқыту процесінде енгізуге бағытталған білім беру процесі және олардың сапалы білімге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.

Бектурганова К.К.
«Өрлеу» БАҚО АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша ПҚ БАИ  тренері  

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Инклюзивное образование. Учебно-методическое пособие. М.: УЦ «Перспектива», 2016
  2. Кожекина Т. Инклюзивное образование, 2016.
  3. Лихачева Е.Н. Организация нестандартных занятий по конструированию с детьми дошкольного возраста. 2016 г.
  4. Чистяков В.В Основы педагогической и социальной антропологии. 2015

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.