Home » Ашық сабақтар » Жол тәртібін жадыңда ұста

Жол тәртібін жадыңда ұста

Турганбаева Жанар Маратовна

Екінші санатты тәрбиеші

 

 

 

Білім беру саласы: «Әлеумет»
Ұйымдастырылған  оқу  қызметі: Қоршаған ортамен таныстыру.
Мақсаты: балалардың  жолда жүру ережесі туралы білімдерін жетілдіру. Оқу қызметінен алған білімдерін күнделікті өмірде қолдануға дағдыландыру.

Міндеттері: 1.  Білімділік: балалардың  жолда жүру ережесі туралы білімдерін тиянақтай түсу.

  1. Дамытушылық: Жолда жүру ережелерін ойда сақтай білуге,  іс-жүзінде асыра білуге үйрету.
  2. Тәрбиелік: Тәртіптілікке, ұқыптылыққа, көшеде өздерін дұрыс ұстай білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, сахналау, дидактиқалық ойындар.

Үштілділік: бағдаршам-светофор-traffic lights, жол-дорога-road, белгі-знак-sign, жаяу жүргінші-пешеход-pedestrian, көлік-транспорт-transport.

Сөздік  жұмысы: жаяу жүргіншілер,  жиек жол, қарама-қарсы.

Технологиялық қамтамсыз ету: белгілер және бағдаршам макеті, слаид шоу.

Оқу қызметінің барысы:

І. Әсерлі көңіл күй орнату:

Шаттық шеңбері:  Қуан шаттан, қуан шаттан,

Қуанатын күн бүгін.

Қайырлы таң! Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін.

(балалар қимылмен көрсетеді: ағаш, үй, адам

Тәрбиеші: Мейірімді күн шуағы  бізге тілектес болып тұр.

Үй ішіміз аман болсын, айналамыз гүлдеп,көгеріп,көктесін.

Ал адамдардың достығы әрқашан  берік болсын!

ІІ. Кіріспе бөлім.

Тәрбиеші: Тобымыз: «ҚАРЛЫҒАШ»

 Біз бақшаға барамыз,

Оқып білім аламыз.

Тәрбиешінің айтқанын,

Еске сақтап қаламыз.

Ережені білеміз,

Көшеде еркін жүреміз.

Біздің ұран осындай,

Сіздерге айтып береміз.

Жұмбақ:

Мен көшеден отерде,

Оған мұқият қараймын.

Қоймаған гой бекерге,

Жәрдемшісі ол талайдын.

( бағдаршам)

Тәрбиеші:   Көшеде көліктер, адамдарда көп жүреді. Көшенің екінші бетіне өту  оңай емес, бұған бізге бағдаршам көмектеседі.

ІІІ.  Негізгі бөлім.

Сондықтан да көшеде  жүру ережесін, бағдаршамның түстері нені білдіретінін тағы бір есімізге түсіріп, өздеріңді   қауіп-қатерден  сақтандырғанды жөн көрдік.

Тәрбиеші:  Келесі жұмбақты тыңдаңдар.

Ала таяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған.

Өміріңді ізетпен,

Ысқырығы күзеткен.  (реттеуші)

Тәрбиеші: Ия, балалар, бұл реттеуші.Бағдаршам өшіп қалған жағдайда тәртіпті реттеуші жүргізеді.

Көрініс.  (Бағдаршамның макеті тұрады. Самакатпен ойнап жүгіріп жүрген бала келеді.Реттеуші ысқырығымен ысқырып баланы тоқтатады).

— Міне, өзі де келіп қалды  (полиция киімін киген бала келеді)

Бала ортаға  самакатпен бала жүгіріп шығады.

Реттеуші: Тоқта!!!   Сенің  атың кім?Сен неге жол ережесін бұзып, бағдаршамның жарығына қарамайсын.

Бала:  Менің есімім Аслан.Мен бағдаршамның көздерін ажырата алмаймын.

