Home » Жаңалықтар » Жаңа жылдық шырша

Жаңа жылдық шырша

Жаңа жыл қарсаңында Павлодарда қамқорлықсыз қалған, аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасыларынан шыққан және мектептің қоғамдық өмірінде, оқуда, шығармашылық пен спортта жетістіктерге жетіп жүрген бүлдіршіндер үшін шырша тойы басталды.

Шырша «Астана қаласының 20 жылдығын» арқау етті. Әртүрлі кейіпкерлерді сомдап, мерекелік көңілді кешке қатысқан балдырғандар Астана туралы өлең-жырлар айтып, қалай уақытын қызықты өткізгендерін, ЭКСПО-ға барып, тамашалағандарын ортаға салды.

Шырша шамын жағып, ақ тілегін ақтарған облыс әкімі Болат Бакауов қатысушыларға планшеттер мен тәтті сыйлықтар сыйға тартты.

Л. Теміртасқызы,
Білім айнасы,
Павлодар

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.