Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев; «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгінің мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан, жүктелетін жүк ауыр» деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің білгірі болу ғана емес, педагогикалық- психологиялық сауаттылық, жан-жақты тарихи таным, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заманына сай білім беруді жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жүмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары тұлға ретінде ұлағатты саналады.
Еліміз егемендік алып, өзін бүкіл әлемге мойындата бастаған осы кезеңде біздің қоғам дарынды, қабілетті, жан-жақты жетілген адамдарды қажет етеді. Сондықтанда еліміздің білім берудегі ұлттық жүйесі өте қарқынды өзгерістер сатысында тұр. Бүгінгі таңдағы негізгі мақсат- ұлттық құндылықты әлемдік деңгейде шығаруға қабілетті, өзіндік жеке көзқарас қалыптасқан тұлға тәрбиелеу. Ол үшін оқушылардың белсенділігін арттыру, ізденпаздыққа үйрету және білімді өз бетінше алуы мен қолдана білетін дарын иесін тәрбиелеу керек.
Ендеше, бүгінгі біздің алдымызда тұрған келесі міндет- оқудың жаңа технологияларын қолдана отырып, саналы, рухани бай, салауатты, жан-жақты дамыған жеке тұлға даярлау. Қазақтың кемеңгер ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек» деген болатын. Сондықтан да, қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру деңгейіне жетуге ат салысуда, ертеңгі болашағымыздың сапалы білім, сапалы тәрбие алуы-қазіргі қоғамдық ұстаздарға байланысты. Елбасымыздың сындары саясаттың жүзеге асу мақсатында атқарған игі істер жетерлік.
Олай болса, өзімді-өзім танып, үздіксіз ізденіп, тынымсыз еңбектенуім керек деген мақсатпен бүгінде танысып, үйреніп жатқан Кембриждік жоба үлгісіндегі ұстаздар біліктілігін арттыру курсында І-деңгей бойынша Қызылорда қаласында жаңалыққа жаны құмар, жаңашылдыққа ұмтылған мектеп басшысы Әбілбаев Әліби ағай өзі бастап келген Кембридж университет бағдарламасын қазіргі таңда мектебіміздің 1 мұғалімі ІІ- деңгей 6 мұғалім ІІІ- деңгей бойынша білімдерін келеді. «Ине мен құдық қазғандай»қиын да күрделі, орасан қажыр мен қайрат, ерік-жігерді талап ететін бар білгенін әр түрлі тәсілмен қызықты да құнды қылып жеткізу үшін жан-жақты екенін көрсету үстінде. Мектеп басшысы және жанашыр ұстаздар дәл осы жолда, аянбай жаңа технологияны, жаңа идеялар арқылы жан-жақты білім беру үстінде. Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен жас ұрпақтың білімімен өлшенетіндігі әрдайым назарда. Кембридж университетінің жобасы бойынша бағдарламада жеті модуль берілген. Осы жеті модульде қарастырылған идеялар сабақта жекеленген стратегиялар мен тәсілдер өзара байланысты болды. Бұл бағдарламаны оқи отырсаң, оқушымен тікелей жұмыс істеудегі іс-әрекетті үйретеді. Алғашқы күндері бәрімізге беймәлім сияқты көрінген жоба. Күн сайын ұстаздар арасында өзіндік қолдауын тауып келеді. Әріптестер арасына келгенде олар үйренгендерін біздермен ынтымақтастықпен жүзеге асыруға тырысты. Иә, әркімнің санасында өткен күндер бізге не берді, алдағы күндерден не күтемін деген ойлар мазалары сөзсіз. Міне, біз осының барлығына сыни көзқараспен қрауды үйрендік. Біздің басты көңілге түйгеніміз- сабақты оқушының қызығушылығын оятатындай етіп ұйымдастыру. Яғни, сабақ үстінде оқушының рөлін көтеру көзделіп отырады, білімді дайын күйде алмай, өзі ізденіп табуды үйренеді. Мұғалім тек оларға бағыт-бағдар беріп оқыту барысында ұйымдастырылады. Оқушылардың білімді өзі алуына итермелейді.
Біздің мақсатымыз-өзімізде бар бұрынғы педагогикалық құндылықтарымызды жаңамен толықтыра отырып, жаңа белеске көтерілу. Бүгінгі таңда білім беру- өсіп келе жатқан ұрпақтың ақыл-ойы мен дамуының, мәдениетінің деңгейін анықтаушы фактор. Мемлекетіміздің елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай: «Экономиканың қарқынды дамуы үшін қазіргі нарық қатынасы талаптарына жауап бере алаты, сыни ойлана алатын, шығармашыл адамдар қажет». Ұлыларымыздың бірі Ж. Аймауытов «Сабақ беру-үйреншікті жай шеберлік емес, ол-үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер»— деп айтқандай, үйренген жаңалығымызды қолдана білуіміз-ол әр ұстаздың өз еншісі.
Қошқарова Гүлнар Файзқызы,
№ 71 мектеп бастауыш сынып мұғалімі
Арал қаласы