Түркістан облысы, Түркістан қаласында 1918 жылы іргетасы қаланған Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебі бір ғасырлық ғұмырында жүз рет алғашқы қоңырауы мен жүз рет соңғы қоңырауын соғып, қаншама жас ұрпақты тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатып келеді.
Қойнауында талай тарихты бүгіп жатқан білім ордасы осы жылдар ішінде мыңдаған шәкірттің жүрегіне нұр құйып, түлетіп ұшырды. Солардың жеткен жетістіктері, шыққан биіктері, атқарған игі істеріне сүйсініп, мақтанып жүрген жайы бар бүгіндері. Кеңес заманынан келе жатқан бұл мектеп киелі шаңырақ, іргелі орда. Жуырда киелі шаңырақ, іргелі орда өзінің жүз жылдық мерейтойын тойлап өтті. Білім ордасының 100 жылдық мерейтойының салтанатты кешін Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ғ.Рысбеков ашып, құттықтау сөз сөйлеп, мектеп мұғалімдерін қала әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Жас ұрпақ білімді болса, мемлекетіміздің ертеңі нұрлы болады» деп сенім білдіргеніндей, мектептің әрбір түлегі тәуелсіз Қазақстанның болашақ ұрпағы.
Мектептің 100 жылдық мерейтойына қала әкімінің орынбасары Ғ.Рысбеков, ҚББ нің бастығы А.Батырбекова,әдістемелік кабинетінің меңгерушісі М.Ибраева, әдіскерлер Ф.Ташметова, Ж.Нұржакеевалар, Ақсақалдар алқасы төрағасы Ж.Әзіретбергенов,Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ төрайымы Д.Турманова,Қазақстан өзбектері этномәдени қоғамдық бірлестігі «Достық» ассоциясының төрағасы И.Хошимжанов, Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласынан педагогика пәндер докторы, профессор Талипова Жамила Бакишқызы , педагогика пәндер кандидаты, доцент К.Сапаев, педагогика пәндер кандидаты Мавлюда Муталипова, Ф.Паччаева Өзбекстанда қызмет көрсеткен артист Ж.Раметовтар өздерінің мектепке деген жылы лебіздерін білдіріп, мектеп ұжымына шығармашылық табыс тіледі.
Сонымен қатар мерейтойға Облыстық өзбек этномәдениет бірлестігінің мүшелері Х.Давронбеков, Б.Турдикулов, Ш.Норалиевалар, «Жанубий Қозоғистон» газетінің директоры,бас редактор А.Сатволдиев,Түркістан қалалық өзбек этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Ирсметов, орынбасары З.Бекенов, Ауған соғысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Қожабаев,орынбасарлары Ж.Жантілес, З.Абдураимовтар,«Ақ жол» фирмасының бастығы С.Атаев, «Тас жол» ЖСШ бастығы А.Исетов, Мектеп түлектері, ардагер ағалар М.Умаров,Х.Хабибуллаевтар және мектеп бітірген түлектері қатысып, мектеп ұжымына,мектеп әкімшілігіне өз ризашылықтарын білдіріп,ұжымға шығармашылық табыс тіледі.Мектептің әлі де биік шыңдардан көрінетіндігіне үлкен сенім білдірді.
100 жылдық мерейтой қарсаңында демеушілік еткен барлық мектеп түлектеріне, ата-аналарға өз алғысымызды білдіреміз.
Халықтың нұрлы ертеңі үшін, ел игілігі жолында атқарып отырған еңбектеріңіз жемісті болсын. Шәкірттеріміз еліміздің мәртебесін өсіріп, көсегесін көгертер асыл азаматтар болып өссін.
Илмира Төлегенқызы,
Хамза атындағы №2 жалпы орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі