Home » Жаңалықтар » Жаңартылған мазмұндағы оқулықтар талданды

Жаңартылған мазмұндағы оқулықтар талданды

Кеше, Павлодар қаласындағы Катаев атындағы Оқушылар сарайында Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мен «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен облыс педагогтарын оқу бағдарламасымен таныстыру және 3, 6 және 8 сыныптар бойынша жаңартылған мазмұндағы оқулықтарды талқылауға арналған екікүндік республикалық семинары басталды.

Қатысушылар 17 пәндік секцияларға бөлінді. Семинарға 410-нан астам бастауыш сынып мұғалімдері мен пән мұғалімдері, білім беру бөлімдерінің әдіскерлері, мамандары, әдістемелік кабинет меңгерушілері және білім беру ұйымдары басшыларының орынбасарлары қатысты.

Іс-шара барысында «Алматыкітап баспасы» ЖШС, «Атамұра» корпорациясы» ЖШС, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» АБҰ, «Мектеп» ЖШС, «Арман-ПВ» ЖШС, «Жазушы» ЖШС, «Көкжиек-Горизонт» ЖШС, «Бөбек», «CambridgeUniversityPress», «MacmillanPublishers», «OxfordUniversityPress», «MM Publications» баспаларынан басылып шыққан оқулықтар мен оқу құралдарды ұсынылды. Сондай-ақ, бастауыш және негізгі орта білім беретін жаңартылған мазмұндағы пәндер бойынша оқулықтар, оқу бағдарламалары таныстырылды.

Жаңартылған білім беру мазмұнының оқу бағдарламаларының мазмұнды аспектілері, жаңа оқулықтардың мазмұны мен құрылымына концептуалдық әдістер бойынша түсініктемелер берілді.

Айгүл МОЛДАШ,

Білім айнасы,

Павлодар

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.