Home » Баяндамалар » Жаңғақ — жан шипасы

Жаңғақ — жан шипасы

Жаңғақ (jyglans) –жаңғақ тұкымдасына жататын кос жарнақты көп жылдык ағаш.Кейбiр мәлiметтер бойынша дүние жүзiнде жаңғақтың қырыққа жуык турi бар. Казакстанда жангактын екi турi кездеседi.Олар:грек жангагы жане кара жангак. Жангактын жабайы турлерi Орталык Азияда, Кытайда, Жапонияда оседi. Жаңғақтың жер бетінде көптеген түрлері таралған.Жеке тоқталатын болсам, Арахис:грек жангагы (волош.Туйе жангагы);Маньчжур жангагы; Физалис жангагы; Жебiршоп жангагы; Безальник жангагы; Талшын жангагы; Кешью жанғағы ; Самырсын жанғағы; Орман жанғағы ; Бадам; Пiсте жане Су жанғағы. Грек жанғағы .Жанғак тукымдас .Биiктiгi 20-30метр.Грек жаңғағы агашының суресi жиhаз дайындауда,жапырағы, дәнiнiн кабығы медицинада , парфюмерияда пайдаланады.Грек жанғагы жемiсiнiң жеуге жарамды бөлiгi-дәнi.Дәнiнiң кұрамында 55-77% май,18-21% белок, 5-6% комiсутегi ,В1 даруменi ,А провитаминi бар.Пiскен дәнiнде 30-85 мг,толыгымен пiспеген дәндерiнде 1500-1200мг,кейде 3000 мг-га дейiн С даруменi болады . Дәнiн тағамда пайдаланса ,жемiсiнен жанғак майы алынады Ағаштың орташа биіктігі—25—30 метрге дейін жетеді.Ен биiк жерi — 50 метр болу мүмкін. Ұшар басының диаметрі 1,5—2 метрлік үлкен шар тәрізді дөңгелектеніп келеді. Бұл жаңғақтың отаны — кейбір авторлардың дерегіне сүйенсек, Кіші Азия, оның ішінде — Иран. Осы жерден ол Грекия Италия және Батыс Еуропа елдеріне таралған. Грек жаңғағын диқаншылықпен айналысатын халықтар жоғары бағалаған. Біздің елге (әсіресе Орта Азия, Күнгей Кавказда көп) бұрын осы жаңғақ тұқымдары Грекиядан әкелінетін де, оның аты содан қалыптасқан Республикамыздағы Піскем және Өгем өзендерінің жағаларында, Дарваз, Гиссар және Қара теңіз (Памир — Алтайда) жоталарының баурайларынан бастап, 900—2000 м биіктікке дейін осы жаңғақтық 2 түрі өседі. Жаңғағының сыртқы түрі — шар тәрізді. Түрі мен диаметрі бір ағаштың өзінде әр түрлі болып өзгеріп отырады. Жаңғақ қабығына байланысты қалың және жұқа болып келеді. Жемісін әбден пісіп толғанда, яғни ыртқы қатты сүректенген қабығы кепкенде жинайды. Осы кезде оның қатты қауыз жапқан ішкі дәні төртке бөлінеді. Жиналған жаңғақ дәндерін ұзақ сақтау үшін, күн көзінде не арнайы кептіргіште кептіреді. Ашық және күңгірт қауызды ядросын (дәнін) 12 сағаттай тұзды суға салып қойса, қауызы оңай алынады, содан кейін дәнді ағынды суға шайып алып, кептіру керек. Ұнтақталған, кесілген және майдалап үгітілген жаңғақтың піскен жемістерін алма, қант қызылшасы және балдыр көкке (сельдерей) қосып, түрлі салат жасайды.Грек жанғактарының iштiң бузылуы кезiнде өте пайдалы болатын жанғақ тұнбасы жасалады .Грек жанғағының белогы бұлшық еттерiнің өсуiне мүмкiндiк туғызады жане кара күш бередi. Грек жаңғағы шамалы тазарту күшiн иеленедi .Оны қант диабетiне шалдыққан адамдар қолдана алады.Жаңғактарды жиi қолданудан журектiң ишемиалык аурумен сырқаттану қаупiн азайтатыны гылыми дәлелденген .Жанғақтардың құрамында қандағы жаман холестериннiң төмендеуiне мумкiндiк тугызатын убихинон антиоксиданты бар. Сондай-ак олар денсаулык ушiн пайдалы қаныкпаған май кышкылдары түрiндегi жаксы белок көзi болып табылады . Оларда сондай-ақ бет терiсiне жағымды әсер ететiн Е,В жане В1 дәрумендерiнiң көп мөлшерi бар.Грек жанғағы жетi сортқа бөлiнедi.Олар iрi жемiстi,өндiрiстiк маңызы жоқ,жұқа қабықты-дәнi майлы,өнiмi аз,салбыраған сырға тәрiздi-өнiмi мол ,бадам сиякты ,кеш гүлдейтiн ,катты кабыкты –дәнi кабығынан өте нашар ажыратылады ,шырышты.Шырышты сорт шырышты сүректермен бағалы,одан көркем ,кұнды бұйымдар жасайды.Грек жанғағы қаназдықта ,әлсiздiкте ,жүрек қан тамырлары жүйесiнiң көптеген ауруларында,бауыр мен өт қабынғанда ,қант диабетiнде,терi ауруында ,темiреткiде ,қан-жел ауруында ,дәрумендер азайғанда.Бұл сырқаттарды емдеуге грек жанғағының дәнiн жеген дұрыс,өйткенi оның құрамында темiр мен басқ да микроэлементтер бар.Грек жанғағының жапырақтарын маусым айында жинап алып күнге кептiредiде қайнатып тұнба жасайды және май алады.Бүйрек ауырғанда грек жанғағынан күніне 4-5 жанғақ жеп тұрған дұрыс.Тiс,баспа,оның қызыл еттерi ауырғанда грек жанғағынын тұнбасымен ауызды шайған дұрыс,оны темiреткiгеде қолдануға болады. Жанғак қосылган күрiш.Майды күйдiрiп қуырып алады,тұз,бұрыш қосып пiсiрiлген күрiшке араластырып,жайлап отқа қояды. Асқазан-ішек ауруларында грек жаңғағы мен жапырағының қайнатпасы шипалы, емдік –диеталық мақсатта грек жаңғағының дінінен, жапырағы, тамыр қамыр қабықтарынан алынған шырын, майы пайдаланылады. Қолқа қабынғанда, өкпе туберкулезінде, іш ауруында, ішек жараларында, бүйрек түбекшесі ауруында жебіршөп жаңғағы, оның сығындысы ем. Тіс оның қызыл иектері ауырғанда грек жаңғағының тұнбасымен ауыз шаяды. Зертханалық жұмыс барысында грек жаңғағының қабығы, жапырағы, қабықшасы, сүрегінен жасалынып шығарылған «иод арағының тұнбасы».Тұнбаға қажетті заттар: 0,5 шөлмек арақ, жаңғақ жапырағы, қабығы, қабықшасы, сүрегі қажет. Дайындау тәсілі: 0,5 шөлмек араққа жаңғақ жапырағын аздап қосып, майда қабықшаларын, сүрегін қосып, қараңғы жерге 1 аптаның көлемінде жарыққа шығармай қойып қою керек. 1 апта өткенде қарасаңыз, түсі қызыл болып өзгереді, яғни жаңғақтың құрамында иод бар.Емдік қасиеті: дененің кез-келген мүшесі сырқырағанда жаңғақ жапырағын жапсырып, сұйықтығынан жағып сылап қойса, денені қатты қыздырып 2-3 күн көлемінде жазылып кетесіз. Ал егер, жай сырқырап мазаңызды алса, суық тиіп, тұмау болып ауырсаңыз, жөтелсеңіз, 1 стакан тұнбаны ішіп алып, сыланып, оранып жатсаңыз ауруыңыздан айығып кетесіз.

