Home » Жаңалықтар » Жаңартылған білім –іс тәжірибеде!

Жаңартылған білім –іс тәжірибеде!

«Жаңартылған білім беру мазмұны болашақтағы

             сапалы білім кепілі»

                                         Н. Ә. Назарбаев

Облыстық білім басқармасының жылдық жоспарына сәйкес, қалалық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен 2017-жылдың 15-наурыз күні жаңартылған білім мазмұнын іске асыру, жас мамандарға әдістемелік көмек беру, өзара тәжірибе алмасу, жаңартылған білім мазмұны бойынша  курс барысында алған теорияны практикада тиімді қолданудағы кәсіби шығармашылық деңгейлерін арттыру, критериалды бағалауды оқу үрдісінде тиімді қолданудың жолдарын үйрету, өзара тәжірибе алмасу мақсатында №14 әл-Фараби атындағы мектеп-гимназия базасында «Жаңартылған білім-іс тәжірибеде» тақырыбында оқу әдістемелік семинар өтті. Семинарға қалалық білім бөлімінің басшысы Әділ Арысбайұлы Ауелбеков, облыстық білім басқармасының бас маманы Жүнісова Ақмарал Мырзабекқызы, облыстық білім басқармасы жанынан құрылған әдістемелік кабинеттің әдіскері Жайна Жолдасбекова Қожахметқызы, Арыс, Қазығұрт,Түлкібас, Сарығаш, Төлеби, Түркістан, Мақтарал, Шардара, Бәйдібек, Отырар, Ордабасы,Сайрам, Шымкент, Созақ аудандарынан бастауыш сынып әдіскерлері мен 1-ші сынып мұғалімдері, мектеп үйлестірушілері, қаламыздағы мектеп басшылары, оқу ісі жөніндегі орынбасарлар, 1-сынып мұғалімдері қатысты. Семинарда 13 мұғалім өз іс тәжірибелерімен бөлісті. Облыстық білім басқармасының бас маманы А.Жүнісова семинардың мақсат, міндетімен таныстырып, практикалық сабақ көрсететін мұғалімдерге сәттілік тіледі. Жаңартылған бағдарлама бойынша 1-сыныптарда Қалыбаева Жазира — №14 әл-Фараби атындағы мектеп гимназияның бастауыш сынып мұғалімі дүниетану пәнінен «Бәйтерек-өмір ағашы», Байсымақова Қамажай — №14 әл-Фараби атындағы мектеп гимназияның бастауыш сынып мұғалімі сауат ашу пәнінен «Бізді қоршаған әлем», Қонаева Гүлжан — №14 әл-Фараби атындағы мектеп гимназияның бастауыш сынып мұғалімі жаратылыстану пәнінен «Магнит», Сағындықова Райхан — №14 атындағы мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі математика пәнінен «Қосу амалына берілген есептер», Абуталипова Умида – М.Қашғари атындағы мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі «Хикоя, эртак ва афсоналар» сауат ашу пәнінен өзбек сыныбында, Ю.В. Даутова — №22 М.Ауезов атындағы мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі обучение грамоте пәнінен «Почему петухи остались голодными», Есіркепова — №12 Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі көркем еңбек пәнінен «Жемістер мен көкөністердің пішімін зерттейміз», Қ.Жолдасбекова — №24 Т.Рысқұлов атындағы жалпы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі сауат ашу пәнінен «Салт дәстүр және ауыз әдебиеті», Шинтемирова Гаухар — №5Абай атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі «обучение грамоте» пәнінен «Как Алдаркосе поменял шубу», Мұхтарова Дилнара — №3 Қазақстанға 30 жыл атындағы мектеп-гимназияның ағылшын тілі пәнінің мұғалімі «Where is the golden fish?»,

Базарбаева Дариға — №17 Ә.Науаи атындағы жалпы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі жаратылыстану «Электр», Жүнісова Гүлнұр — №4 Ататүрік атындағы мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі сауат ашу пәнінен «Бізді қоршаған әлем», О.Қасымбекова — №23 Ә.Бөкейхан атындағы жалпы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі математика пәнінен «Решение задач на сложение и вычитание»тақырыбында өз іс тәжірибелерімен бөлісті.

Облыстық семинарда «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол!» тақырыбында №23 Ә.Бөкейхан атындағы жалпы орта мектептің оқушыларымен флешмоб өткізілді. Қалалық білім бөлімінің әдіскері Мақұлбекова Айгүл Аманкелдіқызы Кентау қаласы бойынша жаңартылған білімнің жүзеге асырылуы бойынша «Жаңартылған білім — іс тәжірибеде!» тақырыбында баяндама оқыды, №1 Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназияның директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Рая Қасымбекқызы Тоқбалаева және №16 Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицей директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Нуримбетова Гүлжан Жандарбекқызы «Жаңартылған білім мазмұны бойынша критериалды бағалаудың оқу үрдісіндегі орны» тақырыбында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. №12 Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі Серікбева Бақыткүл Валиқызы «Кері байланысты» ұйымдастырды.

Облыстық білім басқармасының бас маманы Жүнісова Ақмарал облыстық семинарды жоғары деңгейде өтті, деп бағалап, сабақ көрсеткен 13 мұғалімді облыстық білім басқармасының мақтау қағазымен марапаттауға ұсынды.

Семинар барысында «Кентау оқушылар үйінің» ұйымдастыруымен және «Саз» мектебінің оркестрімен ән айтылып, би биленіп қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.