Home » Жаңалықтар » Маңғыстау облысында басқарма басшысы жазаға тартылды  

Маңғыстау облысында басқарма басшысы жазаға тартылды  

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментімен ҚР цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ақпаратына сәйкес, Маңғыстау облысының денсалық сақтау басқармасында жоспардан тыс тексеру жүргізілген.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін (лицензия) 08.02.2019 жылы қызмет берушіге беру керек болатын.

Алайда, қызмет алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі (лицензия) басқарма басшысы Т. Бапиевтің қолымен 19.03.2019 жылы, яғни 26 жұмыс күніне кешіктіріліп берілген.

Айта кету керек, «е-лицензиялау» ақпараттық жүйесіне келіп түскен өтініштерді басқарма басшысының көріп бақылауына толық мүмкіндігі болған.

Осылайша, басқарма басшысы тарапынан лауазымды тұлға ретінде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бұзылуына жол берілген.

Көрсетілген құқық бұзушылық ҚР ӘқбҚ Кодекстің 465 бабы 1 бөлігіне сәйкес, Рұқсат беру мерзiмiн бұзғаны үшін Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бапиев Талғат Әнуарбекұлына әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, 25250 теңге көлемінде айыппұл мемлекет кірісіне өндірілді.

 

 

ҚР МҚІжСЖҚІҚ агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.