Реттеуші: Ендеше қанеки, балалар үйретейік Асланға – деп ысқырып жібереді.

2)   Ортаға   балалар шығады, тізіліп тұра қалады.

1 бала.  Бас көшеде қырағы

2 бала.  Үш көзі дәу тұрады

3 бала.  Ашса кезек үш көзін

4 бала.  Айтты дей біл үш сөзін

5 бала.  Тоқта! Сақтан! Жол ашық!

6 бала.  Жүрме жолға таласып

7 бала.  Қызыл көзін ашқанда

Хормен: Сабыр сақта, баспа алға!

8 бала.  Сары көзін ашқанда

Хормен: Қарап қалма аспаңға!

9 бала.  Жасыл көзін ашқанда

Хормен: Жүре бергін сасқанба!

Тәрбиеші: Балалар, «Бағдаршам» ойынын ойнап жіберейікші.

Ойынның шарты: Реттеуші:

Қыз  түсті көрсеткенде – тыныштық сақтайды

Сары  түсті  көрсеткенде – қол соғады

Жасыл  түсті көрсеткенде — балалар орындарында тұрып жүреді

 ТОҚТА! Жол ережесін

Үнемі есіңде сақтап жүр!

ДАЙЫНДАЛ! Жол ережесін білмейтін кішкентайларға ақыл-кеңес бер!

Бұл сеңін міндетін!

ЖҮРЕ БЕР!  Қай  кездеде жолдарың ашық болсын!

Реттеуші: Ал, енді түсіндіңбе  Аслан?

Бала: Иә, рахмет, бағдаршамның көздерін енді ажырататын боламын.

Тәрбиеші:   Көп жағдайда  өздеріңдей кішкентай  балалар жолда жарақат алып,

түрлі жағдайға ұшырап жататыны көлік жүргізушілерінің ғана кінәсі емес,

ол көбінесе балалардың жол жүру ережесін сақтамағандықтан және білмегендіктен болады. Сондықтан да: Жолда жүргенде өте мұқият болайық!

Слайд. «Жол тәртібін жадыңда Ұста!»

(көлік түрлері: әуедегі, судағы, жердегі)

(арнайы  ойын алаңдары)

(жолдан өту ережелері, жол белгілері)

(қауіпсіздік  аялдамасы)

(қоғамдық көлікте өзімізді қалай ұстаймыз),т.б.

Ойын «Ойлан да аяқта»

Шарты: Балалар сойлемді аяқтап айтады.

  1. Автобустың алдыңғы есігінен кіріп, (артқы есіктен шығу керек.)
  2. Жасы үлкен немесе  кішкентай бөпелі адамға (орын беру керек.)
  3. Көлікте айкайлап (сойлеуге немесе  қатты  күлуге  болмайды.)әдепсіздік
  4. Ашық есік немесе терезеден (басын шығарып, қолын созуға болмайды) қауіпті.
  5. Көліктен түскен соң, (көліктің артынан өту керек.)

Бала: Ал кәнеки, біз   үйрендік  жолда жүру тәртібін,

Ережені жақсы білдік, жатқа білдік біз бүгін

Ал айтайық жол белгісі  неше  топтан  тұрады?

Өздеріне қойылатын бұл келесі сұрағым.

Жол белгісі  4 топтан тұрады

Жол белгілерін атап беру.

(балалар бір-бір белгіден алып, ортаға шығып түсіндірмені айтады).

—  Ескерту белгілері, үшбұрышты қызыл бояумен көмкерілген бұл белгілер жол бойында  қауіпті жер бар дегенді білдіреді.

—  Тыйым белгілері, дөңгелек шеңбер түрінде қызыл бояумен беріледі. Ол барлық қозғалысқа тыйым салады.

—  Рұқсат  белгілері, дөңгелек шеңбермен беріліп, көк бояумен көмкерілген. Бұл белгілер көліктің жүретін бағытын, жаяу адамдардың жүруіне болады дегенді білдіреді.

