Home » Бес сауал » «Жаңа жобаның жаңалығы….»

«Жаңа жобаның жаңалығы….»

«Нұр Отан» партиясы әрқашан ілкімді де игі істерге бастамашыл болып жүретінін халық біледі. Әсіресе жастарды жан-жақты қолдауға бағытталған мүмкіндіктері көп. Осы ретте «Нұр Отан» партиясының саяси Доктринасында көрсетілгендей басты құндылық ол – адам. Елбасының өзі атап өткендей елімізде «қазақстанның дарынды жастарына арналған «әлеуметтік лифт» құрылған….».

Осы орайда, өткен жылдан бастап, партияның бастамасымен үлкен жоба іске асырла бастады. Ол – «Нұр Арман» арнайы партиялық жобасы. Ал жобаның мақсат-міндеттері және оның жастарға берер мүмкіндігі мен пайдасы, нәтижесі қандай болмақ? Осы мақсатта жобаның өңірде іске асырылуы қай деңгейде? Жалпы жоба туралы кім қаншалықты біледі? – деген оймен партияның Жамбыл облыстық филиалының аталмыш жобаны іске асыру туралы Нұр Отан» партиясы, Жамбыл облыстық филиалы, саяси жұмыс бөлімінің консультанты Жанәділ Ағабекұлымен сұхбаттасқан едік.

«Нұр Арман» арнайы партиялық жобасының мақсаты қандай?

Жауап: Жалпы «Нұр Арман» арнайы партиялық жобасының мақсаты – бұл дарынды, талантты жастарға сапалы жоғары білім алуына қол жеткізуге берілетін мүмкіндік. Бір сөзбен айтқанда мектеп бітіруші түлектердің шет елдердегі жоғары оқу орындарында білім алуына көмектесу.

Жоба қай кезден бастап іске асырылуда?

Жауап: Жоба негізінен 2016-жылдан бастап іске асырыла бастады. Жалпы жобаның іске асырылу мерзімі 2025-жылға дейін.

Жобаның шарттары қандай?

Жауап: Жалпы жобаға мектеп және колледж түлектеріның ішінен 21 жасқа дейінгі жастар ғана қатыса алады. Біріншіден мектеп түлектері үшін халықтың әлеуметтік жағынан қорғалмаған топтарынан шыққан, бакалавриат бағдарламасы бойынша шетелдік (Орта Азия мемлекеттерінен басқа) жоғары оқу орындарына өз бетімен түскен жастар оған қатысады.

Оның ішінде: ол жастардың әлеуметтік жағынан жобаның Ережесіне сәйкес жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, бірінші және екінші топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, медициналық қорытындыға сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға тыйым салынбаған мүгедек балалар, асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы алатын толық емес отбасылардан шыққан балалар, ата-анасының екеуі де мүгедек болып табылатын балалар, ата-анасының біреуі мүгедек, ал екіншісі айлық табысы 50 айлық есептік көрсеткіштен жоғары емес мемлекеттік орган болып табылмайтын әлеуметтік саланың бюджеттік ұйымының қызметкері болатын отбасылардан шыққан балалар, ата-анасының орташа айлық табысы соңғы жылда 50 айлық есептік көрсеткіштен аспаған толық емес отбасылардан шыққан балалар, аналары «Күміс алқа», «Алтын алқа» немесе «Батыр ана» атағы бар отбасылардан шыққан балалар, болмаса жан басына шаққанда орташа айлық табысы облыста белгіленген кедейшілік шегінен төмен жеке тұлғаларға (отбасыларына) мемлекет ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың балалары болуы тиіс.

 Жобаға қатысушыларға қойылатын талаптар қандай?

Жауап: Бірінші талап ол әрине елеміздің азаматы болуы тиіс. Одан бөлек жоғарыда аталған халықтың әлеуметтік топтарына яғни санатына сәйкес келуі. Бұдан бөлек мектеп түлектері үшін бакалавриат немесе колледж студенттері «Foundation» бағдарламасы бойынша шетелдік жоғары оқу орнына оқуға түскені туралы шақырту қағазы және соттылығы болмауы тиіс.

 Жоба қалай іске асырылады? Оның кезеңдері қандай?

Жауап: Алдымен жобаның түсіндіру жұмыстары наурыз-мамыр айлары аралығында жүргізіледі. Бұл мерзімде «Нұр Отан» партиясының облыстық, қалалық және аудандық филиалдары, бастауыш партия ұйымдары мен «Жас Отан» Жастар қанатының белсенді мүшелері түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Ал, 1 мамыр мен 10 маусым аралығында осы жобаның Ережесіне сай келетін үміткерлердің құжаттарын қабылдау партия облыстық, қалалық, аудандық филиалдары арқылы жүзеге асырылады. 15 масуымға дейін партия Орталық аппаратындағы комиссияға үміткерлердің құжаттары ұсынылады.

