Home » Мақалалар » Жолда жүру қауіпсіздігі

Жолда жүру қауіпсіздігі

Қазіргі таңда қаламыздың жаяу жүргін жолдарында болып жатқан көлік апатымен орын алатын оқыс оқиғалар адам өліміне тек қана көлік жүргізушісі ғана емес, сонымен қатар көшеде жол қауіпсіздік ережесін сақтамаған жүргіншілерде кінәлі екеніне куә болып жүрміз. Мұндай ережелердің бұзылуы және жаяу жүргін жолақтарында үнемі болатын ереже бұзулардың санын азайту мақсатында «Қауіпсіз жаяу жүргін жолы» жобасын ойластырып, өз ойымызды іске асырдық.

Бұл жобаны мектебіміздің 11 «А» сынып оқушысы Түзелова Айгеріммен бірге зерттей отырып, оның қолдануға жарамды моделін жасап шығардық. Жобаның негізгі мақсаты жаяу жүргін жолдарында болатын адам өмірімен байланысты көлік апаттарының алдын алу және адам өмірінің қауіпсіздігін арттыру.

Жобаның өзектілігі қала көшелеріндегі жаяу жүргін жолдарында орын алатын адам қағу мәселесі осы уақытқа дейін толыққанды шешілмегендіктен сұранысқа мұқтаж деп ойлаймын. Көше бойындағы кейбір жаяу жүргін жолдары:

  • жарықпен қамтамасыз етілмегендіктен;
  • жол бойында өсіп тұрған талдар мен өсімдіктердің кедергі жасауынан, жүргізушінің көру аймағынан адамдардың тыс қалатындығы;
  • жүргізушілердің жылдамдықты асыра жүруінің салдарынан адам өміріне

үлкен қауіп төндіріп келеді. Жыл сайын ҚР заңнамасында көрсетілген жол қозғалысы ережелерінің қауіпсіздік шаралары ескертілсе де, жол апатының саны азаятын емес.

Осы мәселелерді ескере келе біздің ойлап тапқан жобаның сипаттамалары мен құрылғыға қысқаша мінездеме беретін болсақ: құрылғыда қозғалыс сенсорлары (датчик движения) мен дыбыс сенсорлары (звуковой датчик) орнатылған. Адам жаяу жүргін жолына түскен кезде автоматты түрде қозғалыс сенсоры мен дыбыстық сенсоры іске қосылып, адамның жолдан өтер кезде сақ болуын хабарлап отырады. Құрылғының жоғарғы бөлігінде адамның жолдан қауіпсіз өтуіне бағыт беріп тұратын «Жолдан абайлап өтіңіздер», «Будьте осторожны при переходе дороги»-деген жасыл түсті электронды табло іске қосылып, адамға қосымша ескертпе жасап тұрады.

Түнде жаяу жүргін жолдарынан өткен адамға қозғалыс сенсоры көмегімен іске қосылатын шам да, адамның жүретін жолын жарықтандырып тұрады. Жолдан өтер алдында, адамдарға қосымша «оң жаққа назар аударыңыз»-деген шағын электронды табло да ескертпе жасап, іске қосылады.

Аталмыш құрылғы материалдық тұрғыдан өте тиімді болып табылады. Себебі құрылғыны жинауға қажетті заттардың бағасы жоғары емес және таралу масштабы кең. Сондай-ақ, құрылғы тек жаяу жүргінші жолдан өтер сәтте іске қосылады, яғни энергияны артық шығындамайды.

Біздің ұсынып отырған жобамыздың жаяу жүргін жолдарындағы адам өмірінің қауіпсіздігін арттырады деген сенімдеміз.

ЖОЛДАН ӨТЕР АЛДЫН САҚ БОЛЫҢЫЗДАР!!!

Ильясов Бауыржан Әділханұлы

Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебінің физика пәні мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.