Home » Жаңалықтар » 48-ші түлектер

48-ші түлектер

Ақмола облысы, Астрахан ауданына қарасты Колутон елді мекенінің орта мектебіне биыл 55 жыл толуына орай 48-ші түлегін қияға ұшырды. Бардық, куә болдық. Бүгінгі күнге дейін шағын оқу орнында 30 астам бүлдіршін мектеп алды даярлық тобында, 130-дан астам бала орта білім алған болатын. Міне енді 20 баласын азамат ретінде өз жолдарына аттандырғалы жатыр.

Таңдайлары таңдайына тимей үш тілде тақылдаған шара жүргізушілерін көріп, бүгінгі күнге дайындықтары өте жақсы болғанын байқадық. Марапаттау кезеңі ұзын сонар шексіздікке созылғандай болды. Өйткені аудандық, облыстық, республикалық әр алуан сайыстар мен олимпиядалар жүлдегерлерін марапаттады. Соңғы қоңырауды ардагер ұстаздар өздерінің жүрек жарды ақ тілектерімен аяқтады.

Іс-шара бұнымен біте қоймады, Колутон мектебінің екінші мектебінің іргетасы қаланғанына 55 жыл болған екен (мектеп аталғанына 80 жыл) арнайы атап өту рәсімі өтті. Ән айтылып, күй тартылды. Өмірден өткен ұстаздарды еске алып бір жыласып алып, жұмыс жасап жүрген ұстаздардың жұмысын көрсетіп бір марқайып қалғандай болды. НОБЕЛ сыйлығының иегері 97 жасқа келген Бекмадиұлы Ахат ұстаз «осы сыйлықты алған мен жаңғыз болып қалмайын сіздерде әрекет етіп білім жинап, өздеріңізді дәлелдей біліңіздер» — деп жас ұстаздарды ынталандырып қойды.
«Елу жылда ел жаңа…» Оқу орнының тарихын, жемісі мен жеңілісін толығырақ «Білім айнасы» газетінде жариялайтын боламыз.

Қуантай Амантайұлы
Білім айнасы
Ақмола облысынан

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.