Home » Ашық сабақтар » Илюбаева Альфия.Топтық тренинг

Илюбаева Альфия.Топтық тренинг

                                                                                                                                                                  Илюбаева Альфия Шаймуратовна
Солтүстік Қазақстан облысы
Ақжар ауданы
Талшық орта мектебі
Педагог-психолог

Мақсаты: оқушылардың белсенділіктерін дамыту, ұйымдастырушылық қабілеттерін және бір-бірін тыңдай алуға, өзара сыйластыққа үйрету.
Тренинг барысы:
1.«Сәлемдесу» жаттығуы
Тренинг қатысушылары шеңбер бойынша тұрады. Көршілерімен сәлемдесу дәстүрлі емес түрде өтеді.

  • алақанмен сәлемдесу;
  • иықтарымен сәлемдесу;
  • маңдаймен сәлемдесу;
  • шынтақпен сәлемдесу;
  • аяқпен сәлемдесу.
    2.«Кел, танысайық» жаттығуы
      Қатысушылар шеңбер жасап тұрады. Өз есімдерін және немен шұғылданатындарын (хобби) айтады.
    3.«Піл, пальма, қолтырауын (крокодил)» сергіту жаттығуы
    Қатысушылар шеңбер жасап тұрады. Ойынды бастамас бұрын 3 фигураны қалай көрсету керек жайлы айтылады. «Піл» сол қолымен мұрынды ұстайды, оң қолын пайда болған ілмектен өткізеді. Оң және сол жақта тұрған көршілері қолдарын созып, пілдің құлағын жасайды. «Пальма»  аяқтың ұшымен тұрады. Қолдарын жоғары созып, саусақтарын сәл бүгеді. Көршілері қолдарымен бұлғайды. Бұл пальманың жапырақтары. «Қолтырауын»  екі қолымен аузын бейнелеп көрсетеді, көршілері қолдарын сәл бүгіп, қолтырауынның аяқтарын көрсетеді. Жүргізуші тез арада осы аталған үш фигураның біреуін атап, қатысушының біреуін атап көресетеді. Ол қатысушы тез арада аталған фигураны көрсете алуы керек, ал көршілері көмектеседі.

4.«Онға дейін сана» жаттығуы
Қатысушылар шеңбер жасап отырады және көздерін жұмады. Жүргізушінің белгісі бойынша топ 10-ға дейін санаулары керек. Ал санды рет ретімен айту керек. Егер бір санды 2 адам айтатын болса, топ берілген тапсырманы орындай алмағаны болып саналады.
5.«Атомдар және молекулар» жаттығуы
Қатысушылар атомдар болып жүреді. Жүргізуші бір санды айтқанда қатысушылар бірігуі қажет.

6.«Тілек шамы» жаттығуы
Қатысушылар бір-біріне жүрек жарды тілектерін айтады.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.