Home » Жаңалықтар » ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ

ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ

«Акбулак-Жаңаөзен» жекеменшік балабақшасында қалалық білім бөлімінің бұйрығымен өзін-өзі тану: «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» дәстүрлі онкүндік іс-шарасының «ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ» атты қайырымдылық акциясы өткізілді.

Адам баласына қолыңнан келсе, жақсылық қыл, жасаған жақсылығың алдынан шығады демекші қайырымдылық акция қаламыздағы аз қамтылған, көп балалы отбасы мен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналды. Балабақшада қайырымдылық акцияға арналған жәшік қойылды. Кездесуге келген балаларға балабақшада концерттік кеш ұйымдастырылды. Ертегі әлемінен кейіпкерлер келіп, балабақша бүлдіршіндері де өздерінің өнерлерін көрсетіп балаларды қуантты.

Балабақша директоры Қайшыбаева Әсел Айтбайқызы азық-түлік пен үй жағдайына керек тұрмыстық техникалармен қамтыса, балабақша қызметкерлері мен ата-аналарымыз осы отбасыларға сәл болса да қол ұшын беру мақсатында, ақшалай, киім-кешек, азық-түлік, заттай көмек көрсетіліп табысталды. Осы акцияны ұйымдастыру барысында қол ұшын созған мейірімді жандардың көп болғандығы бізді қуантады.

Бекжанова  Динара  Мырзабекқызы

Маңғыстау облысы,

 Жаңаөзен қаласы,

«Акбулак-Жаңаөзен» жекеменшік

 балабақшасының әдіскері

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.