Home » Тұлға » Жаңа оқу жылына – жаңа серпін

Жаңа оқу жылына – жаңа серпін

«Мектебімізде  сапалы білім берумен қатар саналы тәрбие беру бағытындағы  жұмыстарға да басты назар аударудамыз», – деді, Атырау қаласы, Көкарна елді мекенінің  № 32 орта мектеп директоры Самал Сайлауқызы.
Мектебімізде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  2015  жылдың 22 сәуіріндегі № 227 бұйрығымен бекітілген «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін» іске асыру мақсатында  2017-2018  оқу жылына арналған   сегіз бағыттағы тәрбие жұмысы мен сынып сағаттарының жоспарлары жасақталып өткізілді.

Мектептің жаңа оқу жылына арнап жасалған тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасы бойынша жылдық, айлық, апталық жұмыс жоспарлары құрылды.

Негізгі мақсаты: оқушылар бойында өз ісіне деген жауапкершілікті қалыптастыру.

Мектептің тәрбие жоспарын жасақтауда  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағыты бойынша бірқатар жұмыстар ұйымдастырылып отыр.  Атап айтқанда:

      Тәрбие және білім: «Өлкетану», «Отаным – тағдырым», «Саналы азамат».

      Рухани қазына:    «Туған жер – туған ел», Қасиетті Қазақстан,Мәдени даму.

      Атамекен:     «Әлеуметтік бастамалар картасы»,«Жомарт жүрек».

      Ақпарат толқыны:     «Ақпараттық сүйемелдеу»,«100 жаңа есім».

      «Мектепке жол» акциясын өткізу шаралары негізінде Республикалық «Мектепке жол» акциясы 1 тамыз бен 31 қыркүйек аралығында өткізілді.

ИП «Артықбаева»  6 оқушыны, мектеп ұжымы 13 толық емес және аз қамтылған, көп балалы отбасы оқушыларын мектеп формасымен қамтамасыз етті.

Мектеп оқушыларын  Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу мәселері жөнінде. Мектеп оқушылары арасында  «Адал-ұрпақ»  ерікті мектеп клубы құрылып,іс-шаралары бекітілді.Оған жетекші болып педагог-ұйымдастырушы Уразбаева Асем  бекітілді. «Адал-ұрпақ» ерікті мектеп клубы облыстық байқауына қатысты.
Байқаудың мақсаты: Оқушылардың шығармашылығын шыңдап, рухани байыту. Оқушыларымыздың белсене қатысқаны үшін еріктілер клубы «Алғыс хатпен» марапатталды.
Адамгершілікке, адами қасиетке тәрбиелеу,үлкенге құрмет көрсету мақсатында «Қариясын ардақтаған-ел ардақты» тақырыбында қарттар үйіне оқушылармен бірлесіп мерекелік шара өткізілді. Қарттарға сыйлықтар таратылып,  гүл шоқтары ұсынылды.

7 сәуір күні «Өзін-өзі тану» мұғалімі Нурмұханова Гүлнурдың ұйымдастыруымен «Мейірімді жүрекпен» атты қайырымдылық акциясы өткізілді. Акцияға денсаулығына байланысты үйден оқитын төрт оқушы шақырылып, оның екеуі денсаулығына байланысты келе аламай қалды. Мектеп ұжымы оқушыларға   сыйлықтар табыстап, ата-аналары мен оқушылардың ризашылығына бөленді.

Қараша  айында  «Жас ұландар», «Жас қырандар» ұйымының мүшелігіне  жылдық жоспарға сай, Жас ұландар саны -18, Жас қырандар саны-107, жалпы 125 оқушы ант қабылдап, галстук және төсбелгі тағып ресми түрде ұйым қатарына қабылданды. Галстук пен төсбелгіні мектеп басшылары табыстады.

«Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген бағыттарды орындау мақсатында «Жүректен–жүрекке» қоғамдық қоры ұйымдастырған жалпы білім беретін орта мектептер арасында  қалалық     «Ханталапай» зияткерлік сайысы болып өтті. Сайыстың мақсаты: Еліміз үшін өзекті мәселенің бірі-қазақ өркениетін дамыту, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тілін,дінін ұлттық құндылықтар аясында кеңейту.  Сайысқа мектебімізден 10-11 сынып оқушылары, мектеп тәлімгері қатысып  «Алғыс хатпен» марапатталды.

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласына орай өлкеміздің тарихын насихаттау мақсатында «Музейлік квест» интеллектуальды байқауы ұйымдастырылып, мектебімізден тарих пәні мұғалімі Жұмалиева Гүлайым  9 сынып оқушылары Ермекова Зарина мен Абилкасимова Сәнімгүл қатысып, жартылай финалдан «Алғыс хатпен» марапатталып келді.

