Home » Балабақша » Заманауи отбасындағы тәрбиенің психологиялық ерекшеліктері

Заманауи отбасындағы тәрбиенің психологиялық ерекшеліктері

Қазіргі кезде жанұядағы басты мәселелердің бірі – баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру. Бұған баланың күн тәртібі, міндеттері, қойылатын талаптар: оның үй еңбегіне қатысуы, оқу іс-әрекеті, бос уақытын ұйымдастыру жатады.

Баланы тәрбиелеуге ата-ана жеткілікті мән бермесе, бұл істің нәтижесіз болары күмәнсіз. Абай былай дейді: «Балаға көбіне үш түрлі мінез жұғады. Біріншісі – ата-анадан, екіншісі – ұстазынан, үшіншісі – құрбысынан. Солардың ішінен қайсысын жақсы көрсе, сонысынан көбірек жұғады». Сондықтан жұмыста қаншалықты шаршап-шалдығып жүрсе де ата-ана бала тәрбиесін ұмытпау тиіс. Балалардың болашақ қадамы отбасында басталатыны бәрімізге аян.

Үлкен және кішінің арасында сенімді қарым-қатынас болғанда ғана бала ата-ананың қобалжуын түсіне алады, тек түсініп қана қоймайды, сенімді досқа айналады. Ата-ана өздерін жоғарыдан төмен түсіріп, баласымен теңбе-тең қарым-қатынас жасаса, сонда ғана бала өзін тәрбиеленуші ғана емес, сонымен қатар анасының қорғаны, әкесінің көмекшісі болып, жауапкершілігі мол, өзін-өзі басқара алатын және өзін де, өзгелерді де силайтын болады.

Отбасылық ынтымақтастықты көтерудің жоғары тиімділігі тренингтерге байланысты болады. Осы бағыттағы жұмыстың түрі ретінде балалар ата-аналар қарым-қатынастарының тренингін ұсынуға болады: «Біз бір-бірімізді қалай сезінеміз».

Тренинг мақсаты: отбасындағы эмоционалдық байланысты үйлестіру.

Тренинг барысында шешілетін міндеттер:

— отбасы мүшелерін эмоционалды жақындастыру үшін жағдай жасау;

— қатысушыларды сезімдері мен эмоцияларын өздігінен білдіруге үйрету;

— тренингке қатысушыларды эмоционалдық қауырттылықтан құтылу тәсілдеріне, негативті эмоцияларды шығара білуге үйрету;

— әрбір қатысушының бойында эмпатия сезімін қалыптастыру;

— ата-аналар мен балаларда эмоционалдық қолдауды сезіну дағдыларын қалыптастыру.

 

1-тренинг.

  1. Бэйджерді рәсімдеу

Материалдар: қатты қағаз кеспелері, түйреуіштер, фломастерлер.

Барлық қатысушыларға өз кеспе қағазында кез-келген ойын ойнаудағы есімін жазу ұсынылады: нақты, ертегі кейіпкерінің, ойдан шығарылған. Өмірде өзі қалайтын атты да таңдап алуына болады.

  1. «Айнұр-ақылды»

Барлық оқушыларға өз есімін атау ұсынылады (ата-аналары балаларына көмектеседі – баласына қойылған есімнің себебін түсіндіреді).

Ескерту: жүргізуші сын есімдерді таңдауға көмектеседі. Бұл жаттығу тренингке қатысушылардың қазіргі жағдайын көруге мүмкіндік береді.

  1. «Отбасылық елтаңба мен әнұран» жаттығуы

Материалдар: қағаз, бояулар, қылқалам, су, фломастерлер, түрлі-түсті қарындаштар, өшіргіш.

Жүргізуші барлық қатысушыларға бұрынғы заманнан бері адамдар өмірлік пәлсапасын, отбасының басты құндылықтарын ықшамды түрде көрсететін өз отбасының елтаңбасын әр түрлі белгілерден құрастырып, салғандығы жайында баяндайды. Жұптағы «ата-ана-бала» қатысушыларға өз елтаңбасын салу ұсынылады, ол міндетті түрде бір нақты нәрсе болуы шарт емес, ол түстердің жиынтығы, геометриялық фигуралар, түрлі-түсті таңбалар болуы мүмкін.

Одан кейін суреттер едендегі шеңбердің ортасына салынып, жүргізуші әрқайсына өз елтаңбасы туралы, нені білдіретіндігі жайында айтуды сұрайды. Мұнда барлық қатысушылардан өз елтаңбасы жайында әңгімелеген кездегі сезімдері жайында әңгімелеген кездегі cезімдері жайында әңгімелеген кездегі сезімдері жайында сұрау қажет (барлық қатысушылар айтып болған соң, топқа, егер қалауы болса, елтаңбада бір нәрсені өзгертуге болатындығы ұсынылады).