—   көрсеткіш белгілері, көк түске боялған төртбұрыш, ақпарат көрсетіп жол нұсқап тұрады, алда өтетін жаяулар жолы бар, автобус аялдамасы бар дегенді білдіреді.                  

Тәрбиеші: Дұрыс балалар, жарайсындар

Тағыда қосымша «Қызмет көрсету орындарын – «Сілтеу — белгілері» бар екен, бұныда біліп жүріңдер.

Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы! Сендер көгершіннің  хат  тасушы  құс  екенін  білесіндерғой. Көгершін бізге хат алып келіпті, жол полиция басқармасынан ау деймін.

(үрленген  шар ішінде ұшып  хат  келеді)

Дидактиқалық ойын: Не  артық ?  (сөздердің  ішінен жол ережесіне қатысты сөздерді  атау, егер қатысты болса шапалақ соғамыз )     жиһаз, құстар, аспан,  өзен, дүкен  т.б

Бағдаршам – светофор – (ағылшын тілінде — трафик лаит)

Белгі –            знак –         (ағылшын тілінде — син)

Автобус –       ———        (ағылшын тілінде — бас)

Жол –              дорога –     (ағылшын тілінде — роадь)

Машина –       ———        (ағылшын тілінде — ка)

Ұл –                 мальчик –  (ағылшын тілінде — бой)

Қыз –               девочка —   (ағылшын тілінде — гел)

Көше —            улица —        (ағылшын тілінде — стриит

Тәрбиеші: Дұрыс балалар,  көгершіннің  алып  келген  тапсырмасында  орындадық.

ІІІ. Қорытындылау.

Тәрбиеші:

—    Қауіпті  жағдай болмас үшін жолда қалай жүреміз?

—  Бүгінгі тақырыпты  қаншалықты меңгергендеріңді тексерейік.

 

Ойын: Кім  жылдам?

Ойын шарты:   (тәрбиеші  допты балаға лақтырады, бала жауап беріп допты тәрбиешіге кайтарады)

  1. Жолдың машина жүретін бөлігінде ойнауға болмайды. Келе жатқан машинаның алдынан жолды кесе жүгірме.
  2. Жаяу жүргіншілерге арналған жиек жолмен жүреміз. Егер  жиек жол болмаса, жаяу жүргінші жолдың шетімен қозғалысқа қарсы жүруге тиісті. (оң қол жақпен)
  3. Жаяу жүргіншілерге арналған «өткел» жолдан немесе жер асты, әлде жол үсті жолдармен жүру  керек..
  4. Егер жолдан өтуге үлгермесең, орталық сызықта немесе «қауіпсіздік аялдамасында» тоқта да, оңға қарап  өт.
  5. Жолдан өтерде алдымен солға қара, ал бөлгіш жолақтан кейін оңға қара.
  6. Велосипедпенде жүруге арналған жолмен жүр.
  7. Қоғамдық көліктерге арнайы аялдамадан отырамыз.
  8. Жол қиылысында мұқият, Абай бол!
  9. Тоқтап тұрған машинаның қасынан да абайлап өт.

10.Көше тәртібін орындамау көліктің жүріп тұруына кедергі келтіреді.

Тәрбиеші: Балалар жол ережелерін жақсы меңгердіңдер  деп ойлаймын. Жолда жүру ережесін – көше немесе жол заңы деп атайды. Ал заңды бұзуға болмайды!

Қай жерге,

Қай қалаға  барсаңыз да.

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,

Жол жүру ережесі заңды тәртіп,

Ол ортақ ,  үлкен-кіші  баршамызға.

Жолда жүру әліппесін,

Білген жөн бес саусақтай.

Сонда ғана жүре аласын,

Сен өзіңді аман сақтап.

Хормен: Жол тәртібін білейік, аман есен жүрейік!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.