Қорытынды

Жаныңды жақсартып, тәнінді сауықтыратын той дастарханында, қонақ шақырғанда жеміс-жидек, тәттілерімен бірге неше түрлі жаңғақтарды да үстел үстіне қоямыз,жанғақ кіп-кішкентай болғанымен, оның емдік қасиеті адамның он екі мүшесіне пайдалы.

Күндердің күнінде Қожанасыр бақшасындағы жанғақ ағашының астында дем алып жатып,аспандағы жаңғаққа ,жердегі асқабаққа ойланып қарапты.»Әй , Құдіретті күшті Алла тағаланың ісіне амалың барма !… Мынандай зәулім ағашқа бармақтай жаңғақ,бір тал шөпке добалдай асқабақ өсіріп қойғанын көрмеймісің? Сол мезгілде ағашты жел қозғап,бір жаңғақ үзіліп кетіп,Қожекеңнің басына түседі. Қожекең жалма-жан бетін құбылаға бұрып:

-Құдіретті күшті жасаған ием! Ісіңді өз білгеніңше жасай бер!

Менің ақылыма ұйып,жаңғақты топыраққа,асқабақты ағашқа жаратсаң біздің халіміз не болар еді?-деп шүкіршілік етіп, Алланың ісіне кіріскеніне кешірім сұраған екен.Алланың берген ден-саулығының арқасында, грек жаңғағын күнделікті өміріңізде пайдаланып, ауырып ем іздегенше,ауырмайтын жолды таңдағандарыңыз дұрыс.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1) Қазақстан әйелдері журналы

2) Жеміс, көкөніс шаруашылығы

3) Ғаламтор (интернет) материялы

4) Өсімдік әлемі

5) Пайдалы кеңес журналы


 

 

 

 

Жолдасбек Бақберген Талғатұлы,
№181 орта мектебінің 10 сынып оқушысы,
Алмалы ауылы,
Шиелі ауданы, Қызылорда облысы,

 

 

 

 

 

 

Жетекшісі: Кулжабаева Гулнар Оналбаевна,
№181 орта мектеп «География» пәнінің мұғалімі, Алмалы ауылы,
Шиелі ауданы, Қызылорда облысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.