Елтаңбаның жанында өздерінің өмірлік ұранын жазып қою қажет болады. Ұран қысқаша және өмірлік ұстанымдарды, идеялары мен мақсаттарын бейнелеу керек.

Жұмысты аяқтаған соң талқылау жүреді.

Талқылауға арналған сұрақтар:

*Топқа қатысушылар өздері туралы және басқалар туралы қандай жаңа нәрселерді білді?

*Қандай сезімдерді басыныздан кешірудесіз?

*Бір-біріңізбен не туралы ой бөлісер едіңіздер?

Ескерту: сурет бірігіп салынуы тиіс. Елтаңбаның бейнесі мен ұраны өмірде ата-аналар мен балалар бағалайтын ең бастысы мен ортақ нәрсесіне негізделуі қажет.

  1. «Өз анаңды тап» жаттығуы

Нұсқау: баланың көзі орамалмен байланады. Қатысушы аналар бір қатарды біртіндеп жағалай отыра, сипап жүріп анасын табу керек. Барлық қатысушылар ойынға қатысады. Ата-аналарға керісінше ұсынуға болады: жабық көзімен анасы баласын табу керек.

 

5 «Жақсы көруші ата-аналар»

Қатысушыларға алдымен «ата-ана» рөлін ұсынады, сосын олар өз балаларымен рөлдерін айырбастайды – «баланың» рөлін орындайды, ал балалары «ата-анысының» рөліне енеді.

Жаттығуды еденде кілем үстінде отырып орындағын жақсы (бесік әуені жүреді).

«Ата-аналар өзінің сүйікті баласын тербетеді. Алдымен әкесі немесе анасы баласын еркелетіп өзіне қарай тартады, оған мейірімділікпен қарайды. Анасы немесе әкесі баласын басынан бастап қолдарын, баланың денесін аймалап, сипалайды, баласына аса бір мейірбандықпен және махаббатпен қарап, әуезді әуенмен бірге оңға-солға тербетіледі».

Жаттығу аяқталған соң қатысушылардың қайсына қай рөл ұнағандығы және несімен ұнағандығы жайында талқылау жүреді.

  1. «Ағашпен сөйлесу» жаттығуы

Жүргізуші: Мен сіздерге ағаштар еліне саяхатты ұсынғым келеді, ыңғайланып отырып, көздеріңізді жұмыңыздар. Бірнеше рет терең демалыңыздар… Көз алдарыңызға орманның ішінде қыдырып жүргендеріңізді елестетіңіздер. Тамаша көктемгі күн. Көгілдір аспан, күн жарқырап тұр. Сіз үлкен орман ішінде келе жатырсыз. Мұнда алуан түрлі ағаштар бар: жапырақты, қылқан жапырақты, үлкен және кіші.

Осы орманның бір жерінде бір ағаш бар – ол ағаш сізбен сөйлесетін болады, тек қана сізбен. Ол ағаш сіздің досыңыз болғысы келеді. Жан-жағына дұрыстап қараңыз да, өз ағашыңызды табыңыз. Оған жақындап келіңіз жіне құлағыңызды тосыңыз. Ағаштың сақиналарынан шырынның қалай ағып бара жатқаның естисіз бе? Оның даусы қалай шығып тұр? Ағаштың даусына өте мұқият құлақ салыңыз. Оның даусы қандай? Ашық қоңыраудай ма? Әлде сыбырлай ма? Өзеннің сылдырындай ма? Бұл дауыс Микки Маустікіндей көңілді ме әлде қарт адамның байсалды даусы ма?

Егер де сіз ағаштың даусын танысаңыз, оны мұқият тыңдап алуыңызға болады. Сіз өте тамаша істейсіз! Тынышталыңыз» Шшшш… ағаш сізге бір нәрсе айтқысы келеді..  оның айтқан сөзінің бірін де жіберіп алмаңыз…

Мүмкін, ол сізден бір нәрсе істеп беруіңізді өтінетін шығар. Мүмкін, ағаш сіздің бүгінгі мәселелеріңізді шешуге көмектескісі келген шығар… (15 секунд).

Ағаштың сізге не айтқысы келгенін естіген кезде маған белгі беріңіз, қолыңызды көтеріңізді.

Сізге ағаштың не айтқанын есте сақтаңыз. Сонымен бірге, ағаштың сіз сияқты тірі енекнін де естен шығармаңыз. Ал, енді ағашпен қоштасыңыз, …орнынызға келіңіз. Қолдарыңызды созып алып, рахаттанған және де алған күйлеріңізде осында болыңыз… парақ қағаз алып, өз ағашыңыздың суретін салыңыз.

Осыдан кейін барлығы суреттерін көрсетеді және ағаштың не айтқандығы туралы әңгімелеседі.

Диханбаева Сауле Амаангельдиновна

Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы,

Дружба орта мектебінің педагог-психологі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.