Home » Жаңалықтар » ЖАҢА БАҒДАРЛАМА – ЖАҢА БАҒЫТ

ЖАҢА БАҒДАРЛАМА – ЖАҢА БАҒЫТ

24 тамыз 2017 жылы Талдықорған қаласының №14 орта мектебінде білім беру қызметкерлерінің Тамыз педагогикалық кеңесінің бастауыш сынып және мектепалды даярлық пән мұғалімдеріне арналған секция отырысы «Білім берудің жаңа философиясы негізінде бастауыш мектеп пәндерінің мазмұнын жаңарту» тақырыбында өтті. Секция отырысында негізгі қарастырылған мәселе – рухани жаңғыру аясында жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша бастауыш сынып мұғалімдері арасында ұтымды диалог құру арқылы тәжірибе тарату болды.

 

Аталған секция отырысының барысында «Өрлеу біліктілікті арттыру Ұлттық Орталығы» Акционерлік Қоғамының филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілін арттыру институты» Басқару және білім сапасы кафедрасының меңгерушісі Туралбаева Алмаш Турганбаевна «Бастауыш білім беру жаңа мазмұны бойынша оқушылармен іс-әрекеттегі зерттеуді ұйымдастыру» тақырыбында мұғалімдермен шеберлік сынып ұйымдастырды. Шеберлік сынып кезінде сабақтарда түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану мүмкіндіктері көрсетіліп, іс-тәжірибеде тиімді оқыту әдіс-тәсілдерін пайдалану туралы сындарлы негізде ізденіс жұмыстары ұсынылды.

Сондай-ақ, Қапшағай қаласы орта мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Исмаилова Айгуль Сейткуловна, Қаратал ауданы Лермонтов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Дюсебаева Алтын Найманхановна,Текелі қаласы №1 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тоқтасынова Индира Аманжоловна және Талғар ауданы, «Дана» жекеменшік мектебінің директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Жүнісбекова Айгүл Абдреимжанқызы шеберлік сыныптар өткізіп, өз іс-тәжірибесімен бөлісті.
Секция жұмысының қорытындысында мұғалімдер өзара пікір алмасып, тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану маңыздылығын және қажеттілігін түсінді.

Байұзакова А.К.
«Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы
«Алматы облысы бойынша педагог
қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты»

Басқару және білім сапасы кафедрасының аға оқытушысы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.