Home » Эссе » Жеңіс күні

Жеңіс күні

Ұлы Отан соғысы қазақ үшін үлкен сынақ болды. Ұлы Отан соғысы халықтың өмірімен, тағдырымен тығыз байланысты. Бұл оқиғаны жүрегімізден алып тастай алмаймыз. Жеңіске жету әрине оңай болған жоқ. Талай қан мен тер төгілді. Осы соғысқа біреудің жалғыз ұлы, кейбіреуінің әкелері, тіпті қара көз қыздарымыз да жаудан қорықпай тек алға ұмтылды. Жас қыздар мен жігіттер қаһарлы суықтан сескенбеді. Осы соғысқа 1,5 млн дай қазақ қатысты, соңын ішінде аты аңызға айналған қаһарман ˗ Бауыржан Момышұлы. Ұлы Отан соғысы туралы әңгіме айтылғанда есімізге бірден Бауыржан Момышұлы түседі. Оның есімі халықпен бірге жасап келеді. Осындай қиын-қыстау кезеңде жауынгерлерге жігер мен рух беріп, ақыл айтқан да осы Бауыржан атамыз еді. Бауыржан Момышұлы ˗ өте ақылды, мықты батыр болған. Ол елін сүйген, қазақ тілін сүйген ұлтжанды кісі болған.

Қан майданда ерлігімен көзге түскен екі бірдей қазақ қызы бар. Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова өздерінің жалындап тұрған жастарына қарамай елі үшін, жері үшін, жеңіс үшін аянбай еңбек етті. Қара халықтың қамын ойлап, елімізді жау баспасын деп бар күш-жігерін жұмсаған біздің батыр қыздарымыз.

Бұл жеңіске құдіретті күш пен сенімнің, бірліктің арқасында жеттік. Қазір еліміз тыныш, бейбіт заманда өмір сүріп жатырмыз. Осының барлығы батырларымыздың арқасында. Біз ата-бабаларымыздың осындай ерең еңбегі үшін оларды құрметтеп, тағзым етуіміз керек. Қазірде жеңіске 72 жыл болды. Бұл күн біз үшін маңызды, ерекше күн. Біз өзіміздің көптеген батырларымызбен мақтанамыз және оларды мақтан тұтамыз. Ұлан-ғайыр жерді бізге алып бергені үшін және азаттықты сыйлағаны үшін біз ата-бабаларымызға мәңгілік борыштармыз. Біз батырларымыздың қаза тапқан күнінен қанша алшақтасақ, олардың рухына соншалық жақындай түсеміз.

Махан Миражан

Астана қаласы

№ 67 мектеп гимназиясының

11 «А» сынып оқушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.