Home » Мақалалар » ЖЕМҚОРЛЫҚ  – ҚОҒАМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕСІ

ЖЕМҚОРЛЫҚ  – ҚОҒАМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕСІ

23 ақпанда Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы №7 «Алпамыс» бөбекжай балабақшасында «Жемқорлық – қоғамның өзекті мәселесі» бойынша ата-аналармен жиналыс өткізілді. Қазақстан Республикасының «Жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы 1998 жылы 2 шілдеде қабылданды.

Бұл Заңның мақсаты – ата-аналарға құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгiлейдi. Осы Заң сол сияқты демократиялық негiздердi, мемлекеттi басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенiм нығайтуға, бiлiктi мамандарды мемлекеттiк қызметке кiруге ынталандыруға, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшiн жағдайлар жасауға да бағытталған. Ата-аналарға мемлекеттік құрылымдардың қандай әрекеттері жемқорлыққа жататының түсіндірді және де жалпы мәлімет, анықтама, параның түрлері жайында айтылды. «Қазақстан Республикасы Қылмыс Кодексінің 129-бабы 3-тармағы» ата-аналарға есте сақтауларын  сұрадық. Біздің ата-аналарымыз белсенді қатысты. Сондай-ақ, ата-аналар жиналыста бейне таспалар арқылы мол ақпарат алды.

№7 «Алпамыс» бөбекжай балабақшасының
әдіскері  Мухыш Альбина Алмасовна
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.