Home » Балабақша » Жемқорлыққа қарсы күрес

Жемқорлыққа қарсы күрес

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алған күннен бастап, Қазақстан жүйелі және мақсатты түрде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жүзеге асырып келеді.
Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан 2050- стратегиясында құбылыс ретінде саналатын жемқорлықты жоюды — әлемнің бәсекеге қабілетті 30- елдерінің қатарына кіруі бойынша басты басымдықтарының бірі екендігін айқындады.

Елімізде жемқорлыққа қарсы көптеген іс шаралар жүргізілуде. Осыған орай «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы, арнайы заңдар басшылыққа алынып келеді.

Осы дәл қазіргі заманда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қатты қолға алынып, қадағалануда. Қандай мәселе болмасын, сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ. Ол еліміздің болашағымыздың, дамып өсуіне кері әсерін тигізеді. Қоғамда болып жатқан келеңсіз жағдайларды болдырмау үшін, әр адам өз ісіне толық тиянақты түрде жауап беру керек. Тәрбиеленіп отырған жас ұрпақтан бастап, дұрыс тәрбие беріп, шыншыл, өз Отанын сүйетін патриот болып өсуіне тәрбиешілердің берер үлесі мол.

 

Калдарова М.Б
Алматы қаласы, Жетісу ауданы
№67 балабақша
тәрбиешісі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.