Атырау облысының құрылғанына 80 жыл толуына орай  2018 жылдың 22-26 қаңтар аралығында «Ардақты өлкем-Атырауым» атты апталықтың іс-шаралар жоспары жасақталып, жоспар бойынша тәрбиелік шаралар өткізілді.

Қазақстан Республикасының мақтанышы –Астана қаласының  20 жылдығын насихаттау мақсатында  9- 13 сәуір аралығында «Астана –Отанымның жүрегі, Тәуелсіздігімнің тірегі» атты апталықтың іс- шараларының жұмыс жоспары бекітіліп өткізілді.

«Қауіпсіз интернет» республикалық  акциясының  өткізілуіне байланысты 1-4 сыныптар аралығында «Интернет дегеніміз не?», 5-6 сыныптар аралығында «Қауіпсіз интернет еліне саяхат», 7 сыныптар аралығында «Пайдалы және қауіпсіз интернет», 8 сыныптар «Қауіпсіз интернет», 9,10,11 сыныптар аралығында «Интернет және біз», «Интернет менің өмірімде» тақырыптарында сынып сағаттары мен дөңгелек үстел, пікірталастар өткізіліп, оқушыларға түсінік жұмыстары жүргізілді.

24 сәуір күні 5-7 сынып оқушыларына мектеп психологтары  К.Шинкеева, Ж.Шуреновалардың ұйымдастыруымен «Интернет: Ия және Жоқ», «Интернеттің алдын алу – оқушылар тәуелділігі» тақырыбында тренинг сабақ, түсінік жұмыстары жүргізіліп, видеороликтер      көрсетілді.

Салауатты  өмір салтын сақтауға тәрбиелеу  шараларын  орындау мақсатында «Саламатты өмір салты жылы» кешенді өңірлік іс-шараларының бірлескен жоспарын іске асыру аясында жалпы халықтың тұрақты түрде физикалық жаттығулар жасауына ықпал ету мақсатында мектебімізде «Денсаулық минуттары» өткізіліп, эстафетаны Т.Амандосов мектебіне тапсырды.
2017-18  оқу жылындағы  сапалы білім мен саналы тәрбиені қалыптастыруда  мектебіміздің  бітіруші  38  түлегінің   3-еуі  «Үздік аттестат» иегері атанды. Бұл біздің мектебіміз үшін үлкен жетістік деп айта аламыз.

Сонымен қатар, мектеп бітіруші түлектеріміз  ҰБТ- ге қатынасып, 78,5 орта балл көрсеткішін корсетті. Бұл  2016-17 оқу жылымен салыстырғанда  +15,5 пайызға өскендігін көрсетеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы Жарлығымен бекітілген Қазақстанда Отбасы күнін мерекелеу шеңберінде 6-14 қыркүйек аралығында өткен «Отбасы –бақыт мекені» атты Республикалық апталықтың жұмыс жоспарына сай мектебімізде  «Ұлағатты Отбасы-ұлт діңгегі» атты  мектепішілік шара өткізіліп, ата-аналар қатынасты.

«Осы іс‑шаралар биылғы жылы да жүйелі жалғасатын болады», ‑ деді мектеп директоры Самал Сайлауқызы, өткен жылғы жұмысқа белгілі бір есеп берген тәрізді. Осылайша өткен жылда істелген қомақты іс‑шаралардың басында болып, оның өтілуі мен нәтижесі басшыға байланысты екендігі өзінен‑өзі түсінікті. «Бұл жұмыстардың негізгі мақсаты – білімді, дені сау, өз өлкесінің тарихын, салт‑дәстүрін білетін, өзінің айналасына бей‑жай қарамайтын, өзіндік ойы бар ұрпақ тәрбиелеу», – деді мектеп басшысы өзімен болған кездесуде.

«Көкарна»  елді мекенінің көшіп‑қонуы көп. Сондықтан,  бұл мектеп қаланың өсіп келе жатқан жағында орналасқандықтан  басқа мектептермен салыстырғанда жүгінің ауырлау екендігін айта кетуіміз керек. Ауылдық жерден келіп қоныстанушы балаларға біліммен қатар тәрбиенің басты назарда болуы бізді қуантады. Сандық қоғамға өту жағдайында балаларға қажетті білімді, қала жағдайындағы өзгерісті бере отырып, оқушыларда білім – білік – дағдыны қалыптастыруға бағытталуы өте маңызды.

Рахметуллаева  А.А.
Атырау қаласының № 32 мектеп,
оқу ісі жөніндегі орынбасары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.