Home » Балабақша » Жаңашылдыққа жаны құмар балабақша

Жаңашылдыққа жаны құмар балабақша

Технология тілін меңгеру – заман талабы десек, бүгінде 5 жасар бүлдіршіндеріміздің интелектуалдық бағдарлама ойынында заманауи техника мен мектепке даярлықтарын толықтай дәлелдеп берді. Ағымдағы жылдың 22 ақпанында Астана қаласының №56 «Береке» балабақшасында «Ең үздік», «Лучше всех» атты екі тілде интелектуалдық ойын үздіктерді марапаттаумен өтті. Ойын әр түрлі тақырыпта балалардың қалауымен интелектуалдық тақта және өз өнерлерімен өрбіді. Мәселен, бірі есеп-қисап бағытын таңдаса, бірі әлемнің жеті кереметін, Қазақстанның қалаларын, байлықтарын, табиғатын, үй және жыртқыш жануарларды, енді бірі ән мен өлең оқып ерекшеленді. Сонымен қатар, сүйікті істері мен ертегілерін жарыса да зор ықыласпен бөлісті. Балалар осындай түрлі тақырыпта ата-аналар көмегімен дайындалғандарын ортаға салды. Мұндай тың, тамаша өнерлері мен қабілеттерін байқаған №56 «Береке» балабақшасының басшылығы мен тәрбиешілері ұйымдастырған «Ең үздік» атты іс-шараның ерекшелігі де осында. Бұл — Елбасымыздың «Руxани жаңғыру» атты мақаласында көтерілген тақырыптың бірі «жаһандану, жаңғыру» болса, бүлдіршіндеріміздің жастайынан заманауи теxниканы меңгере білуі, әлем шарын назарға алып зерттей бастауы – болашаққа бір қадам. Жаңашылдық, білімді болу қашанда керек-ақ.

Балабақша меңгерушісі Алипбаева Гүлсім Әзімжанқызы: «жалпы бүгінгі іс-шараның мақсаты, «Рухани жаңғыру» бағдарлама аясында жаңартылған, жаңалыққа жаны құмар рухы жаңғырып тұратын, қазақ елінің болашағы мен келешегі өз қолдарымызда деп сезінетін, заманауи талапқа сай бағытталған рухани тұлға тәрбиелеп шығу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Екіншіден, балалардың жеке басының даму ерекшелігіндегі, өзіндік тұлға болып қалыптауындағы балалардың жетістігін айқындау. Қатысушылар мектеп алды қазақ-орыс топтарының тәрбиеленушілері. Тақырыпты балалардың өз еркіне бердік. Себебі, мүмкін осы бүгінгі іс-шара көп балалардың болашағына жол ашар ма екен?! Мүмкін сол таңдаған тақырыптары арқылы бірі математика ғылымына, бірі экология, медицина т.б еліне еңбегі сіңер үлкен тұлға, маман болып қалануына септігі тиер деген ниетім бар. Сондықтан мен бала тәрбиесінің бағбаны болып жүрген ұстазы ретінде бұл іс-шараға аса жауапкершілікпен қараймын. Жалпы, психологиялық тұнғыдан қарағанда өзіндік «мені» қалыптасуына ықпал жасау керекпіз».

Интеллектуалдық ойынды қазақ тілінде балабақша меңгерушісі Алипбаева Гүлсім Әзімжанқызы тізгіндесе, орыс тілінде балабақша әдіскері Мұстафаева Венера Аxметқызы жүргізді. Бұл ойынның тағы бір ерекшелігі осында. Себебі, әрбір ата-ана алдында бүлдіршіндерінің тәтті қылықтары мен сөйлеген сөздері, бойындағы талаптары мен таланттарын тамашалау нағыз бақыт. Ал осы тұста бүлдіршіндерге қолдау болар, болашағын айқындауға дұрыс бағдар беру, жауапкершілікпен назар аудару білімді де білікті мамандардың қолында.

Балабақша әдіскері Мұстафаева Венера Ахметқызы: «Бүгінгі мерекелік іс-шара дәл мен ойлағандай, қалағанымдай көңілімнен шықты. Себебі, жауапкершілігі мол іс-шараның жоғары деңгейде өтуі басшылығымыздың қолдауы мен барлық әріптестеріміз, тәрбиеші қыздарымыздың еңбектерінің арқасы. Бұндай жаңашыл бағыт «интелектуалды ойын» біздің балабақшамызда алғаш рет өтті. Сондықтан да бәріміз бірге қызыға жүріп атсалысып үлкен жауапкершілікпен қарадық. Бұл елбасымыздың «болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жаңашыл инновациялық заманауи технологиямен пайдалана алу әдістерін, жаңа форматты балаларға көрсете отырып, үйретуді – басты мақсат еттік».
Ата-аналар тарапынан да бұл ойынға деген қызығушылық, аса дайындық, балаларымен бірге ізденіс жұмыс жасағандары да еріксіз көзге түсті. Ал біз тамсану мен тамашалап қайттық.

Мұстафина Жансая Алибекқызы,
«Білім айнасы»,
Астана қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.