Home » Мақалалар » Жаңа инновациялық қадамдағы білім бастаулары

Жаңа инновациялық қадамдағы білім бастаулары

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» халыққа Жолдауы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, «100 нақты қадам» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 20 мамырдағы бағдарламасында ұлттық білім беру жүйесін құру мәселелері қарастырылады.
«ЖОО білім беру жүйесінің педогогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын бағдарлама» курсы 2-14 сәуір аралығында (MOODLE бағдарламасы бойынша) он-лайн қашықтан оқыту, 16-28 сәуір аралығында күндізгі оқыту тренингтері Алматы қаласындағы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педогогикалық кадрлары біліктілігін  арттыратын Республикалық институты «Өрлеуде» өткізілді.
ЖОО педагогика курстың мақсаты оқытудың заманауи технологиялары саласында және еліміздің жоғары білім жүйесіндегі бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін оқыту мақсатында ЖОО-дағы педагогикалық мамандықтар бойынша оқытушылардың біліктілігін арттыру болды. Оқытудың міндеттері: оқытудағы, ғылыми ізденістегі кәсіби қызметтің жобалау мен модельдеу икемділігін жетілдіру және ақпараттар ағымын игеру машықтары болды. Ал, курстың мақсатына сәйкес төмендегі  іс-шаралар орындалды:

  • Білім берудің инновациялық әдістері мен технологиялары;
  • Интерактивті оқыту, оқытудағы саралау әдісінің теориялық негіздері, Сыни ойлауды дамытудың технологиясы;
  • Оқытудың инновациялық әдістерінің классификациясы;
  • «Құзырлылық» ұғымы. Құзырлы әдіс, оқытудың белгілі нәтижеге бағытталуы;
  • Дивергентті ойлау, «Блум түймедағы»;
  • Жеке тұлғаға бағытталған әдіс негізіндегі педагогикалық технологиялар;
  • ЖОО оқытушысының кәсіби қызметінің әлеуметтік-психологиялық аспектілері;
  • ЖОО білім беру жүйесінің педогогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын бағдарламаның  модулдерін меңгеру.
    Курс барысында E-learning технологиясы, электронды оқу-әдістемелік материалдар құрылды. Оқу процестерін жоспарлау және басқару жүйелерінде қажетті Free QuizMaker, iSpring Free, HyperCam2, FreemakeVideoConverter, Kahoot бағдарламаларымен жұмыс жасалды. Online іс-шараларды ұйымдастыру үшін заманауи технологиялар меңгерілді. Сабақ барысында веб-конференциялар, online-лекциялар, вебинарлармен жұмыс  жасалды.
    Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарына сәйкес электрондық оқытуды (e-learning) енгізу бойынша халықаралық талаптарды негізге ала отырып, педагогтардың біліктілігін арттыру бағдарламасы толықтырылады. Осы бағдарламаның мақсаты педагогтардың біліктілігін арттыру бойынша электрондық оқыту жүйесін ғылыми-әдіснамалық, психологиялық-педагогикалық және әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету болып табылады.

Р.С.  Жақсылықбаева,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың доценті,
ф
илология ғылымдарының кандидаты

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.