Home » Жаңалықтар » Зияткерлік мектептер денсаулыққа жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруда

Зияткерлік мектептер денсаулыққа жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруда

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде қызмет атқаратын биология пәні мұғалімдерінің жаздық демалыстары Нұр-Сұлтан қаласына саяхаттан басталды. Елордаға мұғалімдерді UNFPA –ның (БҰҰ халық қоры) Қазақстандағы кеңсесі шақырды.

Мұғалімдердің бесінші тоқсаны денсаулыққа жауапкершілікпен қарауға арналған көкей кесті семинардан басталды. Тренерлер – United Nations Population Fund бойынша танымал сарапшылар, халықаралық жобалар  және БҰҰ агенттіктерімен әріптестік қатынаста жүрген  Любовь Дорожкина мен Мира Сауранбаева болды.

– Біздің мақсатымыз – балалардың бойындағы өз денсаулығына деген жауапкершілікті арттыру. Сол себепті біз мұғалімдерге арнайы курс дайындадық. Осы жобаның пилоттық нұсқасы жақсы нәтиже берді. Бүгінде жобаны масштабтау жұмыстары жүргізілуде, – деді Қордың Қазақстандағы атқарушы өкілі Раймбек Сисемалиев.

Мұғалімдердің үлкен қызығушылығын  оқу процесінің жеті негізгі қағидасы, атап айтқанда, ғылымилық, көрнекілік және аймақтық, отбасылық құндылықтар, репродуктивті денсаулық, гендерлік теңдік сынды  тақырыптар тудырды.
– Денсаулыққа деген жауапкершілікті қалыптастыру үшін, мұғалім мен оқушының арасындағы бір-біріне деген сенімділік қарым-қатынас ортасын құру керек,– деді Мира Сауранбаева.

Бүгінгі күні Зияткерлік мектептердің мұғалімдері алдағы оқу жылына интеграцияланған модульдерді, интерактивті әдістерді, жазғы семинарда игерген барлық білім мен инновацияларды енгізуге дайын.

 

 

Назарбаев Зияткерлік мектебі
Нұр-Сұлтан қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.