Home » Ашық сабақтар » Аңқау тышқан

Аңқау тышқан

Кабиева Жанар Каиргельдиновна,
 Астана қаласы, №34 «Ақ бидай» балабақшасының музыка жетекшісі

 

 

 

 

 


Саликова Айгуль Ермековна,
Астана қаласы,
№34 «Ақ бидай» балабақшасының ІІ санатты тәрбиешісі

 

 

 

 

 

 

 

2 кіші тобына арналған театрлық қойылым
Жүр:Ерте-ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде
Бір Тышқан өмір сүріпті!
Өзі жалқау болыпты, бұзықылық жасапты

Анасының ол тілін, ешқашанда алмапты

Ұйықтағанды әрқашан, ол қатты жақсы көріпті

Тышқан тәтті ұйқымен кереуетте ұйықтап жатады

Тышқанның анасы шығады, кереуеттің жанында жүріп, баласын оятады.

Анасы: Балам түра ғой, кереуетіңді жинай ғой.
Тышқан:Мен жатамын, мен тұрмаймын, күні бойы мен ұйықтаймын
Анасы:Енді не істесем екен, кім көмек берсе екен?
Жүр: Қонақтар көп келіпті, тышқанды оятыпты!

Үйрек шығады да билейді
Үйрек:Кря кря кря, тұр, балақай, құрт әкелдім, алақай!
Тышқан: Мен жатамын, мен тұрмаймын, күні бойы мен ұйықтаймын
Үйрек:Қандай бұзықылық бала екен(шығып кетеді)
Бақа шығады да билейді
Бақа:Ква ква ква, тұр, балақай, маса әкелдім , алақай!
Тышқан: Мен жатамын, мен тұрмаймын, күні бойы мен ұйықтаймын
Бақа: Қандай бұзықылық бала екен(шығып кетеді)

Жылқы шығады да билейді
Жылқы:
Иго го го, тұр, балақай, жем әкелдім, алақай!
Тышқан:
Мен жатамын, мен тұрмаймын, күні бойы мен ұйықтаймын
Жылқы:
Қандай бұзықылық бала екен (басын ұстап, қозғалтады,шығып кетеді)

Торай шығады да , билейді
Торай: Хрю, хрю, хрю, тұр, балақай, ас әкелдім, алақай!
Тышқан: Мен жатамын, мен тұрмаймын, күні бойы мен ұйықтаймын!

Торай: Қандай бұзықылық бала екен ( иығын көтередідешығып кетеді)

Әтеш кіреді де билейді

Әтеш: Кукареку! Тұр, балақай! Далаға  шығамыз!
Ауа қандай тамаша, жүр, ойын ойнаймыз!
Тышқан:Мен жатамын, мен тұрмаймын, күні бойы мен ұйықтаймын
Әтеш: Қандай бұзықылық бала екен (шығып кетеді)

Мысық шығады да билейді, тышқанды сипайды
Мысық:
  Ұйықта, ұйықта сен, Тышқан!Ән айтайын мен саған!
Сені қуып шаршадым, қатты ашты қарыным! (ерінін жалайды)
Тышқан төсегінен атып тұрады да, мысыққа бармағын көрсетеді:
Тышқан:
Алдай алмайсың сен мені
Анашым, тықшы мені!
Керуетті айналып, жүгіреді, анашының артына тығылып қалады.
Анасы:
Әрине, балам, келе ғой!Мысықтан тығыла ғой!
Тышқан:
Рахмет саған, анашым! Аман қалды балашың!
Анасы:
Балашым! Жалқаулықты сен қойсаң, бұзықылық жасамаса
Әрқашанда сен аман, қаласың ғой мысықтан!
Тышқан:
Достарым! Анамызды тыңдайық!
                   Жақсы бала болайық!
Кейіпкерлер ортаға шығып, би билейді
Достық биі

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.