Home » Балабақша » Жаңашыл тәрбиеші

Жаңашыл тәрбиеші

«Тәрбиеші бұл – өзге адамның дамып жетілуін өз жауапкершілігіне алатын кәсіби адам»

Амоношвили.

    Тәрбиеші – жеке тұлғаны қалыптастырушы, тәлім – тәрбие өнегесінің бастаушысы, арманын қанаттандырушы тұлға, әрбір мемлекеттің өсіп өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы тәрбиеші берген тәлім – тәрбие, білім. Сондықтан дамудың көкжиегінен көрінгісі келетін ел білім саласын алға қойып әрдайым жаңашыл, заманауи болуды мақсат ету керек. Қазіргі  уақытта  жаңартылған білім беру мазмұнына көшу барысында әрбір тәрбиеші озық тәжірибені терең талдаудан өткізіп өзіне тиімдісін таңдап іс – тәжірибесін толықтыруы керек деп ойлаймын. ХХ – ғасырдың басында Ж. Аймауытов «Сабақ беру – жәй үйреншікті нәрсе емес, ол – жаңадан жаңаны табатын нәрсе» деген екен.

Жаңашыл тәрбиеші – бұл сауатты маман, бағдарламаны және әдістемелік шараларды анықтай алатын білімді адам. Бұл бала және оның  ата – анасымен тіл табыса білетін, қиын ситуациядан шыға білетін жақсы психолог. Бірлесіп еңбек етуде  ұжымдас жолдасына кез  — келген кезде көмек беруге даяр тұратын маман деп ойлаймын. Тәрбиешінің жұмысы күрделі де қызықты. Кейде жұмыстан соң үйге келгенде қатты шаршағанымды сеземін. Алайда балалармен бірге өткізген күнді талдай отырып, олардың маған деген ықыласын, үміт толы көздерін, тәтті қылықтарын бір сәт еске түсірсем шаршағанымды сәл сәтте – ақ ұмытамын. Балалар әлемінің қызығына бір енсең, одан ешқашан кете алмайсың деп ойлаймын. Бала адамның бауыр еті. Өйткені бала пәк, тап – таза мөлдір бұлақтың бастауы, көзін ашып тұнығына қану үшін қаншама еңбек пен тер төгу керек. Балаларды ана тілінде әдемі сөйлету, олардың ой сезімдерін анық, еркін көркем жеткізе білуге үйрету танымдық қабілеттерін дамыту тәрбиешінің мақсаттарының бірі.

Міне тәрбиешілікте киелі маман иесі. Мен жас балдырғандарға арналған осы уақыттарды өмірдегі ең бір бағалы әрі бақытты кездерім депесептеймін. Тобымда бүлдіршіндеріммен болған әрбір сағатым мені жаңа әлемге енгізгендей болады. Он үш жылдық еңбек жолымда әр таңда өз кішкентай достарымды асыға күтемін, олардың әрқайсысы қандай көңіл —  күймен келетінін ойлаймын. Кішкентай баланың да көкірегі ашық, жүрегі жұмсақ, ол маған сенеді. Бұл үлкен жауапкершілік қазіргі ата – аналар балаларын сәби шағынан музыка, би, шет тілдерін, спорттық үйірмелерге беруге тырысады. Әрине бұл заман талабы. Бірақ ең бастысы – адамгершілік, инабаттылық тәрбиенің бастамасы екенін ұмытпағанымыз жөн.

«Өзгенің бақытын аялаған, өзінің уақытын аямаған» адам ғана тәрбиеші болары сөзсіз. Тәрбиеші болатын адам өзінің мінезін, жүріс тұрысын жөнге салып, балалар іс – әрекетін дұрыс ұйымдастыра білетін, арнаулы білім, білік, іскерлік дағдыны меңгерген, баламен еркін, жақын тарта сөйлесе білетін адам,өзінің көз қарасымен, ым – ишарасымен де өз ойын балаға жеткізіп, тиісті жерде қатал талап қоя алатын, кейде әзілдесіп тиісті жерде көңіл аудара алатын шебер тұлға .

Балалардың да мінез – құлықтары әртүрлі, ерке шолжаң. Қанша тырысқанмен тәрбиеге көнбейтіндері де кездеседі. Осыдан тәрбиешінің алға басуы оның шеберлігіне байланысты екенін жақсы түсіндім.Тәрбиешінің шеберлігі, бұл балалардың ыңғайын табудың жаңа жолдарын іздестіру, оларға ықпал ете білу.Балаларға тәрбиелік білімнің ықпалдылығы олармен көбінде дұрыс қарым – қатынас жасау. Бұл оңай емес басқалармен бірден ортақ тіл тауып, араласу қиын. Менің ойымша тәрбиешінің міндеті – тәрбиеленушілерді қоғамдық өмірде өз бетімен ізденуге дағдыландыру. Өмірге, болашаққа деген сенімдерін бекіту. Халық даналығында «Лашын Құсқа ауа қадірлі, жүйрік атқа дала қадірлі, ата – анаға бала қадірлі» дейді. Баланы өсіріп азамат етіп шығару үшін қаншама шыдамдылық, жауапкершілік, ізденіс, уақыт керек. Сондықтан кішкентай бүлдіршіндерімнің қуанышын, ата – аналардың бақытты жүздерін көру – мен үшін бір ғанибет.

Құсқа ауа қадірлі, жүйрік атқа дала қадірлі, ата – анаға бала қадірлі» дейді. Баланы өсіріп азамат етіп шығару үшін қаншама шыдамдылық, жауапкершілік, ізденіс, уақыт керек. Сондықтан кішкентай бүлдіршіндерімнің қуанышын, ата – аналардың бақытты жүздерін көру – мен үшін бір ғанибет.

Алымханова Сандугаш Кабдилхамитовна
 МКҚК № 92 бөбекжай – балабақшасы тәрбиешісі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.