Адаева Ляззат Сембаевна,
Ясли сад «Гүлдәурен»
Атырауская область,
Жылыойский район,
Город Кульсары
Әуен залына балалар қол ұстасып кіреді.
Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар, балалар. Жаңа жыл мерекесі құтты болсын. Келе жатқан ит жылы бәрімізге бақыт, шаттық акелсін. «Жаңа жылдық цирк » атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.
Құтты болсын жаңа жыл, барша халық,
Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.
Бәрімізге шынайы тілек тілеп,
Бар әлемге бақытпен жар салайық! — деп балалардың орындауында
«Жаңа жыл » әнін қабыл алыңыздар.
Ортаға тақпақтарымен :
Адина, Ализа, Нұрасыл, Ибрахим, Кәусар Ж, Асет
Адина:
Жаңа жыл –жаңа қадам, жаңа бағыт
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт
Жақсылықтың белгісі, жаңа уақыт
Келіп міне жатырмыз, қауқылдасып.
Ализа :
Бірге соғып бар әлемнің сағаттары
Он екіні күтер, қалмай тағаттары
Ғасырдың он екінші жылы келді
Құстай ұшып, қырау шалған қанаттары
Нұрасыл.
Құтты болсын Жаңа жыл барша қауым
Құтқа орансын кең байтақ дархан елім
Қазақтың пейіліне тарту етсін
Табиғат ашық аспан , таң шапағатын.
Ибрахим:
Аяз ата ойды-қырды
Аралап жүр түгел шолып
Қарсы алғалы жаңа жылды
Онда көптің бірі болып.
Асет:
Аяз келіп қахарлы
Айналаны қар жапты
Ақ тон киіп орман тұр
Дәл атамдай салмақты
Кәусар Ж.
Жаңа жыл, Жаңа жыл
Жаңа жылда жаңа жыл
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр
(Сықырлаған қардың дыбысы естіледі)
Тәрбиеші: ( қардың сылдыры естіледі. Бұл кім болды екен?
(залға белладонна кіріп келеді)
Белладонна: — Балалар менің торайымды көрген жоқсыңдар ма?
(қолына бинокль алып жан-жағына қарайды, бір кезде кілтті көреді,алып қашып кетеді)
Тәрбиеші.Ал қане балалар бәріміз бірге аяз атаны шақырайық.
Бәріміз бірге: Аяз ата, аяз ата ау-ау ууу
(ішке аяз ата кіреді)
Аяз ата:
Амансың ба, ұлдарым,
Амансың ба, қыздарым
Қандай әсем жүздерің
Қандай мөлдір көздерің
Керемет бір ән тыңдап,
Келіп тұр-ау демалғым.
(Балалармен амандасады.) Ой, балаларым адасып сендерге әрең жеттім-ау. Ақшақар:
Ал келіңдер, келіңдер!
Тақпақ айтып беріңдер
Жомарт аяз атадан,
Сыйлық алып көріңдер.
Тәрбиеші:Аяз ата қош келдіңіз.Атамыз алыстан шаршап келді. Балалар аяз атаны би билеп қуантып, өнерімізді көрсетейік. (клоундар кіріп келеді)
(Клоундар келеді)
Клоун кіріп шармен ойнап кіріп кіріп келеді. Салематсыздар ма балалар. Сендер жаңа жылды тойлап жатырсыңдарма? Қане сендер ойын ойнағыларың келе ме? Қане онда күшімізді көрсетейік.
Ойын:Гир көтеру,
Тағы да біздің өнерлеріміз бар, мен достарымды шақырайын ортаға. Қане менің достарым қайдасыңдар. Кел билейік бәріміз.
БИ: КЛОУНДАР
Аяз ата : Өнерлерің жақсы екен балалар.
Аяз атаға арналған тақпақтарымен: Арсен А, Перизат, Расул, Нұрбибі, Смадияр
АрсенА.
Аяз ата келіп тұр
Бізге сәлем беріп тұр
Сақалының ұзыны-ай
Кесіп алсам шіркін-ай
Перизат:
Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жанашыр
Ата-әже, әке-шеше
Құтты болсын Жаңа жыл.