Сонымен қатар, барлық құжаттар тиісті органдар тарапынан тексеріледі. Бұл үміткерлерді іріктеудің бірінші кезеңі. Екінші кезең бұл 1 тамызға дейін жалғасады. Осы кезеңдерден кейін барып, үміткерлердің құжаттары расталған соң, комиссия олардан психологиялық тест қабылдайды және әңгімелесу кезеңін өткізеді. Осы кезеңдерден өткен үміткерлердің ішінен конкурстық комиссия жоба аясында білім грантына ие болатын азаматтарды анықтайды.

 Жобаның Ережесіне сәйкес келетін үміткерлер қандай құжаттар тізбесін тапсыруы қажет?

Жауап: Ең бірінші партия облыстық филиалы төрағасы бірінші орынбасарының ұсыным хаты, комиссия төрағасының атына үміткердің өтініші, жеке басын куәландыратын құжаттың, туу туралы куәліктің, орта білім алуы туралы аттестатының нотариалды расталған көшірмелері, үміткерлерлерге ұсынылған сауалнаманың толтырылуы, эссе-негіздемесі, 0-82/у медициналық анықтамасы, 3х4 фотосуреті (JPG форматындағы), бакалавриат бағдарламасы бойынша оқуға шетелдік университеттің шақыру қағазы, оқу ақысын төлеу есепшоты (инвойс), отбасы құрамы туралы анықтама, ата-анасының жеке басын кәаландыратын құжаттардың нотариалды расталған көшірмесі.

Сонымен қатар, жобаның Ережесіне сәйкес шарттарда көрсетілген санатқа сай келетіні туралы құжаттардың түпнұсқасы талап етіледі.

Ал екінші кезеңде бірінші кезеңнен өткен үміткерлер шетелдік жоғары оқу орнымен жасалған келісім шарттың көшірмесін, сол оқу орнының студенті екенін растайтын анықтама, жоғары оқу орнының жатақханасында тұру ақысын төлегені туралы анықтама немесе тұрғын үйді жалға алу, жол жүру құжаттарының, оның ішінде әуе билеттері (эконом класс), теміржол, автобус билеттерін және медициналық сақтандыру мен консулдық алымға төленген түбіртектерді қажет етеді.

 Жалпы жоба туралы қайдан білуге болады?

Жауап: Жалпы жоба туралы партияның барлық филиалдарынан және www.spm.nurotan.kz сайтынан білуге болады.

2016 жылы облысымыздан жобаға қанша адам қатысты? Олар жеңімпаз бола алды ма? Жоба талаптарына сәйкес келді ме?

Жауап: Былтырғы жылы 4 адам құжат тапсырды. Олардың ішінде Шу ауданы, Шу қаласының тұрғыны Светлана Александровна Афанасьева ғана жобаның талаптарына сәйкес келді. Ол барлық кезеңдерден өтіп, қазіргі таңда Ресей Федерациясы Саратов қаласындағы Н.Г. Чернышевский атындағы Саратов мемлекеттік зерттеу университетінде туризм бағыты бойынша оқуын жалғастыруда. Оның есепшотына оқу және басқа да төлемдері төленді.

Өткен жылы жобаның іске асырылуында қандай қиындықтар болды?

Жауап: 2016-жылы жоба жаңадан басталғандықтан ұйымдастыру жұмыстарында біраз қиындықтар болғаны рас. Оның үстіне көпшілік бұл жобаға онша назар аудармады. Себебі, жобаның түсіндіру жұмыстары жүргізілген жоқ. Оның үстіне жоба өте тығыз уақытта іске асырылды. Жобаға үміткерлерді тек партияның аумақтық филиалдары және білім бөлімдері арқылы іздедік.

Сонымен қатар, жобаның талаптарына сәйкес келетін үміткерлерді іріктеуде құжаттарды жинақтау қиындық туғызды. Себебі, үміткерлердің көпшілігі жобаның шарттарынан бейхабар болды.

  Жобаның түсіндіру жұмыстары биылғы жылы облыста қалай іске асырылуда?

Жауап: Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап дайындық жұмыстары басталды. Қазіргі таңда, барлық аудандар мектеп ұстаздары, ата-аналар және мектеп бітіруші түлектерге арнайы кездесулер өткізіліп, жоба жан-жақты түсіндірілуде. Меркі, Сарысу, Мойынқұм аудандарында бұл түсіндіру жұмыстары жақсы деңгейде жүргізілуде. Енді екінші бағыт бар. Ол әлеуметтік желілер арқылы жұмыс. Бұл жұмысты да «Жас Отан» Жастар қанатымен бірлесіп атқаратын боламыз.

Сұхбаттасқан: Назарова Айгерім Жанназарқызы

«Білім айнасы», Тараз қаласы

Сұхбат берген: Жанәділ Оспанов

«Нұр Отан» партиясы

Жамбыл облыстық филиалы,

саяси жұмыс бөлімінің консультанты

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.