Home » Балабақша » Жомарт күз

Жомарт күз

Топ іші тақырыпқа сай безендірілген.

Балалар қолындағы жапырақтарын ұстап музыкамен кіреді, орындарына барып тұрады, бірнеше  қимылдарды жасайды.

Жүргізуші:

Армысыздар қадірменді ата-аналар,балабақша ұжымы және балалар! Мерекелі де, ырысты мерекемізді бастайық. Бүгінгі біздің «Ақсұңқар» тобының «Жомарт күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.Олай болса, балаларымыздың күз мезгіліне  арнап жаттаған өлеңіне кезек берейік.

Ән: «Күз тамаша»

Жүргізуші: -Енді балаларымыздың күз мезгіліне  жаттаған тақпақтарын айтуға ортаға шақырамыз.

Күзім-ау, күзім-ау,

Мінезің бұзық-ау.

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық-ау,

Дала сары киініп,

Самал соқты салқындау .

Қырмандарға үйілді,

Алтын астық алтын тау.

Алма пісіп,

Алмұрт түсіп.

Күзде бақтар,жайнайды,

Құстар қайтып, қош айтысып,

Қимас үнмен сайрайды.

Жемісті мол теретін,

Күз дос екен біздермен,

Бәрін тауып беретін.

Жомарт екен күз деген.

Тамсандырып таңдайды,

Жеміс-жидек піседі.

Жапырақтар сарғайып,

Жер бетіне түседі.

Қазан болды молшылық

Тосын сәт

(музыка ойналады залға мыстан кіреді)

Жүргізуші Ой мыстан сен қайдан жүрсің?

Біздің күткен қонағымыз басқа еді.

 Мыстан:  Ах-ахаха-ха деп сөзін бастайды

Не сонда мені күтпедіңдерме?

Менсіз не болайын деп жатыр бұл жерде?

 Жүргізуші: Тоқта мыстан, неге келдің біздің бақшамызға?

Алтын күзіміздің шырқын бұзба. Бізге қонаққа Күз, Бұлт, Жапырақ келмекші еді

 Мыстан: Күн, Бұлт, Жапырақ қонаққа келеді дейсіңбе? Деп тағыда қатты қарқылдап күледі, балаларды бір айналып шығады.

Жүргізуші: Ия Бұлт келеді. Біз оған Жау-жау жаңбыр әнін айтып береміз. Жапыраққа жапырақ биін тарту етеміз. Ал Күз бен ойын ойнаймыз.

Мыстан: Жарайды онда мен кеттім деп (шымылдықтың артына кіріп кетеді)

Жүргізуші: Ух қатты қорқып кеттік ия- балалар. Мыстан келеді деп кім ойлаған. Қайта тез кетті, ақылды мыстанба деп ойлап қалдым.

Бізге біреу асығып келе жатқан сияқты. Кәне қолды шапалақтап қарсы алайықшы.

Күн:         Армысыңдар балалар

Бармысыңдар қонақтар

Күткендерің менмінғой

Менде асығып келдімғой

Жылуым бар, нұрым бар

Менен артық кімің бар

Жүргізуші: Тоқта- тоқта алқынба,

Бұлтты да қарсы алайық.

Топқа бұлт кіреді                

Бұлт: Балаларды бір айналып былай дейді:

Алтын күзде келіпті

Байтақ жеріме еніпті

Жаңбырымды көп төгіп

Нұрландырам жерімді .

 Жүргізуші: Дұрыс дұрыс ашумен емес осылай көңілді келген дұрыс мерекеге. Балалар сізге арнап ән дайындап отыр.Қабыл алыңыз.

Ән : Жау- жау  жаңбыр

Бұлт: Қандай әдемі ән. Бірақ та мен аспанды бұлтпен жауып, күнді де суытып жауын болып жауғым келіп тұр.Жаңбыр жаумаса жер-көк қурап кетеді гой.

