Home » Жаңалықтар » «Адал ұрпақ-мәңгілік ел болашағы» атты аудандық слеті

«Адал ұрпақ-мәңгілік ел болашағы» атты аудандық слеті

№56  орта мектебінде  10 қазан  2018  жылы Білім беру ұйымдарында құрылған «Адал ұрпақ» еріктілер клубыны «Адал ұрпақ-мәңгілік ел ертеңі» атты аудандық ІІІ слеті өтті.   Форумға аудандық «Нұр-Отан» филиалының төрағасы М.Балқожаев, құқық қорғау қызметкерлері, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен мектеп тәлімгерлері,  «Адал ұрпақ» клубы  мүшелері  қатысты.
Мақсаты: Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын іске асыру, «Қазақстан-2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру.

Форум  барысында  келген  қонақтарға  «Біз  Жас ұлан- Отан-ана өрнегі» акциясы және «Адал ұрпақ» клубы жұмыстары бойынша жасалған шығармашылық көрме ұйымдастырылды. Қатысушылар «АДАЛ ҰРПАҚ» атауына өлеңмен сипаттама берді. «Тәуелсіздік белестері» кітабында : «Егер сіз қайда бет алып бара  жатқаныңызды  білмейтін болсаңыз, онда сізді ол жерге кез келген жол алып баруы мүмкін»,-  деген сөздер бар . Мұның өзі қандай да бір іс-әрекетке кіріспес бұрын  бұл дұрыс бағыт па,  әлде бағдардан ауытқыдық па, оқиғалардан ілгеріге оздық па, әлде шабандап қалып келеміз бе- ұдайы таразылап отыру қажеттігін білдіреді. Мемлекеттік бағдарламадан бастау алған   рухани-адамгершілік және азаматтық патриоттық  тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп  ортасында  қалыптастыру  бағдарламасы негізінде және аудандық білім бөлімімен бекітілген   білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа  қарсы мәдениетті  қалыптастырудағы  тәрбиелік  жұмыстарының іс-шаралар жоспары  негізінде аудан мектептерінде   кешенді жұмыстар жүргізілуде.

Аудан мектептеріндегі  «Адал ұрпақ»  еріктілер клубы мүшелерімен оқушыларды адалдық, әділеттілік, ұлтжандылық сияқты адами қасиеттерге насихаттауға арналған  театрландырылған қойылымдармен қатар, өнер, сурет байқаулары өткізіліп, «Парасатты Азамат» бұрыштары ұйымдастырылды.  Соның бірі оқушыларымен дайындалған «Парасат» қойылымы қойылды.  «Адал ұрпақ» еріктілер қатарына қабылданды.Ант  айту  мектебіміздің үздігі, белсенді   оқушысы Оразбек  Бекзатқа  берілді.

«Адал ұрпақ»  еріктілер қатарын қабылдап, төсбелгі тағу рәсімі  келген қонақтарға берілді. Клуб мүшелігіне қабылданған оқушыларды құттықтады.    Аудандық білім бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі бас инспекторы М.Жандарбекова «Қазақстан- құқықтық мемлекет»  айлығында белсенділік танытқан, клуб жұмысына белсенді қатысқан мектептердің оқушыларын  марапаттады.  Біздің мектебімізден  10 –сынып оқушысы Әшірбай Бекжан, Айтпанбет Ақтолқын, 9-сынып оқушылары: Қалберген Әлішер, Мүтәліп Есдәулет, Жұмаділла Ақерке, Оразбек Бекзаттар марапатталды.М. Жандарбекова сөз соңында мектеп ұжымына   алғыс білдірді.

 

 

Низанбаева Роза
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы,
№56 жалпы орта мектебі, бастауыш сынып мұғалімі

    

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.