Расул:
Қалып едік сағынып
Күтіп алдық жабылып
Жолын қойдық жарық қып
Шыршаларға шам іліп
Нұрбибі.
Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны
Той-маскарад басталды
Аяз оны басқарды.
Смадияр
Қайда қызық думан болса
Аяз ата сонда болады
Балалармен бірге ойнап
Балалармен бірге қонды.
Тәрбиеші: Аяз ата біздің әліде өнеріміз көп Кәусар қызымыз «Шыршаға бардық » әнін айтқысы келіп тұр.
ӘН: ШЫРШАҒА бардық.
Аяз ата: Өнерлі екенсіңдер балалар. Неге шыршамыз жанбай тұр онда. Барлығымыз бірге:
Қуант бізді таңырқат
Шамдарыңды жарқырат
(Барлығы айқайлайды, шырша шамдары жағылады.)
Тәрбиеші: Бәрекелді балалар! Шыршамыз жарқырап, айналаға қуаныш сыйлауда. Тәрбиеші: Бүгінгі біздің жаңа жыл мерекесіне арнаған тағыда балаларымыздың тақпақтары бар, соған кезек берелік.
Балалардың тақпақтары: Найла І, Айкөркем, Мұхаммедали, Мади, Кәусар, Найла Ж
Найла І.
Жылдың әнін бастайын
Аяз ата кеп қалды
Майысады жас қайың
Көтере алмай көп қарды.
Айкөркем:
Жапалақтап ақша қар
Жауды күнде қайталап
Қырға шықты балалар
Шаңғыларын арқалап
Мұхаммедали:
Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
Мади:
Жасыл желек жамылған
Асыл моншақ тағылған
Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған
Кел балалар келіңдер
Тамашаны көріңдер.
Жолдыбай Найла:
Аяз ата ақшақар
Аяқ таяқты пан ата
Асып өтіп асқар тауды
Жеттің бізге таң ата.
Кәусар Т.
Әдемілеп біз ілген
Ойыншықтар тізілген
Қандай әсем шыршамыз
Ән шырқайық бәріміз.
Шыршаның құрметіне ән айтып, шыршаны айналып өтейік. «Құтты болсын Жаңа жыл » әнін айтайық.
Тауық жылы мен Ит жылы самокатпен айналып, өз сөздерін айтып келеді. Тауық жылы: Мен ескі жылмын сіздерге молшылық, бақыт әкелдім. Мына келер жылға айтар тілегім.
Қуанышты ортамыз сазға ұласқан
Тілегім болсын мәңгі ашық аспан
2018 жыл қадам басқан
Гүлденіп көркейе бер Қазақстаным.
Келесі жыл бастауын итке берем
Ит: Сәлеметсіздер ме, кешіккен жоқпын ба, мен сондай асықтым, сондай жүгірдім, кешігем деп қатты қорықтым, уақытында жеттім бе?.
Ит: Менің балаларым қайда қане біздер өнер көрсетейік.
Би : «Цирк күшіктері»биі
Аяз ата: Балалар бәріңде өнерлі екенсіңдер. Ақшақар қызым балаларға сыйлық берейік.
Би: Буратина биі
Үйшіктің суретін іліп Асель келеді, оның артынан Беладонна да кіреді.
Белладонна: Менің де торайым бар шығар.
Буратина кілтті бұрағанда ашылмайды, ал Беладонна кілтті бұрағанда ол ашылады, бір кезде ішінен бір сыңар байпақты ар жағынан лақтырып жібереді. Буратина кілтті ашып ішінен сыйлық алады.
Аяз ата: Рахмет балалар бір қуантып тастадыңдар, өнерлі екенсіңдер. Өркендерің өссін. Менің сендерге әкелген сыйлықтарымды қазір ақшақар қызым таратып берсін.
Осымен ертеңгілігімізді аяқтай отырып, құттықтау сөз кезегін балабақша меңгерушісі Ләззат Сергейқызына береміз.