Home » Мақалалар » Жаңа ғасыр қалыптастырған ұстаз бейнесі

Жаңа ғасыр қалыптастырған ұстаз бейнесі

Жаңа заман, жаңа қоғам сол қоғамға лайықты жаңашыл ұстаз, жаңа формаға енген оқу бағдарламасы, білімін шыңдаған жаңашыл оқушы бейнесі. Бүгінгі күн тәртібінде тұрған  өзекті мәселе. Мектеп бағдарламаларының өзгеруі жыл өткен сайын оқушы мен мұғалімнің бейнесін қалыптастырып келеді. Түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып өткізілетін сабақ оқушының пәнге деген қызығушылығын  арттырып, уақыт жағынан болсын, тапсырмалардың қамту деңгейі болсын тиімді тәсіл екені анық. Ұстаз болу деген сөз білім мен білікті қатар ұштастыра білу деген сөз. Демек, білім саласына енген қандай да бір өзгешілік ұстаз болам деген жастың талабын ұштап, білім саласындағы білігін шыңдай түсуі керек. Талапшыл ұстаз — қашан да оқушының өтілген тақырып бойынша меңгеру қабілетінің жоғары болуын талап етеді. Яғни, талапты тек оқушыға ғана емес, өз білігіне де қоя біледі.

Бүгінгі күні мектептерде Кембриж оқу орынының оқыту әдіс-тәсілдері пайдаланылып жаңа бағдарлама құрастырылды. Бүгінгі таңда сол бағдарлама барлық мектептерге енгізілді. Сол бағдарлама бойынша оқушылар өздерінің білімдерін бірнеше бағытта жетілдіріп, тереңдетіп оқуда. Ұстаздар оқушының пәнге деген қызығушылығын ояту мақсатында түрлі тәсілдерді пайдаланып, тиімді жолдар арқылы сабақ өткізуде. Ізденіске бейім маман ертеңгі болашаққа нық қадам басатын ұрпақты даярлары қақ. Осындай ізденімпаз ұстаздарды көбейту мақсатында түрлі коучингтер мен семинарлар өткізіліп, ұстаздар арасында өзара тәжірибе алмасу жиі болады. Ұстаздар қауымын түрлі бағытта жаңа бағдарламаны таныстыру мақсатында өкімет тарапынан курстарға шақырып, білімдерін шыңдай түсуде.

Бүгiнде білім алып, толық жетілу үшін елімізде барлық жағдай жасалған. Пpeзидент Нұрcұлтан Нaзарбaевтың кeзектi Жoлдауы да білім саласына елеулі өзгерістер алып келмек. Міне, осылайша мемлекет болып, ел болып жаңа білімді игеретін жаңашыл шәкірт, жаңашыл ұстаз, жаңа білім бағдарламасын бүгінгі білім жүйесіне енгізуде. Бұл бастама қазақтың ұлықты ұрпағын тәрбиелеп, күллі әлемге таныстырар жүйе болатынына сенемін.

 

Балабекова Ж.Т.,

№ 82 ЖББОМ қазақ тілі мен

әдебиеті пәнінің мұғалімі

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.