Жаңа заман тәрбиешісі – бұл сауатты маман, бағдарламаны және әдістемелік шараларды анықтай алатын білімді адам. Бұл бала және оның ата-анасымен тіл табыса білетін, қиын ситуациядан шыға білетін жақсы психолог. Бұл – бірлесіп еңбек етуге, ұжымдас жолдасына кез келген кезде көмек беруге даяр тұратын маман. Жаңа заман педагогы дегеніміз – үнемі ізденіс үстінде болып, жаңа әдіс-жолдарын пайдалануға құштар және жақсы жетілген педагогикалық тәжірибені өз ісіне енгізе білетін шебер маман. Атақты ұлы педагог Амонашвили: «Тәрбиеші – өзге адамның дамып жетілуін өз жауапкершілігіне алатын кәсіби адам» деп атап өткен. Біз ата-аналармен бірге балаларды тәрбиелей отыра, еліміздің болашағын құрамыз. Әр бала жылылықты, қайырымдылықты, еркелетуді күтеді. Егер бұндай сезім болмаса, егер адам сезімсіз, яғни қатал ортада тәрбиеленсе жас сәби жүрегі сол қатал қайрымсыз болып дамиды.
Жаңа заман тәрбиешісіне берілетін мінездеме, міне, мынадай:
-балаларды сүйеді;
-балаға балабақшада психологиялық қамқорлық жасайды;
-баланың ойнауына, еңбек және білім алуына жағдай туғызады;
-баланың дамып жетілуіне ат салысады;
-өз білімін көтеруімен шұғылданады;
-білімін жетілдіреді.
Ал, ата-аналарға берілген сауалнама қортындысын талдай келе мынаны айтуға болады:
-көп ата-аналар оқу-тәрбие процессін толықтай мойындамайды;
-ата-аналарды балабақшада жүргізілетін сабақ түрлері ойландырады.
Демек, ата-ана баланың жеке дамуы, психикасы, эмоцияналдық көңіл-күйі, балабақша қабырғасында жүргізілетін барлық оқу-процесіне байланысты екенін сезінбейді. Сондықтан, тәрбиеші ата-ана алдына талап қоя білетін, баланы ұйымдастыра алатын, сабақты сауатты жүргізетін жақсы маман екенін дәлелдей түсуі керек. Тәрбиеші, тек балаға белгілі бір дағдыларды қарапайым үйретуші, білім элементтерінен түсінік беруші ғана емес, ол балаларға мейірімді, жүрегі кең, олар қуанса бірге қуанатын, мұңайса, себебін таба білетін білікті маман. Бұның бәрі – ата-анамен жүргізілетін тәрбиелік жұмыстарда: ата-аналар жиналысында, жеке пікір алмасуда, кеңес беруде т.б. байқалып отырады. Әр ата-анаға баласының сабақтағы жетістіктері мен мінезі ғана емес, баланың таңнан кешке дейінгі барлық әрекетін білгуі керек: баласы қандай ойында кім болып ойнайды, құрдастарымен қарым-қатынасы қандай, мінезінде қандай ерешеліктер бар және жеке даму саласындағы жетістіктері мен кемшіліктері т.б жөнінде айтылу керек.
Омарова Гулзира Полатовна,
Көктөбе ауылы
«Ақбота» бөбектер бақшасының
тәрбиешісі,
Май ауданы
Павлодар облысы