Home » Жаңалықтар » Жаңартылған білім беруді іске асыру проблемалары талқыланды

Жаңартылған білім беруді іске асыру проблемалары талқыланды

«Өрлеу»БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша ПҚБАИ ұйымдастыруымен орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдердің педагогикалық шеберліктерін жетілдіру, оқу үдерісін тиімді ұйымдастырудың педагогикалық жағдайларын анықтау және тәжірибеге негіздеуді әдістемелік қолдау көрсету мақсатында «Жаңартылған білім беру мазмұны: ізденіс пен тәжірибе, іске асыру проблемалары» тақырыбында облыстық әдістемелік көшпелі семинар Атырау облысының Махамбет және Индер аудандарында өткізілді.

Семинар жұмысы аясында «Жаңартылған бағдарлама – білім берудің жаңа мазмұны» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Теориялық және тәжірибелік бөлімдерден тұрған семинар жұмысында біліктілікті арттыру курстарының тиімділігі: зерттеулер мен талдаулар туралы айтылып, бастауыш сыныптарда білім беру бағдарламасындағы өзгерістер, көкейтесті мәселелері мен жаңартылған білім беру бағдарламасы және критериалды бағалау жүйесінің маңыздылығы сөз болды.

Семинарда тренингтер мен шеберлік сыныптар өткізіліп, қорытындыланды.

  

Атырау облысы Баспасөз қызметі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.