Өркенетті 30 елдің қатарына ену үшін бәсекеге қабілетті білім қажет. «Ырыс ауысады, білім жұғысады» демекші, жаһандану білім беру жүйесін түбегейлі өзгертпек. Мұғалімнің біліктілігін арттыру арқылы жаңартылған білім беру бағдарламасы жүзеге асырылуда. Жаңартылған білім бағдарламасының толық нұсқасын меңгеруді жөн санап, жаңалықтың қыр-сырын білу үшін, Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілінде оқытатын мектептердің бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы атты 27.02.-17.03.2017 ж. аралығында курсқа қатыстым. Курс жетекшісі Самарканова Аяулым Асхатқызы дәріс жүргізді. Ата-бабамыз «Оқу – инемен құдық қазғандай» демекші, жан-жақты, ізденімпаз ұстаз ғана табысты болып, нәтижеге жетеді. Кәсіби тұрғыда жаңа сатыға қадам баса отырып, бағдарламаның идеясын өз тәжірибемде іске асыратын боламын.
Кузьминых Наталья Дмитриевна
Алматы облысы, Жамбыл ауданы,
Үлгілі ауылы, Үлгілі орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі