Home » Жаңалықтар » Заң алдында барлығы тең!

Заң алдында барлығы тең!

 

Қазақстан Республикасының цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ақпаратына сәйкес, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментімен «Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты» ММ-не қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

Тексеру кезінде, «іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету кезінде аудан әкімі қызмет алушыға 8 жұмыс немесе 10 күнтізбелік күнге мерзімін бұза отырып рұқсат бергені анықталды.

Тексеру нәтижесімен,аталған кемшілікке жол бергені үшін, Маңғыстау ауданының әкімі Кушмаганбетов Тилек Жеткизгеновичке қатысты 07.06.2019ж. ҚР ӘҚБтК-нің 465 бабының 1 бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып айыппұл салынды.

25250 теңге көлемінде айыппұл мемлекет пайдасына өндірілді.

 

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.