 Жүргізуші: Сен асықпа бұлт. Жаңбырыңды жауғыз, біз жаңбырдан қорықпаймыз жауын жауса қуанып қонаққа келер қол шатыр, қол шатырды алайық мың бұралған қыздардың қолшатыр биін тамашалайық.

Би: Қолшатыр

Бұлт оданда саған арнап жаттаған тақпақтарын қабыл ал.Тамаша қабыл алуға мен дайынмын.

    Көктемде егін егетін

Күзде жиып беретін

Біздің дала бай дала

Алтын астық айнала

 

Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді

Жүргізуші:   Ал балалар, балалар

Енді бері қараңдар

Бізге қонақ келмекші

Сендерді де көрмекші

Сол қонағымды дәл ортаға шақырмақпын

Қонағымыз кім деп ойлайсыңдар.

Балалар хормен-Күз.

Өте жақсы ендеше уәде еткенімдей ортаға Алтын күзді шақырайын

Алтын күз: — Сәлеметсіндерме балалар,

Сәлеметсіндерме қонақтар.

Мен алтын  күзбін,

Жайдары жарқын жүзбін.

Қонаққа келдім сендерге,

Алып келдім өзіммен,

Алтын күздің сыйлығын.

Күз сыйлығын алыңдар шаттықпен ән салып, би билеңдер.

Жүргізуші: Рахмет саған Алтын күз.

Күз: — Бұлт, күн сендер менің жапырақтарымды көрген жоқсыңдарма? Сендермен бірге ұшып келген жоқпа?

Бұлт, күн: Жоқ- жоқ көрген жоқпыз.

Жүргізуші: Тыңдандар,тыңдандар  жел соққан секілді, жапырақ ұшып келген шығар.

Жапырақ:  Жапырақтар қолында,

Апайлары жаңында.

Не деген көп балалар,

Бақшамыздын залында.

Күз:             Қош келдің жапырағым,

Мен сені жоғалтып алдым.

 Жүргізуші: Қош келдің ұшып жапырақ!

Жапырақ:  Мерекелік сән қайда,

Бүгінгі айтқан ән қайда,

Желбірейді жапырақ,

Жел өтінде жаңғандай.

Кәне  менін жапырақтарым, қайдасыңдар маған ұшып келіңдер, бір би билеп беріңдер.

Би: «Жапырақтар»

Бұлт: Рахмет балалар ал енді біз қайтайық тамашаны осынау ай жұлдызға айтайық. Солай ма күн?

Күн Солай, солай қара бұлт,

Жүргүзуші:Балалардың жаттаған орысша және ағылшынша жаттаған

тақпақтарын кетерлеріңде тыңдап орманға көңілді қайта ғойыңдар. 

Осень, осень не спеши

И с дождями подожди

Дай еще нам лето

Солнышка и света

Лето лето до свидания

Не до скорого свидания

Расстаемся мы с тобой

Здравствуй осень как дела?

Ты надолго к нам пришла

Приготовила уж краски

Что бы одеть деревьям маски

Енді ағылшынша айтады: Арнұр,Іңкәр,Бекнұр

     We see orange,

We see brown,

We see leaves,

On the ground.

We see yellow,

We see red,

We see leaves,

Above our head.

Leaves are falling,leaves are falling,

From the trees, from the tress,

Red and yellow, orange and brown,

In the breeze, in the breeze.

Жүргізуші-Тағы бір әнге кезек келіп тұр.Ән «Күздің мезгіл айында»

Мыстан

ның музыкасы ойнайды.

Мыстан: Әй-әй тоқтатыңдар қайтер екен десем мені мүлдем ұмытып кеттіңдер. Мені шақыратын ойларыңда  да жоқ қой.

