Білім беру саласы: Денсаулық
ҰОҚ: Дене шынықтыру
Мақсаты:Балалардың көтеріңкі көңіл-күйлерін тудыру. Олардың ептілікке, икемділікке, жылдамдыққа, төзімділікке ұжымдасып жұмыс істеуге тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Денелерінің дұрыс дамуына, бұлшық етінің шымыр болуын дамыту.
Жүргізуші: сәлеметсіздер ме, құрметті тәрбиешілер, балалар және көрермендер! Бүгінгі балабақшамызда Ару қаламыз Астана күніне орай ұйымдастырылып жатқан «Жеңісім саған, Астана!» атты эстафеталық сайысымызға қош келдіңіздер!
Балалар сіздерді спорт алаңына жинаймыз
Бәріңізге спорт және денсаулық мерекесін сыйлаймыз.
Шақырамыз бәріңізді, келіңіздер,
Қызық думан көріңіздер.
Олай болса, сайысымызға қатысқалы отырған командаларды ортаға шақырайық.
Сайысымызды бастамас бұрын сайыс шарттарымен таныс болыңыздар.
Эстафеталық ойындар:1. «Таныстыру»
- «Кім жылдам» эстафетасы
- «Жалаушаны тез жеткіз» эстафетасы
- «Жүйрік ат» эстафетасы
- «Шебер» эстафетасы
- « Жаңа орын» ойыны
- «Таныстыру»
Үш топ өз топтарының атымен ұранын таныстырсын.
Командалар сәлемдеседі:
- Тобымыздың аты: «Жас Ұлан»
Біздің ұранымыз: Намысы бар балапандар қайдасың
Білген дұрыс бұл спорттың пайдасын.
2.Тобымыздың аты: «Жас Қыран»
Біздің ұранымыз: Ұш биікке қалықта,
Қалықтаудан еш уақытта жалықпа.
3.Тобымыздың аты: «Сұңқар»
Біздің ұранымыз: Қиындықтан қашпаймыз,
Алған беттен қайтпаймыз.
Құрметті қатысушы сплортшылар сайысымыздың шартымен таныс болдық,енді әрі қарай сайысымызды бастаймыз.
Жүргізуші: Міне балалар шықты алаңға
Жас спортшылар жеке-жеке команда
Ал, балалар өздеріңді танытыңдар
1.«Кім жылдам»-эстафетасы
Балалар жарты шеңбер доға астынан өту жарысына қатысып, өз ептіліктерін шапшаңдықтарын танытады.
2.«Жалаушаны тез жеткіз» эстафетасы
Шарты: Команда капитандары қолына жалау ұстап ойынды бастауға белгі бергенде ойын алаңына қойылған кегілді айналып өтіп, жалаушаны келесі балаға береді. Өзі команда тізбегінің соңына барып тұрады. Қай команда тез бітсе сол жеңіске жетеді.
3.«Кенгру» эстафетасы
Шарты: балалар секіргіш доппен секіріп, мәрені айналып келу керек. Қай команда бірінші болып ойынды аяқтаса сол команда жеңіске жетеді.
4.«Самакат» эстафетасы
Шарты: Команда капитандары бастап барлық бала самакатты теуіп мәрені айналып келу керек. . Қай команда бірінші болып ойынды аяқтаса сол команда жеңіске жетеді.
5.«Допты алып жүр» ойыны
Шарты: Ойынды бастауға белгі берілгеннен кейін команда капитпны ойын алаңына қойылған кегілені айналып өтіп қолындағы допты жерге соғып, мәрені айналып келу керек. Қай команда бірінші болып ойынды аяқтаса сол команда жеңіске жетеді.
Жүргізуші:
Командалар марапатталады.
1-орын: «ЖасҰлан»командасы
2-орын: «ЖасҚыран» командасы
3-орын: «Сұңқар» командасы
Бүгін міне оң болып әр ісіміз,
Жоғары боп күш жігер намысымыз.
Осылайша қуанышпен думандатып,
Аяқталды халайық жарысымыз.
Сатыбалдыева Альфия Абайқызы
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы,
Даулет селосы
№10 «Ақбота» балабақшасы МКҚК
дене шынықтыру маманы