«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен 2012 жылдан бастау алған республикалық «үздік педагог» конкурсы мақсатты нәтижеге бағытталған. Биылғы 2018 жылдың қорытындысы бойынша «үздік педагог» атағымен 64 жеңімпаз іріктеліп, арнайы төсбелгі, куәлік, сондай-ақ, қаржылай сыйақымен марапатталған болатын. Осы орайда, «Білім айнасы» редакциясы «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атанған Астана қаласы №68 орта мектептің жеңімпаз мұғалімімен тілдесіп қайтты. «Жақсының жақсылығын айт» жобасы бойынша бүгінгі кейіпкеріміз, Сабанбаева Жанар Мұхаметбайқызы, 1974 жылы 22 мамыр айында Шығыс Қазақстан облысы Нұржар ауданы Көктал алакөлінің бойындағы шағын ауылда туып-өскен. Жоғары оқуын Семей қаласы Ш. Құдайбердіұлы атындағы университетте «Тарих және құқық» факультетін үздік дипломмен аяқтап, еңбек жолын Семейдегі орыс-қазақ аралас №12 мектептен бастаған. Бүгінде, Астана қаласы №68 орта мектептің тарих және құқық пәні мұғалімі. Жиырма бес жылдық еңбек өтілімі бар үздік ұстаз, «байқауға қатысуға себеп болған жәйт, біріншіден, өткен жылдың жеңімпаздарын телеарналардан көріп таңқалып қызықтым, және осы арманыма әсерін тигізген №68 орта мектеп директоры Күнімбала Ізтілеуқызының ұсынысы», — дейді. Сабанбаева Жанар Мұхаметбайқызы: « байқауға Республика бойынша мықты-мықты деген педагогтер қатысты. Өзімді мықтымын демеймін, өз маманымды жақсы көретін қарапайым ұстазбын. Ал сайыстың ережелері мен қағидалар жайында айтар болсам, өтте жоғары деңгейде қарастырылып бағаланды. Оның ішінде, ұстаздардың бас құжаты, біліктілігі, өзін-өзі білімін көтеру дәрежесі, оқушыларының жетістіктері, халықаралық, республикалық, қалалық деңгейде олимпиадалар, интелектуалдық сайыстар, ғылыми жоба көрсеткіштері сонымен қатар, өзіміздің де жетістіктеріміз жоғарыда айтылған дейгейлерде қарастырылды. Екінші тарапта соңғы бес жылдағы оқушылырамның жетістігі. Өз басым оқушыларды түрлі сайысқа дайындағанда құр барып бос қайтпаймын, нәтижеге жұмыс жасайтын маманмын. Және де авторлық бағдарлама бойынша мұғалімнің танымдық, қабілеттілік шеберлігіне байланысты шектеусіз тақырыпта қорғау болды т.б». Сұқбат барысында тынымсыз еңбектеніп, маманының жанашыры болып жүрген Жанар Мұхаметбайқызының бірнеше авторлық бағдарламалары сөз етілді. Мысалға, «Алаш» партиясының жүз жылдығына орай «Алаш мұраты – Тәуелсіз Қазақстан» атты 10-11сыныптарға арналған авторлық бағдарлама, сондай-ақ, қазіргі мәселелердің бірі, оқушылардың дарындылығын жетілдіру жайында «Мектептің қайнар көзі – дарындылық» деген авторлық мұғалімдерге арналған нұсқау-әдістеме, XVIII ғасырда Жоңғар шапқыншылығы кезінде аты аталмай қалған батыр «Найман Шөрік батыр» туралы, «Алакөл тарихы» туралы кітабы жарық көрген. Осыдан-ақ, жанына жақын өз мамандығының таңдауынан қателеспей толассыз жетістікке жетуіне себеп болған ата-анасының айтуы бойынша тұрғылықты ауыл тұрмыс-тіршілігінің тарихын зерделеу мен мектеп қабырғасындағы ұстаздары Шөмшекова Гүлғайша Сарқытқызы, Чөжиков Секен Ахметұлы және Битисова Биғасылдың сөздері болашағына бағдар берген.
Мұстафина Жансая Алибекқызы
«Білім айнасы»,
Астана