Болашақ ұрпақты тәрбиелеп, оқыту үшін қазіргі заманға сай ұстаз да талапқа сәйкес болып өзгеріліп алмасып жүру міндетті. Осындай мақсатта 2018 жылдың 13- 19 қазанда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №56 жалпы орта мектебінде мұғалімдерінің «Жаңаша оқытуға – жаңаша көзқарас» тақырыбында мектеп дирекциясының ұйымдастыруымен мектепішілік семинары болып өтті.
Семинардың мақсаты: Оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша қалыптастырушы, жиынтық бағалауды сабақ процесінде пайдаланудың тиімді жолдарын қарастыру, және тәжірибе аламасу мақсытынды ұйымдастырылды.
Күтілетін нәтижелер: Осы бағдарламаның негізгі міндеті – қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибелерін жетілдіру мен бағалауға көмектесу.
Семинардың ашылуында бастауыш сынып мұғалімі Тасжанова Нәзираның ұйымдастырумен «Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша қалыптастырушы, жиынтық бағалауды сабақ процесінде пайдалану жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырып онда өзінің 2016-2017 оқу жылының 1 қыркүйек айынан бастап еліміздің барлық мектептері білім берудің жаңа жүйесіне Қалыптастырушы бағалау кезінде Балл немесе баға қойылмайды, оқушы жұмыстарына талдау жасай аламыз. Оқушының жіберген қателігін дер кезінде түзетуге мүмкіндік береді және мұғалім өз іс- тәжірибесімен бөлісіп кері байланыс Шынашақ (кіші бөбек)– мен бүгін қандай ақпарат не тәжірибе алдым? Аты жоқ саусақ– мен бүгін не істедім және не нәрсеге қол жеткіздім? Ортан терек –менің бүгінгі көңіл-күйім қандай және ол жұмыс барысына қалай әсер етті? Неліктен? Сұқ саусақ (балаң үйрек)– мен бүгін кімге көмек көрсеттім? Ол қандай нәтиже берді? Бас бармақ – Ертеңгі күнге қандай жоспарым бар? Кем кетін түзетуіне және келесі сабаққа өзгерістер енгізуіне болатындығына тоқталды Аталған мектептің ұстаздар ұжымына ашық сабақтар көрсетуі жүктелген. Семинар қатысушыларның назарына жоспарланғандай ашық сабақтар көрсетілді. Бастауыш сынып мұғалімдері: Р. Низанбаева сауат ашу пәнінен « Мектеп ауласына саяхат» «Л л дыбысы мен әрпі» 1-сыныпта Рашитова Э сауат ашу «Мектеп шеберханасына саяхат» «Рр дыбыс мен әрпі» 2-сыныпта З.Ниязбекова Ф.Оңғарсынова «Әже». 3-сыныпта Б.Мырзахмет «Старших надо уважать, малышей не обижать», 6-сыныпқа қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.Елеусізова «Доспамбет «Қоғалы көлдер қом сулар»», тарих пәні мұғалімі Л.Кукеева «Ерте металл дәуіріндегі тайпалардың шаруашылығы», информатика пәні мұғалімі С.Бержанбаева «Вирусқа қарсы қауіпсіздік», география пәні мұғалімі Е.Ерсайынұлы «Координатор бойынша географиялық нысанды қалай табуға болады?», ағылшын тілі пәні мұғалімі Д.Утеева «Horoes» тақырыптарында мұғалімдері жоғары деңгейде сабақтарын паш етті.
Жеке тұлғаның қалыптасуы — үздіксіз күрделі үрдіс. Әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, еркі, өзіндік әрекет жасай алатын қабілеті бар екенін ескеріп, балалар мен жастардың білімге, ғылымға ықыласын арттыру, олардың ақыл- ой қабілетін, жеке бас қасиеттерін дамытып, оны қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу- бүгінгі мектеп алдындағы басты міндеттердің бірі екенің көрсете білді.
Семинарға қатысушылар өз тәжірибелерімен алмасып, талқылады.
Жалпы қорыта келгенде, ұйымдастырған семинар талапқа сәйкес орындалған деген ұстаздар тұжырым жасады. «Ұстаз» – құрметті сөз. Ол – адамдардың өмірге көзқарасын, бір-біріне деген сый, құрмет сезімін қалыптастыратын, білім мен тәрбиенің, адамгершіліктің нұрын төгетін адам. Ұлағатты ұстаздан тәрбие алған адам жақсы қоғамдық қайраткер, ұлы тұлға болып өседі, өмірін дұрыс бағытқа бейімдеп, көркейтеді. Мұны алға тартқан №56 жалпы орта мектебінің ұжымы әрдәйым әрбір оқушының жан-дүниесіне үңіліп, ерік-жігерін жалындата жұмыс істейді. Семинардағы алдымызға қойған мақсатымызға толықтай жеттік. 7 модульді ықпалдастыра отырып құрылған барлық тапсырмалар мен жұмыстар қамтылды. Тапсырмалардың қиындығына қарамастан оқытушылардың қызығушылығы мен ынтасы ерекше жоғары болды. Барлық тапсырмаларды аса белсенділікпен орындап отырды. Жаңа материалды өз беттерімен меңгеріп, жұптасу арқылы білімдерін бекітіп шықты. Яғни ұстаздар өзара жоғары және төмен мәртебелі сұрақтар қою арқылы жетістіктерін анықтап, кемшіліктерін түзетіп отырды. Қосымша тапсырмалар бойынша да, жаңа материалды меңгеру барысында да бағалау стратегияларын пайдаланып отырды.
Низанбаева Роза
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №56жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі