Home » Жаңалықтар » Жырлайды жүрек

Жырлайды жүрек

2019 жылғы 8 ақпан күні халқымыздың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы Қаражота ауылы Б.Момышұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 7 б сыныбының сынып жетекшісі Әуелғазина Зәмзагүл Құдайбергенқызы Қаражота ауылындағы Мәдениет үйімен бірлескен «Жырлайды жүрек» атты ашық тәрбие сағатын өткізді.

Мақсаты: көркем әдебиетке деген оқушылардың сүйіспеншілігі мен қызығушылығын арттыру, ақын бойындағы асыл қасиеттерді бойға сіңіру. Оқушыларды ұлтжандылық рухқа, ізгілік пен ізденімпаздыққа үйрету, ой ұшқырлығына баулу.

Аталған іс-шара төмендегідей екі бөлімді қамтыды.

1 бөлім:

І — кезең. Таныстыру.

ІІ — кезең. «Бәйге» деп аталады. 10 сұрақтан қойылды.

ІІІ — кезең. «Ұтқыр болсаң тауып көр». Ақын өлеңдерін нақышына келтіріп оқу.

ІҮ — кезең. Ақынға арнаған оқушының арнау өлеңдері.

Ү — кезең. «Сиқырлы ұяшықтар». Әрқайсысына 5 сұрақтан 20 сұрақ бар.

 

2 бөлім:

«Әнді сүйсең менше сүй дегендей» 2 — бөлімде  ақын өлеңдеріне жазылған әндерден «Екі жұлдыз» сайысын ұйымдастырылды. Төрт жұп қатысып, бас жүлдені Бабахан Мағжан және Смабек Бекзат алды.

Тәрбие сағатына қатысқан мектеп басшылары мен мәдениет үйінің директоры Шыныбаева Гүлзат өткізілген ашық тәрбие сағатына үлкен ризашылықтарын білдіре отырып, іс-шараға белсене қатысқан оқушыларды ауыл әкімінің Алғыс қағаздарымен марапаттады.

Сонымен қатар, осындай тәрбие сағаттарының көбірек өтілуіне ұсыныс айтып кетті.

 

 

Айгүл Нұрақбаева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.