Home » Мақалалар » Зерттеушілік әрекет – дарынды балалармен жұмыс жасау әдісі

Зерттеушілік әрекет – дарынды балалармен жұмыс жасау әдісі

ЕЖИХАНОВА ГҮЛШАҺАР ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ
Павлодар облысы, Ақсу қаласы,
№2 жалпы орта білім беру мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

 

Дарын дегеніміз — белгілі бір жағдайдағы ең үздік мүмкіндік, қабілеттіліктің жоғары сатысы. Әдетте дарын белгілі ортада байқалады.

Дарындылықты өмір ағымымен дамып отыратын психика сапасының жүйелілігі ретінде түсінеді, ол белгілі бір адамды басқа адамдармен салыстырғанда, бір немесе бірнеше әрекетте өте жоғары нәтиже көрсетуімен байқалатын жетістік мүмкіндігін аңғартады.

Дарынды бала – белгілі бір әрекетте жарқын, айқын, кейде өте жоғары жетістіктерімен (немесе осындай жетістікке ішкі қабілеті жететін) ерекшеленетін бала.

Дарынды балаларды айқындау бақылаудың негізінде, психологиялық ерекшелігін, сөйлеу, есте сақтау, логикалық ойлау қабілетін зертеу барысында бастауыш мектепте-ақ басталуы тиіс.

Дарынды балалардың белгілері:

— көпшілікпен салыстырғанда өте жоғары білімді ерекше, оқуға құштар, шығармашылық мүмкіндігі мен көзге түсуі байқалады;

— өте басым боп келетін белсенді де саналы талап көрінеді;

—  білімді терең игергеннен, ой еңбегінен қуаныш сезінеді.

Өмірдің өзі мектептен талапкердің ылғи өзгеріске түсіп отыратын жағдайларда жол таба білуге, ашық, жайдары, тез тіл табысатын және құзіреттіліке дайын болуын талап етеді.

Дарындылық — жеке тұлғаның өте күрделі, көп аспектілі қыры. Белгілі зерттеуші Н.С.Лейтес қабілетті балалардың 3 категориясын анықтап берді.  Бірініші категория – ой — өріс қабілеті ерте жастан байқалған оқушылар.  Екінші категория – жеке бір іс-әрекет түрі мен белгілі бір мектептегі ғылым түріне қабілеттілігімен көзге түскен оқушылар. Үшінші категория – дарындылық күш – қажырымен ерекшеленетін оқушылар.

Бала бойындағы белгілі бір қабілеттің  жарқын көрінісі ой-өріс деңгейінің жалпы дамуымен, ғылымның, өнердің арнайы бір саласын бейімделуімен сипатталады.

Бала дарындылығының негізгі белгілерін Ү.Б.Жексенбаева өз еңбектерінде былай көрсеткен:

— арнайы психометриялық тест;

— баланы бақылаудың түрлі тәсілдері (оқу және оқудан тыс әрекеттерінде, зертханалық жағдайларды)

— арнайы бағдарлама аясында сынақ сабақтарын өткізу;

— педагог тарапынан оқушының іс — әрекеті мен мінез — құлқын эксперттік бағалау;

— әр түрлі зияткерлік жарыстар, байқаулар, олимпиадалар т.б. өткізу;

— оқушы шығармасының туындыларын эксперттік бағалау;

— арнай психодиогностикалық тренинг;

Оқушылар келесі бағытта танылып айқындалады:

— шығармашылық ойлау қабілеті;

— өзін-өзі бағалау деңгейі;

— төзімділік;

— әрекеттің тәуірлеу түрлері;

— сезімталдық күші;

— Сіз көшбасшысыз ба?

— Сізге не ұнайды (қызығушылық картасы)?

— Тапсырма беру диагностикасы және тұлғаның бейімділігі;

— Дарынды балалардың тәртібі туралы мінездемесі;

Мұғалім міндетті:

  • жақсы тілектес және сезгіш болуға;
  • дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктерін жете білуге, олардың талабы мен қызығушылығын сезуге;
  • зияткерлік дамудың жоғары деңгейінде болуға;
  • қызығушылық пен икемділіктің кең көлемін игеруге;
  • дарынды балаларды оқытумен байланысты әртүрлі міндеттерді орындауға дайын болуға;
  • пысық және белсенді мінезді болып келуге;
  • әзіл-оспақты сезіне білуге (мысқылдан аулақ болуы керек);
  • икемділік танытуға, өз көзқарастарын қайта қарауға және үнемі өзі қол жеткізуге дайын болуға;
  • шығармашылық жеке дүниетанымы болуға;
  • дені сау және өмірде тұрақты болуға;

Дарынды балалармен жұмыс жасаудың бұл кезеңінде жұмыстың топтық формалары әлдеқайда орындырақ: («ақыл шабуылы»), рөлдік тренингтер, ғылыми-тәжірибелік жұмыстар, жобалық тапсырмалар және т.б.), әр сабақта пәннен бөлек шығармашылық тапсырмалар қолданылуы керек, эссе жазу.

Мектептегі сыныптан тыс тәрбие жұмыстар жүйесі  дарынды оқушылардың дамуына және жасырын жатқан дарындылық пен қабілеттің шығуына әсер ететін маңызды фактор болып саналады.

Дарынды және талантты балаларға арналған оқу бағдарламасы алдыңғы маңызы бар принциптермен бірге бағалануы керек. Сонымен бірге балалардың күрделі ойлау процесіне, олардың шығармашылыққа икемділігіне және орындау шеберлігіне басты назар аударылады.

Карне, Шведел және Уильямс дарынды балаларға арналған бағдарламаның келесі ерекшеліктерін көрсетеді:

— әдеттегі оқу жоспарына кірмейтін материалдармен танысу;

— таңдалған тақырыптың терең жұмыс жоспарының қамтылуы;

— оқу процесінің алдын ала құрылған өзгермейтін бірізділікке емес, танымдық талаптарға сәйкес орындалуы;

— абстрактылы түсінік пен жоғары деңгейдегі ойлау процесін талап ететін әрекеттің күрделірек түрлеріне ерекше мән беру;

— қолданылған материалдарға, уақытқа және ресурстарға қатысты үлкен ой икемділігі;

— тапсырмаларды орындаудағы еркіндік пен мақсатқа бағытталған өте жоғары талаптар;

— көшбасшылық қабілетті жасауы және көрсетуі үшін кең мүмкіндіктердің берілуі;

— шығармашылық және өндірістік ойлаудың кеңейтілуі;

— өз-өзінің және қоршаған ортаның тәртібін талдай білуді тәрбиелеу;

— білім базасын кеңейту және тілдік қабілетті дамыту үшін әсерлі алғышарттарды жасау.

Танымдық қабілеттер мен машықтар

-ақпараттың кең көлемін игеру.

— бай сөздік қор.

— игерілгенді жаңа материалға көшіру.

— себеп-салдарлық байланысты құру.

— құпия тәуелділік пен байланыстарды құрықтау.

— шешім шығара білу.

— ақпаратты шоғырлай және жинақтай білу.

— күрделі мәселелерді шешуге қатысу.

— ақпаратты ұйымдастыру.

— күрделі ойларды аулай білу.

— астарлы айырмашылықтарды аңғара білу.

— қарсылыққа сезімталдық.

— ақпаратты іздеудің альтернативті жолдарын қолдану.

-жағдайды талдау.

— процестің өзін де, нәтижесін де бағалай білу.

— кейін неге апарып тірелетінін көре білу.

— талқылай білу.

— болжам жасау.

— ойды тәжірибеде қолдану.

— қайта жасауға икемділік.

— ойлаудағы сыншылдық.

-жоғары білімқұмарлық.

  1. Шығармашылық қабілеттер

-тәуекелшілдік қабілет.

— бағытынан тайған ойлау қабілеті.

-ойлау мен әрекетте икемділік.

-ойлау жылдамдығы.

— өзіндік идеяларын айта білу және жаңа бір нәрсені ойлап табу қабілеті.

-бай қиял.

-жоғары эстетикалық құндылықтар

-дамыған сезгіштік.

  1. Эмоционалды ортаның ерекшеліктері

-шынайы Мен-концепциясы.

-өзгеге сыйластық.

-адамдарға эмпатикалық қатынас.

— өзге адамдардың ерекшеліктеріне төзе білу.

-өзін-өзі талдауға икемділік.

-сынға шыдамды қатынас.

-нәрселер мен ойлармен бөлісуге дайын болу.

-тапсырманы орындауда табанды болу.

-ойлау мен тәртіпте тәуелсіздік.

-мадақтауды күткенде шыдамсыздықтың болмауы.

-жарысқойлық.

-әзілқойлық сезімі.

— өз күші мен қабілетіне сенімділік.

Баяндаманың негізгі бөлімінде дарынды балалармен жұмыс жасау кезінде –зерттеу жұмыстарымен айналысқан өте тиімді жолдың бірі деп санаймыз. Себебі, оқушы жан-жақты білімді, қызығушылы мол, ізденмпаз, еңбекқор нағыз құзіретті тұлға болып қалыптасады. Біз өзіміздің дарынды оқушыларымыздың қабілеттеріне қарай, қызығушылықтарына қарай жоспар құрып, мынадай іс-шараларға қатыстырамыз:

 ТақырыпЖұмыс түрі
 «Абай оқулары»Мәнерлеп оқу
2О.Бөкейханов оқуларыМәнерлеп оқу
3«Махамбет оқулары»Мәнерлеп оқу
4Қалалық, облыстық олимпиадаБілім сайысы
 КИОБілім сайысы
6Ғылыми жобалар сайыстарыЗерттеу жұмыстары
7Шығармалар сайысынаШығармашылық жұмыстары

Ал, зерттеушілік әрекетін – дарынды балалармен жұмыс жасау әдісін қолдану барысында оқушыларымызбен  болашақта мынадай тақырыптарда зерттеу жұмыстарын жүргізіп,  жұмыстарды ғылыми-жобалар сайысына ұсынамыз.

Дарынды оқушыларымыздан мектептегі, қалалық, облыстық кітапханада қалай жұмыс істеуін, ғылми-зерттеу еңбектерін қалай оқуын, дұрыс пайдалануын, ғаламтордағы материалдарды аса байқампаздықпен, талғаммен, саналы түрде пайдалануына бағыт-бағдар көрсетіп, нұсқау береміз.

Дарынды балаларды оқыту мен дамыту мәселесі барлық педагогтық қоғамның қалт еткізбес назары мен өзара тығыз әрекеттестігін талап етеді. Ол:

  1. Рухани зияткерлік және шығармашылық дарыны бар балалар санының арттыру.
  2. 2. Дарынды балалармен жұмыс істеуде заманауи әдістермен қарулануы.
  3. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашуға арналған іс-шаралар ауқымын кеңейту.
  4. Оқушылардың жобалық-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.
  5. 6. Дарынды балалармен жұмыс істеу жүйесін жасау
  6. 7. Дарынды балалармен жұмыс істеу үшін оқытудың жаңа технологияларын жоспарлау мен жіктеу.
  7. 8. Дарынды балалармен жұмыс жасаудың әртүрлі қырынан проблемалар шығару.

Дегенмен,  жүргізілген зерттеу өзекті,  әрі күрделі де, көп салалы мәселе болғандықтан, оның барлық қырларын бір ғана зерттеуде қамтып шығу мүмкін емес.  Біздің  осы  жүргізген зерттеу  жұмысымыз  аса  күрделі процестің бір ғана қырын ашып көрсетеді.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.