Елбасы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында білім беру жүйесіне баса назар аударған. Білім саласындағы қабілеттілікті қарыштату, мұғалімдер жалақысын жақсарту, біліктілікті растау. Бұл саладағы атқарылуы тиіс міндеттерді сатылай тарқатқан Президент осы мақсатта биыл қосымша 67 миллиард теңге бөлу керектігін айтты. Бейнесабақтары мен бейнелекцияларды ғаламтор арқылы қолжетімді ету жайты айтылды. Бұл тәсіл өз кезегінде ауыл мен қала мектептеріндегі білім деңгейін теңестіруге септік етері анық. Білім беру саласындағы салмақты ойлардың бірі оқушыларға берілетін тапсырмаларды азайтуға қатысты, оушылар сарайларының базасында компьютерлер, лабораториялар және 3D принтерлер секілді барлық қажетті инфрақұрылымы бар балалар технопарктері мен бизнес-инкубаторларын құруға қатысты білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен ұстаздар жалақысын көбейтуге көңіл бөліну керектігі айтылды
Бұл орайда Қарағанды облысының білім басқарамасы жолдау жүктеген міндеттерді жіктей отырып орындауды жөн санаған. Ағымдағы шығындарды өтеуге, сонымен қатар, күрделі, оның ішінде жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізуге, материалдық-техникалық базаны нығайтуға, мамандарды дайындауға қажетті шығындардың артуын есепке ала отырып, осы мақсатта облыстың білім беру жүйесін қаржыландыру қайта қаралған. Қазіргі уақытта Ұлытау ауданының Бетбұлақ селосы, Ақтоғай ауданының Сарышаған кенті және Теміртау қаласындағы апатты жағдайдағы мектептердің орнына жаңадан мектеп ғимараттарын салу жүргізілуде. Өткен жылы Қарағанды қаласындағы үш ауысымдық оқу мәселесін шешу үшін «Панель Центр» және 30-шағын аудандарында мектеп құрылысы басталды. Биылғы жылы Жезқазған және Қарағанды қалаларында тағы екі мектеп салу жоспарланып отыр.Өткен жылы 213 білім беру ұйымдарында жалпы сомасы 4,5 млрд. теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Осы жылы осы мақсатқа бюджеттен 5 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінеді.Білім берудің негізгі іргетасы болып табылатын мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мәселесінеде барынша көңіл бөлінуде.Облыста 525 мектепке дейінгі ұйым, оның ішінде 217 балабақша және 308-і шағын орталықтар қызмет етеді. Өткен жыл ішінде мектепке дейінгі мекемелерде 1 жастан 6 жас аралығындағы балаларды 88, 3 пайыз, 3 жастан 6 жас аралығындағы балаларды – 98,5% дейін қамтуға мүмкіндік беріп отырған 3 025 жаңа орын құрылды. Жаңа орындар, негізінен, жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарды ашу есебінен еңгізілді.Қарағанды қаласында жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар желісі қарқынды дамуда. Жалпы, соңғы екі жылда облыс бойынша жеке меншік ұйымдардың саны 21-ден 53-ке өсті.
Өткен жылы сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдікті жою үшін «Мектепке дейінгі ұйымдарға электронды кезек» пилоттық жобасын іске асыру басталған. Осы жылы аталған жобаны еңгізуге барлық қалалық мектепке дейінгі ұйымдар қосылады. 12-жылдыққа көшу аясында 2019 жылдан бастап мектепалды даярлық сыныптарында оқуды мектепте де, балабақшада да өтуге болады. Осыған орай, биылғы оқу жылында облыстың 3 білім беру ұйымы «Әліппе» жаңа оқулығын апробациялау бойынша республикалық пилоттық жоба қатарына енді. Биылғы жылы облыс мектептерінің 80% бес күндік оқу жүйесіне көшті. 1, 2, 5 және 7-сыныптарда критериалды бағалауды еңгізу басталды. Облыстың екі пилоттық мектебінде 3-сыныптың жаңартылған бағдарламаларын және 6, 8-сыныптардың жаңа оқулықтарын апробациялау жалғасуда.Жаңа білім беру сапасына көшуде Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәжірибесін қолдану қарқынды қолға алынған. Осыған орай, өткен жылы облыстың 50 мектебі осы тәжірибені каскадты әдіспен таратуға көшті. Облыста жаңа бағдарлама бойынша курстық дайындықтан мектеп мұғалімдерінің 40%-дан астамы өтті, осы жылдың аяғына дейін олардың үлесі 60%-ға дейін артады.Келесі оқу жылында 14 мектепте 5-сыныптан бастап үш тілде оқытуды енгізу, 5 мектепте ағылшын тілінде оқытатын сыныптарды ашу жоспарланып отыр. Үштілде білім беруге көшу кезіндегі ең маңыздысы – кадрларды даярлау өзекті. Бүгінгі күні пән мұғалімдерінің 45%-ы тілдік курстардан өтті. Бүгінде облыстың барлық мектептерінің цифрлық білім беру ресурстарына, 97%-ы кең жолақты интернет желісіне, 59%-ы сымсыз wi-fi желілеріне қолжетімділік қамтамасыз етілген. Мұғалімдердің жұмыс орнының 62%-ы компьютерлік техникамен жабдықталған. Осы жылдың соңына дейін аталған көрсеткішті 100%-ға жеткізу жоспарланып отыр. Робототехника лабораториялары бар мектептер саны 47-ден – 200-ге артты. Алдағы жылдарда барлық негізгі және орта мектептерде робототехника лабораторияларын ашу міндеті қойылуда. Былтырғы жылдан бері электронды сынып журналына ауысқан мектептер саны 65-тен – 320-ға дейін өсті. 11 колледжде «Электронды сессия» жобасы жүзеге асырылуда. Биылғы жылы «Педагогтардың электрондық аттестациясы» жүйесі іске қосылмақ, бүгінде электрондық еңбек биржасы және 1 сыныпқа электрондық қабылдау бойынша жұмыс басталды. 115 білім ұйымдарында «Инклюзивті балабақша-мектеп -колледж» жобасы жүзеге асырылуда.
Бүгінде «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы бойынша 7 мыңнан астам және нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 700 студент білім алуда. Жолдау жүктеген жетінші міндет Облыстың барлық колледждерінде «IT-технологиялар негіздері» курсы енгізілді. Барлық мемлекеттік және 9 жекеменшік колледждер базасында «Колледж студенттерінің кәсіпкерлік дағдыларын дамыту» жобасы табысты жүзеге асырылуда. 23 бизнес-мектеп ашылған. жылы 33-тен – 40-қа артып отыр.Үштілде білім беру аясында 5 педагогикалық колледжде мамандарды даярлау жүзеге асырылуда, сондай-ақ, 12 колледж базасында «Қызмет көрсету» бейіні бойынша үштілді кадрларды дайындау қолға алынды. Республикалық «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы аясында облыстың білім беру ұйымдарында жаңа оқу жылынан «Облыстың 100 талантты педагогы» және «Облыстың 100 үздік оқушысы» жобалары қосылды. Қарағанды облысындағы білім беру жүйесінің барлық жұмысы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және жүзеге асыруға бағытталған.
Әсел Құсайынқызы,
Қарағанды облысы,
«Білім айнасы».