Жүргізуші: Әй мыстан өзіңғой кетіп қалған

Мыстан. Жоқ қонаққа кім келер екен, менсіз қалай мереке өтер екен деп әдейі тығылып отырдым. Жапырақ, Күн, Бұлт, Күз деп мені мүлдем айтпадыңдар

Жүргізуші: Кешір,кешір онда бізбен достас. Мерекені бірге тамашалайық

Мыстан: Жоқ мен сендерге ренжідім, маған мереке жайлы неге хабар айтпадыңдар

Жүргізуші: Мыстан ақыры келдің енді мерекеде бізбен бірге би, ән, тақпақ тыңдасаңшы. Балалардың өнерін тамашаласаңшы.

Мыстан: Ән тақпақ дегенді ұнатпаймын.Бірақ қашаңғы жаман боламын.Оданда көңілді мерекеде менде жақсы болып жүрейінші.

Жүргізуші:Міне балалар сендер тамаша өнерлеріңмен мыстанды да жақсы жаққа тәрбиеледіңдер.Бұлда сендердің бір тамаша еңбектеріңнің жемісі.

Мақал –мәтел айтуға ортаға бір топ бүлдіршіндер шығады:

1.Досы көп адаспайды

2.Дос,доссыз өмір бос

3.Досы көпті жау алмайды

4.Қалтаңда жүз сомың болғанша,қасыңда жүз досың болсын.

Жүргізуші: Рахмет балалар орнымызға барып отырайық

Мыстан: Жақсы биледіңдер, менде көріп үйреніп алып орманға барып билеп жүрейін.

Жүргізуші:Қыздардың биін  үйренем десең тамаша биі дайын соны тамашалап үйреніп алсаң болады.

Би.: Алматының алмасы

Мыстан: Ой неткен керемет би.Қандай әдемі билейсіңдер. Мені кешіріңдерші сендер өте жақсы балалар екенсіңдер. Мен енді тек жақсы боламын.

Жүргізуші: Қамықпа мыстан тек сен жақсы болсаң балалар саған әліде көп нәрсе үйретеді.

Мыстан: Ия ия енді тек жақсы мерекеге келіп ,көмек керек болса көмектесіп тұрамын.

Алтын күз: Міне мыстаның жақсы болғанын көріп келесі жылға керемет мыстанға сыйлық алып келуге баршаңыздың алдында уәде беремін.

Мыстан;Алақай,алақай келесі жылы маған алтын күз сыйлық береді  деп ыршылап қуанып кетеді.

Жүргізуші: Алтын күз балалардың жақсы өнерін тамашалап ,мыстан жақсы мыстанға айналды.

Мыстан: Ия , ия жақсы мыстан болдым

Жүргізуші: Жақсы мыстанға арнап егінді жинаймыз әнін қабыл алыңыздар

Ән : Егінді жинаймыз

Жүргізуші: керемет балалар әндерің қонақтарға да мыстанға да алтын күзге де ұнады. Рахмет сендерге.

Алтын күз: мен бір ойын алып келіп едім соны ойнайық.(ойын ойнатылады)

Жүргізуші: Рахмет сендерге балалар.

Алтын күз: Тамаша ойнадыңдар балалар енді біз қайтайық.

Мыстан: Алтын күз мен де сенімен бірге жақсы болып орманға қайтайыншы. Енді жақсы боламын деп уәде беремін

Балалар: Қош сау болыңдар деп айтады

Жүргізуші : Құрметті ата –аналар қаншама қонақтарды қарсы алып шығарып салдық. Енді осы мерекеден сіздерге тарту Еңбек туралы әнді қабыл алыңыздар.

Би. Жемістер

Жүргізуші: Бізге келген қонақтар

Айналайын балалар

Мерекеміз бүгінгі

Естен кетпес күн болды

Аман-есен болындар

Кездескенше аман сау болындар.

Осымен ертеңгілігімізді  аяқтаймыз.Келесі кездескенше хош- сау болыңыздар.

Узакова Г.С.

«Сана»оқу орталығы

Ересек «Ақсұңқар» тобы

Алматы қаласы,Алатау ауданы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.